Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет39/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ДАҢҒА ШЫҒУ
.
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында:
Қарабай, Сарыбаймен аңға шыққан
Екеуінің дәуірі 
даңға шыққан,
– 
деген жолдар бар. «Ер Сайын» жырында:
Байлығының белгісі
Малы алашқа 
даң болған,
– 
деп келеді. 
Даңға шығу
тіркесі «Ер Тарғын» жырында да кездеседі. 
Бұл тіркес Қазақстанның батыс өлкесінде жергілікті сөз (диалектизм) 
ретінде кейде ауызекі сөйлеу тілінде де ұшырайды. Мағынасы – 
«белгілі болу, атағы шығу, даңқы шығу». 
Даңға шығу
дегеннің бірінші 
сөзінің түбірі – 
даң
. Бұл – жеке тұрып қазірде көп қолданылмайтын 
сөз. Ал түркі тілдерінің кейбіреулерінде, мысалы, қырғыз тілінің 
оңтүстік диалектісінде 
даң
«атақ, белгілілік, даңқ» мағынасында 
ұшырасады. Осы түбірден өрбіген 
даңдуу
«белгілі, атақты», 
даңдау
«біреуді мақтап атағын жаю», 
даңдану
«өзін жақсы жағынан көрсету» 


71
деген сөздер қырғыз әдеби тілінде жұмсалады. Қазақ тілінде де «өз 
атағын өзі көтермелеу» деген мағынада 
даңдайсу
(
даң + дай + сы + 
у)
деген етістік кездеседі. Демек, 
даң
сөзі бір кездерде жеке тұрып, 
«атақ, даңқ» дегенді білдіргені хақ.
Бұл жерде ерекше болып көрінетін құбылыс – 
шығу
етістігінің ба-
рыс септіктегі сөзді қажет етуі (әдетте, дұрысы 
даңы шыққан
болу 
керек қой). Сірә, 
биікке шықты, тауға шықты
дегендей, «белгілі 
атаққа шықты (ілікті)» деген үлгіге (модельге) сай 
даңға шықты
бо-
лып қалыптасқанға ұқсайды. Қазірде 
бой жетті
түрінде айтылатын 
тіркес ілгеріректе қазақ тілінде 
бойға
жетті
тұлғасында айтылған. 
Мысалы, Асанқайғы толғауында:
Қадірін жеңге білмесе
Бойға жеткен
қыз ғаріп.
Даң
сөзі осы күнгі әдеби нормадағы 
даңқ
сөзімен түбірлес деген 
пікір бар (Досқараев, II, 43).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет