83
Он екі күн бұршақты төгілдіріп,
Күн жайлатып
,
асшыны қамап салды, –
деп суреттеледі. Және бір жерде тағы да сол Қозы:
Жердің жүзін
күн жайлатып
боран қылды, – деп келеді.
Күн жайлату
тіркесінің мағынасы көне наным-сенімдерге қа-
тысты екені мәлім, яғни сиқырлап жауын-шашын шақыруды
күн жай-
лату
дейді, мұндай сиқыршыны
жайшы
деп атайды (Ильминский,
124).
ЖАМ
. Қазақ тілінің ауыз әдебиеті үлгілерінде
жам ағайын, жам
әулие
деген сияқты тіркестер бар:
Жам әулие
жиналдық...
Жам ағайын
жалпыға...
Жам
– араб сөзі, ол – «жинау» деген етістік (
жама
).
Жам
тұлғасы
қазақ тілінде «түгел жиналған, барлық, барша» деген мағынада жұм-
салады. «Қамбар батыр» жырында:
Жиылды жұрт
жамаға,
–
деп келеді. Бұл жерде
жамаға
деген арабша етістік «жиын»
деген
зат есім мәнінде жұмсалған. Бұл кірме сөз бұл күнде кемде-кем
жұмсалатын, көбінесе тіркестер құрамында сақталып,
оның өзінде
де өткендегі мұралар тілінде қолданылған сөз ретінде танылады.
ЖАУШЫ
.
Жаушы
деп ертеректе құда түсетін адамды атаған:
Қыз Назымға
жаушы
қып,
Жиырма жігіт жіберді...
Қызға
жаушы
көп екен,
Тағдырға жазған алады.
Бұл сөз
жуучу
түрінде қырғыз тілінде де осы мағынада жұмсалады.
Қазақ, қырғыз тілдерінде
жаушы жіберу /жуучу жиберу, жаушы боп
бару /жуучу түшу
деген тіркестер бар, мағыналары – «құда түсуге
жіберу, құдалыққа бару».
Жаушы
тұлғасы «сөз» деген мағынадағы
саб/сау
сөздерімен
түбірлес деп ойлаймыз. Соңғы сөздер қазақ тілінде
сөз саптау, сауын
айту
(қара:
сауын айту
) тіркестерінде сақталған:
сөз саптау ~ сөз
сөздеу ~ сөйлеу
. Оғыз тілдерінде
және ескі өзбек тілінде
саашчы
сөзі
«елші, туыстар мен құдалар арасында хат тасушы адам» мағынасында
жұмсалған.
Саучы
-ның түбірі
сау
«сөз», оған -
чы
жалғанып, «сөз ай-
тушы» ұғымын беріп тұр, ал елші – сөз айтушы адам, хат тасу да – сөз
жеткізу.
Қазақтың
жаушысы
мен қырғыздың
жуучу
сөздерін
саучы
тұлғасының бір варианты деп танимыз.
Жаушы
да – сөз жеткізуші,
84
бірақ адамдар арасында олардың бір-біріне жай ғана сөз жеткізуші
емес, құдалық сөзді жеткізуші адам. Демек, бұл жерде сөз мағынасы
тарылып, сараланған.
Достарыңызбен бөлісу: