тілдің
«тудырғыш» қызметі
(порождающая функ-
ция языка) деп аталатын қасиетіне байланысты, яғни тіл дамуы өзі
қажет деп тапқан жағдайда белгілі бір тәртіптерді (жүйені) туғызады.
Айталық, екі-үш (кейде одан да көп) бірліктен жасалған тіркеспен
берілетін ұғымды ықшамдап бір сөзбен (таңбамен) беру қажеттігі
даусыз, өйткені ол сөздің атауыштық қызметіне (номинация деген-
ге) сай келеді. Мысалы, сенат, парламент сияқты ресми орындарда
белгілі бір заң жобасын не үкімет ұсынысын оқып танысу немесе
375
оқып танысып талқыға салу дегендей іс-әрекетті
оқылым
деп бір
сөзбен атау, немесе «жазба жұмысқа қажетті деректерді зерттеу»
дегенді бір атаумен
деректану
деп терминдеулер тілдің өзінің «ту-
дырушы» (көп сөзді тіркестің орнына бір сөзді тудыру) қызметіне
қарыздар.
Тілдің жаңа сөз жасайтын өз тәртібінің тағы біреуі –
үнемдеу
заңдылығы.
Екі түбірді «жонып, қырқып», біріктіріп бір сөз етіп
ұсыну – тіл күшін үнемдеудің нәтижесі. Дербес мағыналы түбірлерді
біріктіріп, бір тұлға етіп жұмсау тәсілінің көрнекті жері – орфограм-
мада (сөздердің жазылуында). Сөз тіркесіндегі компоненттерді басқы
дыбыстарынан, басқы буындарынан қысқартып
қысқарған сөз
де-
ген тұлға жасау қазақ тілінде тілдік амал ретінде соңғы онжылдықта
күшіне енді, бұған дейін
АҚШ, СОПК, БҰҰ, КСРО
сияқты бірен-
сараны қолданылып келген болатын. Енді, негізінен, баспасөз тіліне
тән үнемдеу тәсілі ретінде күнделікті газет-журналдар бетінде
қысқарған сөздер жиі көрінеді. Түсініктілік үшін кейде мәтіннің
бір тұсында номинация-тіркестің өзі ашық беріледі де ары қарайғы
баяндау барысында мәтінде қысқартылған таңба (сөз дегеннен гөрі
шартты таңба деуге де болар) қолданылып кетеді. Мысалы,
ЖЗҚ-
ның
табыстылығы (Жинақтаушы зейнетақы қоры),
ЖАҚ
(Жабық
акционерлік қоғам).
Ал көбінесе, өкінішке орай, мүлде бейтаныс, яғни қандай сөздерден
қысқарғаны белгісіз әріп таңбалы «сөздер» де жиі қолданылады.
Мысалы,
Ашғабадта болатын Каспий маңы мемлекеттері басшы-
ларының саммитінде АӨСШК және ШЫҰ шеңберіндегі мемлекет
басшыларының кездесулері кезінде талқыланатын мәселелер де
қарастырылды
деген сөйлемдегі
АӨСШК, ШЫҰ
деген қысқартулар
нені атайтынын екінің бірі бірден айта алмайды. Дегенмен тіркес
сөздерін қысқартып, атау жасап, үнемдеу тәсілін қолдану дағдыға
айналып бара жатқанын бұл күні баспасөз беттерінде жиі көрінетін
(бұрынғы
АҚШ, БҰҰ
дегендерді есептемегенде)
БАҚ
(бұқаралық
ақпарат құралдары),
ААҚ
(ашық акционерлік қоғам),
ҚР
(Қазақстан
Республикасы),
ҒА
(Ғылым академиясы),
ТМД
(Тәуелсіз Мемле-
кеттер Достастығы) сияқты таңба-сөздер ешбір «расшифровкасыз»
қолданыла береді. Демек, тілдің ішкі үнемдеу заңының бұл көрінісі
қазақ тілі тәжірибесінде нық орын ала бастады деуге болады.
Үнемдеудің үшінші түріне суреттеме (аналитикалық) жолмен
(көп сөзбен) берілетін ұғымды бір сөзбен атау үшін бөгде тілдік бір
сөзді пайдаланушылық жатады. Мысалы, орыс тілінде «етті қылып
өсірілетін балапан» деген көп сөзбен білдірілетін ұғымды бір сөзбен
айту үшін
бройлер
деп бөгде тілдік сөзді қолданады, сірә, біз де бір
сөзбен айтуымыз керек болса, осы
бройлер
дегенді қолданатын бо-
376
лармыз, не «етті балапан» деген сияқты тіркеспен білдірерміз, бірақ
соңғы варианттағы үнеміміз шамалы, тіпті жоққа тән болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |