85
мағынасы. Осыдан барып садақтың оғы сияқты үшкір, ұшы сүйір
нәрсені де, мысалы, найзаның өзін немесе ұшын
жебе
деп атау пайда
болған:
Жебелі
найза қолға алсын...
Алты қырлы
ақ жебе
Шаныша алмасам маған серт! –
дегендердегі
жебе
– найза немесе найзаның ұшы.
Қазақстанның батыс өлкесінде істік сым темірді
жебе
істік
дейді
(Досқараев, II, 55). Аңға немесе жауға қарсы, олардың жолына істік
ағаштан я болмаса темірден құратын тосқауылды да
жебе
деп атаған.
Мысалы, Махамбет ақындағы:
Құрулы жатқан
жебеге
Құрсағынан шалдырған, –
деген жолдар осыны танытады. Немесе эпостардағы:
Жеті қатар қазған оры бар,
Ор ішінде жиған торы бар,
Жеті қатар
жебе
бар,
Болаттан қаққан шеге бар, –
деген жолдар да
жебе
сөзінің бір мағынасы «істік тосқауыл» екен-
дігін дәлелдей түседі. Кейінгі Ұлы Отан соғысы кезінде және
одан бұрынғы бірінші дүниежүзілік соғыста да соғысушы екі
жақтың тосқауыл шебінде қолданған тікенекті темір торды немесе
танкіге қарсы құрылған тосқауылды атау үшін де кейде
жебе
сөзін
пайдаланғанымыз мәлім. Бұлардың барлығы – о бастағы «оқ» мағы-
насындағы
жебе
сөзінің ауыспалы мәнде пайда болған қосалқы
кызметтері.
Достарыңызбен бөлісу: