46
деген толғау жолдары бар. Түркі тілдерінің салыстырма сөздігінде
автор
аршын
сөзі ноғай тілінде «күміс, күміс әшекей»
дегенді
білдіреді дейді де
төс аршынды бай қызы
деген мысал келтіріп, оны
«омырауы қымбат әшекейге толы» деп аударады. Сырт қарағанда,
бұл түсіндірме нанымды сияқты. Мүмкін, бұл –
ноғайлы-қазақ
заманында қалыптасқан сұлулықтың, сәндіктің,
байлықтың образы
болар, бірақ ертедегі жырларда жылқы жөнінде:
Аршын басты
бурылы
Қабырғадан қанаты...
немесе батыр:
Омырауын аршындап
,
Мінген
атын қамшылап, –
деп суреттеледі. Әрине, соңғы мысалдарда
аршындау
етістігінің
алтын-күміс әшекейге қатысы жоқ сияқты. Сірә, бұл жерде
аршындау
– ұзындық
өлшемі болып саналатын
аршын
сөзіне қатысты деп
түсіндірілуі («құлашын
кеңге салу, екпіндеу») қисынсыз болмас.
Дегенмен бұл да күмәндылау түсінік. Бұл сөз
омырауын аршындау,
тал бойын аршындау
деген тіркестерде сабақты етістік ретінде келіп,
жоғарғы «екпіндеу, арындау» деген мағыналардан алшақтап кетеді.
Сондықтан бұл өте бейнелі (образды) тіркестің мән-мағынасын,
түптөркінін әлі де іздестіре түсу керек сияқты.
АРЫҚ-ТҰРАҚ
АРЫҚ-ТҰРЫҚ
. Жалпы мағынасы түсінікті бұл
қос сөздің екінші сыңары
тұрық/тұрақ
сөзі бұл күнде қазақ тілінде
«арық» мағынасында жеке қолданылмайды. Ал ХІ ғасырдағы түркі
тілдерінің Махмұт Қашқари
құрастырған сөздігінде
туруқ (turug)
сөзі жеке тұрып малға қатысты «арық, көтерем» деген мағынада
жұмсалған:
туруқ ат
– «көтерем ат». Демек, бұл қос сөздің екі сыңары
да – бір мағынадағы сөздер екен. Мұндай бір мағынадағы сөздердің
қос сөз құрамында қатар келуі – тілімізде жиі кездесетін құбылыс.
Түсіндірме сөздіктерде тіркелген
тұрық
сөзі – негізінен
тұрқы
деген
тұлғада жұмсалып, бір нәрсенің, көбінесе адам, жан-жануар сияқты
тірі жан иесінің тік және көлденең қалпындағы көрінісі («Түсіндірме
сөздікте» тек «горизонталь қалпындағы» деп түсіндірілген, бұл
жаңсақтау сияқты). Бүгінгі
қолданыста
тұрықты
,
тұрықсыз
деген
туынды тұлғалары бар. Бірақ бұл «тұрықтардың»
арық-тұрық
-тағы
тұрық
-
қа
қатысы жоқ деп табамыз.
Достарыңызбен бөлісу: