Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет264/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

«Біздің заманымыздың сөздері»
(XX-XXI ғасырлар) деп атауға бо-
лар еді. Бұл сөздіктегі әрбір сөздің грамматикалық көрсеткіші (
зат 
есім, етістік, сын есім, есімше, көсемше
дегендер сияқты), орфоэ-
пиясы (дұрыс айтылу, дыбысталу түрі), мысалдары, тіркестері орын 
алуы керек. Бұл сөздіктің тек түсіндірмелік емес, танымдық сипаты 
да көзделуі керек. Тілдік жаңалықтардың тіркес арқылы жасалған 
құрама бірліктердің де сөздігін
түзу өте қажет. Алдымен, бұлар 
да – неологиялық қазына және сан жағынан айтарлықтай мол. Бір 
ерекшелігі – құрама (аналитикалық) жаңа бірліктерді бірден тауып-
тану қиындау, олардың жаңалық сипатын тану үшін олар атайтын 
зат, ұғым, құбылыстардың жаңалығына назар аудару керек. Зерт-
теп отырған кезеңге дейінгі қолданылған-қолданылмағанын мұқият 
іздестіру керек. Аналитикалық тәсілмен жасалған жаңа бірліктер 
тек зат атауын емес (яғни зат есім ғана емес), қимыл, іс-әрекет ата-
уы да болуы мүмкін, сындық бағалауыштық (сын есім, үстеу) сипат-
ты болуы да мүмкін. Бұл категорияның өзі жақсы зерттелген, таныс 
болғанымен, әр кезеңге қарай жаңалары мен ескілері қайсылар де-
ген тақырып – өз алдына жеке зерттелген емес. Алдымен, зерттеу 
жұмысы керек, содан соң 1970-1990 жылдардағы және 1990-2010 
жылдардағы жаңа тіркестердің сөздігін түзу – алдағы міндеттердің 
бірі. Жаңа тіркес бірліктер лексикалық тіркес те, фразеологиялық 
тіркес те, анықтаушы-анықталушы болып келетін тұрақты тіркес те 
болуы мүмкін. Осыларды сүзіп, тізіп, хатқа түсіріп, сөздігін түзіп 
ұсынар болсақ, қазақ тілінің сандық байлығы да, сапалық әлеуеті де 
нақты көрінері даусыз.
Аталған сөздіктердің бізде әзірге «жаңа қолданыстар» түрі ғана 
дүниеге келді (бірақ ол да XX ғасырдың 90-жылдарына дейінгі мате-
риалдар бойынша түзілген сөздік болатын). Қалғандары әзірге бізде 
жоқ.
Лексикографияның өмірден («тіл тіршілігінен») артта қалып 
отыратыны белгілі. Бұл – тек қазақ халқы мәдени дүниесінде емес, 
барлық тілдердің тарихында да көрініп келген құбылыс.
Қысқаша қорытсақ, мыналарды айтуға болады:
1
. Бүгінгі қазақтың ұлттық әдеби тіліндегі жаңалықтар деген 
әңгімені (тақырыпты, құбылысты) зерттеу, тану-таныту тұрғысынан 
қозғағанда, тек соңғы 5-10, әрі кеткенде 15-20 жыл барысындағы тіл 
болмысына, оның прагматикалық жай-жапсарына қарата жүргізу 
керек. Тілдегі, оның лексикалық қабатындағы ескіліктер мен жаңа-
лықтар, әсіресе жаңа қолданыстар (ізденістер) тек қана белгілі бір 
кезеңдерге қарай сөз етілуі керек.


410
2
. Кірме сөз бен интернационалдық сөздер – бір нәрсе емес. Екеуі 
де – бөгде тілдік бірліктер болғанмен, олардың қабылдаушы тілде 
қолданылу реттері, ортақтық сипаты, кездесетін орындары бір-бірінен 
өзгеше болып келеді. Дегенмен қазіргі тілдерде халықаралық ортақ 
сөздердің бір алуаны барлық параметрі жағынан кірмелік сипатқа ие 
болып кеткені байқалады. Интерсөздер әдетте соларды пайдаланушы 
тілдің сөздік қазынасынан алшақ тұрса, бүгінгі қоғам өмірінің саяси, 
экономикалық, мәдени, оқу-ағарту салаларында аса жиі қолданылып, 
өзге тілдік баламасын қажет етпейтін сөздер болғандықтан, біз олар-
ды лексикалық кірме қабатына қосқанды жөн көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет