40
Ал соңғы Шалкиіздегі
алқалау
сөзі «қоршау» деген мағынада
қолданылған.
Алқалау
сөзі бұл күнде «айнала қоршау, қамалау» деген
мәнде жұмсалады да оның «жиналу, бас қосу» мағынасы ұмытыла
бастап, ескі нұсқаларда сақталған.
АЛП
. Бұл сөз дәл осылай тұлғаланған (жазылған) түрінде Шалкиіз
өлеңдерінде кездеседі:
Алп, алп, алп
басқан
Арабы торым озіңсің...
Алп, алп
, ал сақын.
Алп
сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы «ауыр, қауіпті,
қорқынышты және маңызды» деп көрсетіледі (ДС, 37). Шалкиіздің
арабы торыны
алп
басқан деп суреттеуі «аяғын ауыр басқан»
дегенді білдіретін сияқты, ал аяқты ауыр басу – маңыздылықтың,
салмақтылықтың белгісі. Екінші жердегі (
алп, алп, ал сақын
дегендегі)
алп
сөзінің мағынасын контекске қарап, «қорқыныш (бар), қауіп
(бар), сондықтан сақтан (сақын)» деп отырған тәрізді. Қайткенде де
бұл – көне тұлға, қазақ тілінде сақталған көне сарқыншақтардың бірі.
Мұндай көне жұқанақтар қазақтың XV-XIX ғасыр ақын-жыраулары
мен ауыз әдебиетінің тілінде аз кездеспейді (мысалы, мұндағы
сақын
дегеннің өзі де көне, бұл сөздің өте ертедегі бір мағынасы «ойлау,
толғау, болжалдау» болса, екінші мағынасы «сақтану» екендігін
білеміз).
Достарыңызбен бөлісу: