31
берекет жасалған шабуыл» және бір мағынасы «соғыста түскен олжа
(орысша трофей)» (Юдахин, 45). Мұны қазақ тіліндегі «ұрыс-соғыста
түскен олжа» мағынасындағы (кейін жалпы «олжа, пайда, табыс»)
алапа
сөзімен салыстыруға болады.
Қазақтың батырлар жырларында:
Аламанға дем берген...
Ноғай-
лының
аламан,
Махамбетте:
Аламанға жел беріп...
деп келеді. Бұн-
дағы
аламан
– «көпшілік қауым». Бірақ, сірә, жай көпшілік емес,
атқа мінген (демек, шабуылшы болу мүмкіндігі бар) көпшілік болар.
Қазіргі Атырау, Маңғыстау тұрғындары тілінде
аламан
– «сарбаз,
шапқыншы қол» (Омарбеков, 99). Осыған қарағанда,
аламан
сөзінің
о бастағы мағынасы «шапқышпылар» болған болу керек, одан «сар-
баздар, қол, әскер» мағынасына ауысуы оңай.
Және бір қызық жайт,
аламан
сөзі – жинақтау ұғымы бар сөз.
Аламан – жеке сарбаз, жеке шапқыншы емес, олардың жинақы атауы
(сондықтан да өткен ғасырдағы сөздіктерде
аламан
«шапқыншылар
тобы, тонаушы, талаушылар, тобыр» деп көрсетілген (Ильминский,
51).
Аламан
сөзінің төркінін біраз зерттеушілер түркінің
ал- (алу,
алмақ)
етістігінен шығарады:
ал+а+ман.
Бұл сөздің этимологиясы
жайында арнайы пікір айтқан А. Махмұтов
ал ~ ала
тұлғалары чуваш
тілінде «қол» дегенді білдіреді, ал қол сөзінің «әскер» ұғымы қоса
бар, сондықтан
аламан
сөзі
ал ~ ала
қол, әскер/+ман
(адам) деген екі
түбірден құралған күрделі сөз деп топшылайды (Этимол. сөздік, 29).
Біздіңше,
аламан, алаш, алақу (алаулау)
сөздерінің төркіні –
ал
етістігі де емес, «қол» мағынасындағы
ал
сөзі де емес, монғол, қалмақ
тілдеріндегі «1) өлтіру, жанын алу, малды сою, 2) өлім әкелетін,
өлтіретін» деген мағыналардағы
ала/х/
2
сөзі (Монгольс-русск. сл., 28).
Тегі, бұл – түркі тілдеріне монғол тілдерінен енген кірме сөз емес,
түркі-монғол тілдеріне о бастан ортақ сөз болар. Түркі тілдерінде
оның жеке тұрып «өлтіру» мағынасында қолданылуы жойылған да
туынды, тізбекті сөз түбірінде сақталған болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: