Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған


Қазақ тіл білімінің неология саласы бойынша алда қандай



Pdf көрінісі
бет263/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Қазақ тіл білімінің неология саласы бойынша алда қандай 
міндеттер мен іс-шаралар тұр?
Алдымен, соңғы кезеңдерді (айталық, соңғы 20-30 жылдық 
мерзімді) қамтитын лексикалық жаңалықтар сөздіктерін түзу керек. 
Ол сөздіктер «Бүгінгі сөздер» деп аталуы мүмкін. Олар: 1) Жаңа 
қолданыстар сөздігі, 2) Жаңа сөздер сөздігі, 3) Кірме сөздер сөздігі. 
Алғашқы сөздіктің типі («жаңа қолданыстар») тіркеуші сөздік (фик-
сирующий словарь), ол – нормативтік (нормалаушы) құрал емес, 
яғни мұнда әлі әдеби нормаға енбеген, бірақ тіл қажеттігін өтейді-
ау деп қолданыла бастаған немесе қолдануға ұсынылған жаңа сөздер 
тіркеледі. Сондықтан бұл бірліктердің статусы – әлі әдеби нормадағы 
жаңа сөз емес, жаңа қолданыстар
ғана. Бұлар – уақыт (5-10 жыл-
дай, бұдан не ертерек, не кешірек) сұрыпталатын, біреулері орнығып, 
тұрақталып, енді біреулері қолданыстан шығып қалатын бірліктер 
болмақ. Бұлардың тағы бір қасиеті – жарыспа қатарларының көрініп 
отыратындығында. Мысалы, соңғы 2-3 жыл барысында 
глобали-
зация
дегеннің қазақша 3-4 түрлі жаңа атауы қолданыста болып 
келгені жоғарыда айтылды. Бұл күнде бұлардың біреуі (
жаһандану

сұрыпталып келе жатқан сияқты. Бұндай сөздіктердің алғашқы 
екеуі 
түсіндірме сипатта
, мысалдармен (қолданыс көріністерімен) 
түзілгені жөн. Тіпті аударма нәтижесінде пайда болған сөздердің 
орысша баламасы қоса көрсетіліп отырса, түсініктілеу болады, 
өйткені бұларды күні бүгінге дейін «орысша» (интербірліктер 
ретінде) вариантын қолданып, олардың тұлғасы ғана емес, мағы-
наларын да біліп алған болатынбыз. Ал үшінші типтегі, яғни «
Кірме 
сөздер»
сөздігінің материалы да дұрысында 
«Жаңа сөздер»
сөздігіне 
енуі керек (бөгде тілдік кірме сөздерді де тілдегі жаңалықтар 
деп танылатындығы жоғарыда айтылды). Ал жеке сөздік түзудің 
қажеттігі – мұның түсіндірмелік сипаты (мақсаты, принципі) басым 
болмақ, бұл сөздердің мағынасы қазақ тілінде толық түсіндірілуі ке-
рек. Олардың материалдарын жинақтап, сұрыптап, әдеби нормаға 


409
енгендерінен толық және бір сөздік жасалса. Оны шартты түрде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет