Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет12/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

АЙЫЛЫН ЖИМАУ
. «Қамбар батыр» жырынан:
Шынтақтап сен мамықты 
Айылыңды
жимайсың

Аяғыңды көсіліп, – 
деген өлең жолдарын оқимыз. Қазақ тілінде тек болымсыз мәнде ай-
тылатын 
айылын жимады
деген тіркес бар. Сырт қарағаңда, мұндағы 
айыл
сөзі ер-тұрман әбзелінің бірінің аты сияқты. Ал шындығында 
айыл
– монғол тілінде «қорқыныш, үрей» деген мәндегі сөз. Сірә, 
бұл өте көне тіркес болу керек. Мұндағы 
айыл
сөзі бір кезде түркі-
монғол тілдеріне ортақ сөз болып «үрейін жимау», яғни «қорықпау, 


27
жасқанбау» мағынасын беретін тіркес ретінде қалыптасқан бо-
лар. Бұл сияқты құрамында түркі-монғол тілдеріне ортақ сөздер 
сақталып қалған, «еншісі бөлінбеген» сірі тіркестер қазақ тілінде аз 
кездеспейді.
АЙЫП-ШАМЫ ЖОҚ
. Мұндағы 
айып
сөзі түсінікті, ол араб сөзі 
болғанымен, қазақ тіліне өте ертеде еніп, мағынасы тұрақталған, ту-
ынды тұлғалар жасайтын түбір сөзге айналған. 
Шам
түркі тілдеріне 
қытай тілінен енген сөз болу керек деген болжам бар. Көне түркі 
тілдерінде 
шам
сөзі жеке келіп, «дау, талас» дегенді білдірген (ДС, 
137). Бұдан туған 
чамла
- «таласу, дауласу», 
чамлық
«дау-дамай, та-
лас», 
чамсыз
«дау-дамайсыз, талассыз» деген сөздер де бар. Сірә, 
тіліміздегі «ар, ұят, намыс» мағынасындағы 
шам
сөзі және одан 
туындаған 
шамына тию

шамдану, шамкес, шамырқану
сөздерінің 
түп негізі көне түркілерден келе жатқан 
шам
болуы мүмкін. Бұл 
күнде 
шамына тию, шамдану
сөздерінің мағынасы «ар, намыс» 
дегендерге қатысты деп ойлағанымызбен, ар-намысқа тиюдің де 
негізінде «дау-талас туғызу» ұғымы жататынын сеземіз. Әрине, 
шам
сөзін қазақ тіліне қытай тілінен тікелей енген деп танымай, көне түркі 
тілдеріндегі қолданыстан келе жатқан тұлға деп қарау жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет