66
Мұздай темір құрсанды (X.Досмұхамбетұлы. Исатай-Махамбет,
Алматы, 1991, 19).
«Қобыланды» жырында:
Қабағынан қар жауып,
Кірпігіне мұз тоңып,
Қатуланып, қаттанды,
Буырқанып,
бұрсанды
,
Мұздай темір құрсанды,
Мұндағы
буырқану
сөзі біршама түсінікті делік: мал баққан қазақ
бураның буырқанатынын жақсы біледі. Демек, бұл сөзде «айбат шегу,
қаһар көрсету» мағынасы бар, осыны сезіп, онымен әрдайым қатар
келетін
бұрсану
(
бусану
) сөзі де
буырқану
-ға жақын мәндегі сөз бо-
лар деп ұғамыз. Төркінін іздестірсек, көп жаңылыспағанымызды
көреміз. Көне түркі тілдерінде
бусан
- етістігі бар, ол «беймазалану,
алаңдау, қапа болу» деген мағыналарды білдірген. Осы ұғымда
бу-
сан- бусурқан
- деген қос сөз де қолданылған. Ал мүмкін осы
бусан
-
сөзімен түбірлес
бусы
-деген етістіктің «ашулану, бұрқан-тарқан болу»
мағынасы бар. Сірә, біз талдап отырған сөз көне
бусы
- етістігімен
тамырлас болар.
Көбінесе
бұрсанып
тұлғасында жазылатын сөздің
бусанып
де-
ген варианты да кездеседі (оған жоғарыдағы Боран жыраудан
келтірілген мысал дәлел бола алады). Қырғыз тілінде де бұл образды
тіркес
буурқанып
-
буусанып
түрінде айтылады. Қазақтың жыр-өлең
текстерінде
бұрсанып
түрінде қалыптасу себебін өлең жолындағы
құрсану
сөзіне ұйқастыру талабынан іздестіру керек болар. Мағынасы
күңгірт сөздерді өлең шарты үшін дыбысталуы жағынан өзгерте салу
– қазақ поэзиясы тілі үшін жат құбылыс емес.
Бұрсану
етістігінің мағынасы мен төркіні жөнінде екінші бір
жорамал жасауға болады. Монғол тілінде
бурчигна
(х) сөзі бар, мағы-
насы: «қатты ашулану». Ал тұлғасына келсек, түркіше
бұрсану
деген-
ге келеді:
Достарыңызбен бөлісу: