Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет4/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

СӨЗДЕР СӨЙЛЕЙДІ
АБЖЫЛАНДАЙ ТОЛҒАНУ
. Қазақтың эпостық жырларынан 
абжыландай толғанып
деген сөздерді кездестіреміз. Мысалы, «Қыз 
Жібек» жырында Төлеген мен Қаршығаға Жібектің көшін тапқанға 
дейін кездесетін, бірінен бірі асып түскен сұлу қыздардың біреуі:
Алтынды қамшы қолға алып, 
Абжыландай
толғанып

Бұралып кетіп барады

деп суреттеледі. Немесе «Алпамыс» жырында батырдың қарындасы 
балғын жас Қарлығаш та:
Алтыннан кемер байланып, 
Абжыландай толғанып, –
келе жатады. Бір ғажабы – бұл теңеу-образ сұлу қызды не батырды 
суреттегенде айтылады. Мысалы, жас батыр Алпамыс:
Саймандарын сайланып,
Алтыннан кемер байланып,
Абжыландай толғанып

Қызыл найза қолға алып
Шұбарға қарғып мінеді.
Осы жырдың 1961 жылғы басылымындағы (Алматы, «Ғылым» 
баспасы) ғылыми түсіндірмеде бұл тіркеске: «су жылан сияқты деген 
сөз, ол шапшаңдық пен тездіктің символы» деп анықтама берген.
Абжыландай толғанып
деген теңеуді әдебиеттанушылардың 
көбі шапшаңдықты білдіретін немесе сұлу қыздың жүрісінде тал 
шыбықтай бұралған түрін суреттейтін образ деп таниды. Оған 
жыланның су ішіндегі тез қимылы, ирелеңдеген көрінісі негіз болып 
тұр деп біледі. Бұл – бір жағынан, 
абжылан
дегенді сужылан (
аб
– 
парсыша «су») деп танудан шыққан түсінік. Сөздің бұл этимология-
сын (төркінін) бір кездерде тіл мамандары ұсынған болатын. Тіркестің 
ненің образы үшін қолданылғаны дұрыс көрсетілген, ал образға негіз 
болған нәрсе сужылан деп тану – жаңсақтық. Абжыланды сужылан 
деп ұққаннан кейін сужыланның «жүріс-тұрысын», «кескін-кейпін» 
іздеп, оның «тал бойынан» табылған қасиеттерін сұлу қыз бен батыр 
жігітті суреттейтін образды тіркеске икемдестіреді.
Ең алдымен, 
абжылан
– сужылан ба? Жоқ. Ол жөнінде алғаш 
пікірді А.Махмұтов айты да осы сөздің төркінін жаңаша «төрітті» 
(тудырды). Зерттеуші мұндағы 
аб
бөлігі парсы сөзі емес, кейбір түркі 
тілдеріндегі 
аба

ап
сөзі дейді, якутша: 
аба

ап
– «ащы дәм, суда 
өсетін улы шөптің тамыры» және «сиқыр, арбау, жадылау», алтай-


11
ша: «екі жүзділік» деп келтіреді де, абжылан – «арбайтын, сиқырлы 
жылан», мұның ең бастапқы мәні – «улы жылан» деген этимология 
ұсынады (Этимол. сөздік, 17). Шынында да, якут тіліңдегі «сиқырлау, 
арбау, қызықтыру, магия» деген ұғымды білдіретін 
ап
сөзінің төркіні 
– осы мәндегі монғолдық 
аб, һаб
сөзі.
Егер 
абжылан
дегеннің бірінші сыңары «сиқыр, арбау» мәніндегі 
сөз деп тапсақ, әрине, 
аб
сөзі қазақ тіліне якут тілінен енді деуге 
болмайды. Ол – сірә, ежелгі түркі-монғолға ортақ сөздердің бірі бо-
лар. Бұл жорамалға саятын және бір дәлелді осы тіркестің 
толғану
сөзімен келуінен іздеуге болады. 
Толғану
сөзі қазірде негізінен «ой-
лану, терең ойға бату» деген ұғымда қолданылады. Ал бұл сөздің 
«жиырылу, оралу, бір нәрсені айналу, төңкерілу» деген мағынасы 
бұл күнде қазақ тілінде ұмытылған. Л. Будагов 
толғамақ
(
толғау

сөзінің өткен ғасырдағы қазақ тілінде «бір нәрсені орау, айналды-
ру» мағынасы бар екенін көрсетеді (Будагов, I, 752). Шағатай тілінде 
толғаштырмақ
сөзінің ауыспалы мағынасының бірі «алдап соғу, ал-
дап түсіру» екенін тағы да осы Будагов сөздігі білдіреді.
Толға
етістігінің ертедегі түркі тілдеріндегі бір мағынасы «орау» 
екендігін XI ғасырдағы Махмұт Қашқари сөздігі танытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет