Қазақ тілі 7- сынып



Дата05.02.2022
өлшемі23,5 Kb.
#18515
түріСабақ

Қазақ тілі 7- сынып
Сабақтың тақырыбы. Сын есім емлесі.
Мақсаты. Сын есімнің түрленуінен алған білімдерін кеңейтіп, сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету,мәтін ішінен тауып, талдауға баулу.
Міндеті: 1.Сын есімнің шырайларын ажырата білуге ,үйрету.
2.Жеке тұлғаның ой-қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың өздігінен жұмысқа баулу, сөйлеу шеберліктерін, тіл байлықтарын дамыту.
3.Топта бірін- бірі сыйлауға, өз ойын еркін жеткізуге ,пәнге қызығушылығын арттыру, туған тілін сүюуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,топтастыру, Б.Б.Ү .Шығармашылық жұмыс.
Сабақтың өту барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа даярлау.
2.Бүгінгі сабақтың құрылымымен таныстыру.
1.Қайталау -оқу анасы.
2.Жаңа сабақ құпиясы.
3.Кітап-досың, ақылшың.
4.Біліміңді байқап көр.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Қызығушылықты ояту. Ой шақыру.
1. « Қайталау -оқу анасы».
Үш қатар түстерді таңдау арқылы тапсырмаларын орындайды.
Тапсырмалар
1.Сын есім дегеніміз не?
2.Сын есімнің шырайы деген не?
3.Салыстырмалы шырай қалай жасалады?
4.Күшейтпелі шырай дегеніміз не?
5.Күшейтпелі шырай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
6.Шырай түрлері қандай сын есімнен жасалады?
2.Мағынаны тану. «Жаңа сабақ құпиясын ашу.»Б.Б.Ү
Сын есім емлесі.
1.Қосарлану, қайталану арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис арқылы жазылады.
Мысалы: жақсы- жаман,ұзынды- қысқалы, балалы-шағалы, үлкен- үлкен, кішкене- кішкене.
2.Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис арқылы жазылады. Мысалы. Жап- жасыл, сұп- сұр, кіп- кішкентай, әп- әдемі. Тек ,ақ, көк сөздері ғана күшейтпелі шырай тұлғасында аппақ, көкпеңбек түрінде біріктіріліп жазылады.
3.Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады. Мысалы: қызыл ала, ұзын бойлы, қара торы,ал қара көк,
4.Күшейткіш үстеу арқылы жасалатын күшейтпелі шырай тұлғалы күрделі сын есімдер,бөлек-бөлек жазылады. Мысалы. Өте әдемі, тым жақсы, нағыз адал.
3. «Кітап- досың, ақылшың».
Жаттығулар мен тапсырмалар жұмысы. Электронды оқулық.
4.Бекіту.Ой толғаныс. Түймедақ (сұрақ -жауап) тест
5.Үйге тапсырма: 77-жаттығу.
6.Сабаққа қатысқан оқушыларды ,топ жетекшілері бағалайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет