45
Қазақтың ертедегі үлгілерінде амандасудың (мүмкін, тілдесудің)
бұл тұлғамен берілуі
арма! (ар ма!)
түрінде келеді және бұл лебізді
көбінесе жасы кіші үлкенге білдіреді. Мысалы, «Қобыланды» жы-
рында жас батыр Қобыланды «қырық күншілік Қазанға»
өзінен
бұрын аттанып кеткендердің ішінде Қосдәулетті қуып жеткенде:
Үлкен едің,
арма
! деп,
Алдында кісі бар ма? Деп, –
тілдеседі. Аққозы, Қарақозы сияқты өзінен үлкендерге де
арма
!
дейді, ал құрдасы Қараманды қуып жеткенде, онымен бұлайша
сәлемдеспейді. Бірақ, сірә,
арма
сөзі жалпы амандасу үшін де айты-
ла берген сияқты. Мысалы, Бекежан Жібек қызға Төлегеннің өлгенін
айтуға
келгенде, сөзін:
Айтамын
айт
дегеннен,
арма
, Жібек,
Ботасы өлген түйедей зарла, Жібек! –
деп бастайды. Ал кейінгі кезеңдерде жазушылар бұл сөзді
аман-
бысың! амансыз ба! амансыңдар ма!
деген сөздердің тепе-тең
баламасы ретінде қарап,
армысың! армысыз! арсыз ба! армысыңдар
!
деген тұлғаларда қолданғандары байқалады. Мысалы, «Жанталас»
романында:
–
Арсыз
ба, Бұхареке!
– Барсыңдар ма, өрендерім! – деген диалогті оқимыз.
Арма
сөзін бұлайша сыртқы тұлғасын құбылтып қолдану не
түсінбестіктің, не тілге жауапсыздау қараған еркіндіктің жемісі бо-
лар. Өйткені о баста бұл сөз – тек
ару ма (ары ма)
деген жеке сөз
бен шылаудың тіркесі түрінде ғана қалыптасқан қолданыс сияқты.
Арығ, ары(у)
сөзінің соңындағы
ығ(ыу)
дыбыстарының түсіп қалуы,
сөйтіп,
арма
болып кірігіп кетуі – заңды құбылыс. Сәлем сөз
арма
!
болса, оған қайырылатын сөз
бар бол
! болуы керек, бұл «бәрекелді,
рақмет!» деген сияқты мәнді беретін болса керек.
Ару (ары)
сөзінің «таза» мағынасы қазақ тіліндегі
арылу
етістігінде де сақталған.
Арылмақ
сөзі қазіргі түрік тілінде екі түрлі
ұқсас мәнде жұмсалады: 1) тазару, таза болу, 2) аурудан сауығу, жазы-
лу (Турец.-русск. сл. 1977, 62). Татар тілінде де
ару
– «таза»,
арулық
– «тазалық»,
аруламақ
– «тазарту». Қазіргі қазақ тілінде
арылу
сөзі
«бір нәрседен құтылу, тазару», одан барып «ақталу» деген ауыспалы
мәнде жұмсалады (ҚТТС, 1974, І, 360).
Достарыңызбен бөлісу: