Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет40/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ДАТ(ДӘТ).
Ауыз әдебиеті үлгілерінде: 
Дат
, тақсыр!, Тоқта, ба-
тыр, 
дәт
тыңда
! деген жолдар кездеседі. Бұлардағы 
дат/дәт
сөзінің 
негізі – 
дад
. Ол парсы тілінде «әділ заң, әділдік» және «(әділдік іздеп) 
арыз айту, өтіну» мағыналарын береді. Сонда «
дат, тақсыр
!» деген 
сөздер «өтінішім бар, соны тыңда» немесе «әділдік іздеймін!» деген 
мәнде айтылатын қалыпты сөздер болып шығады.
ДЕМ ТАРТУ
. XV-XVII ғасырлардағы өлең-жырлар мен эпостар-
да:
Балдағы алтын құрыш болат 
Ашылып шапсам 
дем тартар

Сусыным қанға қанар деп, – 
деп келсе, дәл осы жолдарды Махамбет те қайталайды:
Қарқыны күшті көк семсер 
Шапқан сайын 
дем тартар

Сусыным қанға қанар деп.
Дем тарту
тіркесінің мағынасы бұл күнде күңгірт. Сондықтан 
да кейбір жерлерде ол 
дом тартар
деп жазылған. Бұл тіркес, сірә, 
парсының 
дем
сөзінің қатысуымен жасалған болу керек. 
Дем
сөзінің 
парсы тілінде бірнеше мағынасы бар: қазақ тіліне енген 
дем
(«ауа 
жұту») дегеннен басқа және бір мағынасы «қылыш, оқ, қайшы, сем-
сер сияқты құралдардың өткір жүзі, ұшы» дегенге саяды. Осыдан 
барып 
дем тарту
тіркесі «өткірлене түсу» деген ауыспалы мәнге ие 
болуы мүмкін. Немесе қазақ, қырғыз тілдерінде осы сөздің «күш, 


72
қуат» деген ауыспалы мағынасы және бар екені мәлім. Мысалы, 
дем 
берді

демеді
(«қуат берді, жігерлендірді» деген мағынада), қырғыз 
тіліндегі 
дем байлады
(«үміт артты»), 
дем кесті, дем суытты

дем 
басты
(«күш-қуатынан айырды, аптығын басты, үркітті» деген 
мағынада) сияқты тұрақты тіркестердегі 
дем
сөзі «күш, қуат» деген 
мәнде. Сондықтан 
дем тарту
деген тіркес «күші артты» деген ауы-
спалы мағынада қолданылған сөздер болуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет