25
Айбар
сөзінің этимологиясын (төркінін, құрамын) іздестіру –
біздің бұл кітаптағы міндетіміз емес, дегенмен бұл сөз
айға
барабар
(парапар) тіркесінен ықшамдалып жасалуы мүмкін деп топшылауға
болады.
Барабар
сөзі түркі тілдеріне парсы тілінен енген, мағынасы
«тең, бірдей», сонда бұл –
айға барабар>ай барабар> айбар
болып,
әбден кірігіп біріккен сөздердің қатарына
жататын тұлғалардың
бірі болмақ. Түркі тілдерінде тұрақты
тіркестер құрамындағы
компоненттердің әртүрлі жалғаулары түсіріп айтылуы – бар құбылыс
(
айға барабар>ай барабар
). Бірдей
дыбысталатын буындардың
біреуінің түсіп қалуы заңды:
айға барабар>айбара>айбар
.
Қазақ
тілінде
заман ~ замана
деген сияқты сөз соңына
а
дауысты дыбысын
қосып айту дәстүрі
айбар
сөзін
айбара
дегенге айналдырған тәрізді.
Түсініксіздеу тұлғаға
-дай
жұрнағы жалғанған сөздер – қазақ тілінде
жиі кездесетін құбылыс. Осының нәтижесінде
айпарадай
сөзі пайда
болған болар дейміз. Бұл сөздің қайткен күнде де мағынасы ашық:
«ай сияқты жүз, айға тең ақ жүз, айға парапар ақ жүз».
Достарыңызбен бөлісу: