Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет32/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Ечкі оғлы 
Хасан Едіге бинің ахта атын алып турур ерді
(сонда, 235-бет). Тіпті 
осы сөзден жасалған 
ақтачы
«атбегі» сөзі де бар. 
Ақтачы/ахтачы
− Шыңғыс хан тағайындаған мәртебелі 10 қызметтің біреуінің иесі, 
сондықтан көбінесе жалқы есіммен тіркесте келеді: 
Буқатай ахта-
чы, Нурин ақтачы
т.б. 
Парсы тілінің өте білімді маманы – Ислам Жеменей құрастырған 
«Парсыша-қазақша сөздікте» («Санат» 1994) 
әхта (ахта
) сөзінің 
қазақшасы 
бедеу
деп көрсетеді. «Бедеу» мағынасындағы 
эхта (ахта, 
ақта ат
) парсының өз сөзі ме, кірме сөз бе – оны мамандар айқындар, 
ал бізге бұл жерге көңіл аудартып отырған – 
ахта ат
пен 
бедеу ат
деген тіркестердің таза синонимдер болып келетіндігі. Сірә, ХV-ХVІІ 
ғасырларда қазақ тілінде 
мықты ат, жорық аты
деген мағынада 
бе-
деу ат
тіркесі өлең-жырларда жиі қолданылса, жазба тілде 
ақта ат
атауы да қолданылған деп түюге болады. 
Ақта
ат синонимі парсы 
тіліндегі тарихи жазбалардың ықпалы болуы да мүмкін. 
Ахта (ақта, ағта)
сөзінің этимологиясы мен мағынасы 
Э.В. Севортян сөздігінде берілген. Зерттеуші бұл сөз иран тілдерінен 
келген дейді, мағынасы – «азбан» («мерин»). П.М. Мелиоранскийдің 
ахта
сөзі түркі мен монғол тілдеріне монғол жаулап алулары кезінде 
енген дейді. 
Ахта/ақта
атауының түркілік 
ақта
– «малды тартты-


61
ру, піштіру» деген сөзімен қатысты болуы да мүмкін. Қазіргі қазақ 
тілі сөздіктерінде 
ақта
- етістігінің бұл көне түркілік мағынасы 
көрсетілмеген. 
«Азбан, яғни ақтатылған, піштірілген жылқы малы» деген мағы-
надағы 
ақта
атауы қазақ тілінде жұмсалмағанын ертедегі өлең-
жырлар тілінде, ХV-ХVІ ғасыр ақын-жырауларының тілінде кездес-
пейтіндігі дәлелдейді. Бірақ жорыққа, ұзақ сапарға мінетін мықты 
атты қазақтар да жақсы білген, ол 
бедеу ат
деп аталған. Демек, 
бедеу ат
сөзі де, 
ақта ат
сөзі де құлындамайтын бие мен үйірге 
түспейтін айғырды, яғни ұрпақ бермейтін ұрғашы да, еркек те малды 
(бұл жерде жылқы малын) атаған болып шығады. 
Ақта ат
пен 
бе-
деу ат
– бір-біріне синоним тіркестер. Қазақ тілінде соңғы варианты 
қалыптасқан. 
Ақта ат
жазба тілде, оның өзінде де парсы тіліндегі 
әдебиеттің ықпалы болған үлгілерде, мысалы, Қадырғали бидің жаз-
басында қолданылған деп топшылауға болады. 
БЕРЕН
. Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері бұл сөздің көп мағы-
налы екенін дұрыс танытып келеді. Бірақ мағыналарының көпшілігі 
бұл күнде ұмыт бола бастаған. Мысалы, көп томдық түсіндірме 
сөздік 
берен
сөзінің бір мәні «қымбат, асыл мата» десе, екі томдық 
түсіндірме сөздік «гүл салып тоқылған масаты, жібек мата» дейді. Ал 
өткен ғасырда сөздік құрастырған Н.И.Ильминский 
берен
сөзінің екі 
мағынасын көрсетеді: бірі – «ең жақсы барқыт», екіншісі − «ең мықты 
болат» (Ильминский, 88). Біздіңше, Ильминскийдің түсіндірмесі 
нақты. Қазақтар 
берен
деп жалпы жақсы матаны емес, ең жақсы 
(құлпырған) барқытты атаған. Мақта матаны көбінесе 
мата
деп, 
барқытты 
барқыт, мақпал
деп, жібекті 
шұға, шәйі

атлас, масаты
деп атағаны белгілі. Сондықтан өлең-жырларда кездесетін 
берен
сөзінің бір мағынасын «ең жақсы барқыт» деп түсінген жөн сияқты. 
Мысалы, «Қобыландыда»:
Байдың қызы жамылар
Масаты мен 
беренді
.
Бұл сөздің Ильминский көрсеткен екінші мағынасынан ауысып, 
берік металл шығыршықтардан жасалған сауытты да (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет