Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет13/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

АЛ ИІНДІК
. ХVІ ғасыр жырауы Доспамбеттің: 
Жазыда көп-ақ жортқан екенбіз
Арғымақтың талдай мойнын талдырып,
Үйде қалған арудың
Ал иіндігін
аудырып, – 
деген өлең жолдары бар. Мұндағы бұл күнде қолданылмайтын 
ал 
иіндік
тіркесі нені білдіреді? Қазіргі де, бұрынғы да қазақ тіліне 
қатысты сөздіктерде тіркелмеген. 
Ел/ал/ елк/еліг 
деген сөздің ерте-
де және өзге түркі тілдерінде «қол» деген мағынаны білдіретін сөз 
екендігі мәлім. 
Ел/ал
 
негізінен «қол» мағынасында оғыз тобындағы 
тілдерге тән. 
Иін/иіндік
сөздері «иық» деп түсіндіріледі. Сірә, 
ал 
иіндік / ел иіндік
тіркесі «иықтан саусаққа дейінгі тұтас қол» деген 
жиынтық атау болса керек. Сонда жырау батыр Доспамбет жары-
ның (аруының) құшақтаған қолын аударып тастап жорықта, дала-
да (жазыда) көп жортқан екенбіз деп тұр, бұл тіркес негізінен ХV-
ХVІ ғасырда жасап өткен ноғайлы-қазақ ақын-жыраулары тілінде 
кездеседі. 
АЛА, АЛАША АТ
. Түркі тілдерінің осы күнгі сөздіктерінде 
ала
сөзінің «ат, жылқы» мағынасы көп көрсетілмейді, өзге де сындық 


28
мағыналарымен қатар, жылқының түсін білдіретіндігі айтылады. 
Қазақ тілінің екі томдық түсіндірме сөздігінде де, қазақша-орысша 
сөздіктерінде де 
ала
дегеннің «ат» мағынасы көрсетілмейді. Тек 10 
томдық түсіндірме сөздіктің I томында 
ала
сөзінің 2-мағынасы көне, 
ол «жылқы ішінде көрнекті, жүйрік ат» деген мағынасын танытады. 
Шынында да, қазақтың эпостық жырлары мен өткен ғасырлардағы 
ақын-жырауларының мұраларында 
ала
сөзі «ат», оның ішінде «аз-
бан» ұғымында жиі кездеседі. Мысалы, «Алпамыс», «Қобыланды» 
жырларында:
Ерлер мінер 
алаға
,
Көңілім толды санаға,.. 
Мінген аты 
ала
еді, 
Қылшық жүнді қара еді... 
Махамбетте:
Міне алмаған 
алаға-ай
...
Ала
сөзі, біздіңше, бұл мысалдарда жалпы «ат» (мейлі «көрнекті, 
жүйрік» болсын) дегенді емес, «азбан» дегенді білдіреді. Кейбір 
түркі тілдері сөздіктері 
алаша
(
ала
) деген сөзді орысша 
мерин
деп 
көрсетеді. Ал орыс тіліндегі 
мерин
сөзі, Ушаков сөздігінің беруіне 
қарағанда, қалмақтың 
мөрін
сөзінен алынған: 
мерин
– ақтатылған 
айғыр (Ушаков, II, 186).
Ала
сөзі түркі тілдерінің қыпшақ тобында 
алаша
вариантында 
жиірек қолданылған. Татар тілінде 
алаша
-деген жолдарды оқимыз. 
Тіпті бұл жердегі 
алғаным
сөзінде тәуелдік мағына жойылып кет-
кенге ұқсайды, сөз осы тұлғада «қосақ, жар, әйелі, күйеуі» дегенге 
меңзейді. 
Алаша аттың басы деп, 
Қалмақты ердің қасы деп, – 
деген жолдарда Тарғын батыр жекпе-жекке шығатын қалмақтың 
«алты құлаш ала аты» алаша ат деп те аталады. Алаша вариан-
ты Түрікменстан қазақтары тілінде түйенің будан тұқымын атауға 
жұмсалады (Диал. сөздік, 24).
Сірә, «азбан» мағынасындағы ала сөзі – халық поэзиясында күшті, 
мықты жылқының символы, өйткені азбан – үйірге түсіп жүрген, 
яғни әбден есейіп, күш жиған еркек малдың ақтатылған кездегісі. 
Оның мықтылығы сондай – ол «ертеңнен шапса, кешке озған, ылди-
дан шапса, төске озған томаға көзді қасқа азбан» болып суреттеледі. 
Сондықтан да батырлардың мінген мықты аты ала (азбан) болады. 
Батыр өзінің күш-қайратын танытқысы келгенде, «жылқы ішінде 
аламын» дейтіні де осыны дәлелдейді. 
Азбан
мен 
ала
сөздері – си-


29
нонимдер, бірақ поэзия тілінде жылқыға қатысты тұстарда жиірек 
қолданылатыны ала варианты болғанға ұқсайды. Өйткені 
азбан
сөзі 
тек жылқыға емес, ақтатылған қошқарға, бұқаға да қатысты айтыла-
ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет