56
қазақша-орысша, орысша-қазақша екі тілдік сөздіктердің «сансыз
көп халық» («многочисленный народ») деп аударуларына себеп-
кер болған тәрізді.
Келе-келе, біздің кезеңімізде,
байтақ
сөзінің о
бастағы мағынасы өзгеріп, «кең, ұшы-қиыры жоқ, үлкен, барлық»
деген мәндерге ие болып, өзге сөздермен тіркесте ғана қолданылатын
болған. Мысалы,
байтақ дала
,
байтақ өлке, кең байтақ, ұлан байтақ
.
Ал қырғыз тілінің диалектісінде бұл сөз «алыс, қиыр» және «өте
ертедегі, баяғы» деген мағынада жұмсалатындығы көне сөздердің
алғашқы мағыналарының көмескіленіп, ауыспалы бірнеше мәнге ие
болатындығын танытады.
Байтақ
сөзінің өзі қазақ, қырғыз сияқты түркі тілдеріне өте ер-
теде парсы тілінен енген болу керек. Парсыша
пайтахт
сөзі «аста-
на» (дәлме-дәл: «тақтың төменгі жағы, аяғы») дегенді білдіреді.
Түркі тілдерінде «тақтың төменгі жағы» дегеннен «тақта
отырған
билеушінің «ханның» аяқ астындағы (қол астындағы) бағынышты ел»
деген ауыспалы мән пайда болғанға ұқсайды.
Байтақ
сөзінің «жұрт»
деген мағынаны білдіретіндігін қазақ тіліндегі көне мұраларда және
жырларда кездесетін
астана жұрт
тіркесі дәлелдей түседі. Бұл –
байтақ жұрт
дегеннің тура баламасы, мағыналары бірдей.
Қазақ тілінде
байтақ
сөзінің «астана, орталық қала» мағына-
сындағы қолданысы да жоқ емес. Алпамыс батыр:
Байсын деген өз елім,
Жиделі
байтақ
қаламыз, –
дейді. Мұндағы
байтақ
қала
тіркесінің өзі «орталық, астана қала»
дегенді аңғартады. Бұл сөздің қазақ тілінде «кең, үлкен, ұшы-қиырсыз»
деген ауыспалы мағынада қолданылуы тіпті ауыз әдебиетінің өзінде
де байқалады. Мысалы, «Қобыланды» жырында:
Жасыл
байтақ
жері бар,
Айдынды
шалқар көлі бар, –
деген жолдарда
байтақ
сөзі осы күнгідей сындық мағынада.
БАРЫМ
. «Алпамыс» жырында:
Талқан қып алды шаһарымды,
Талауға салды
барымды
.
«Қамбар батыр» жырында:
Патшадан
барым
садаға
Қолыңнан келсе, жәрдем ет, –
деген тармақтар бар. Мұндағы
барым
сөзін әдетте «қолымдағы бар
нәрсені (байлықты, малды) талап әкетті» және патшадан қолымдағы
бар нәрсем
садаға
деген сөз деп түсінеміз де,
барым
сөзінің түбірі
бар
57
(орысша
есть
) сөзі болар деп ойлаймыз. Ал, шындығында,
барым
сөзі көне түркі тілдерінде «мал» және «мүлік» деген екі мағынаны
білдірген (ДС, 84). Сонда бұл сөздегі
-ым
қосымшасы –
тәуелдік
жалғауы емес (
балам, үйім, шапаным
дегендердегі сияқты), сөз
тудырушы жұрнақ болып табылады. Жоғарғы сөйлем қазіргі тілмен
айтсақ,
талауға салды менің малымды
, тіпті дәлірек аударсақ,
малды
талауға салды
немесе
мүлікті талауға салды
деп айтылар еді.
Қазақ тілінде
бар малы
(бар малым, бар малың, бар малдары
т.т.)
деген тіркес о баста
барым-мал
болуы мүмкін, сонда бұл «барлық
мал» деген мағынаны емес, жалпы «мал-мүлік» деген жинақтау
ұғымды беретін қосар сөз болып шығады. Қазақ тілінде «мал-
мүлік» ұғымындағы
барым
тұлғасы ұмыт бола түскендіктен, кейде
қысқарып,
бар
тұлғасында да қолданылғаны байқалады. Мысалы,
«Алпамыс» жырында:
Қатардағы нарларың,
Қазынадағы
барларың
Тәңірі
берсе менікі, –
деген жолдардағы
бар
сөзі
барым
сөзінің қысқарған варианты деп
танимыз. Бұлайша қысқартуға өлең шарты да себепкер болып тұр:
әдетте өлең өлшемі көтермесе, яғни белгілі өлшемнен буын саны
асып кетсе, мүмкін жерде сөз тұлғасын ықшамдау поэзияға жат емес.
Бар
сөзінің «мал-мүлік» мағынасы
үйлі-баран
деген тіркесте
де
сақталған, мұнда
баран
тұлғасы – көптікті білдіретін
-ан
деген
қосымшамен келген тіркес, ол «мал-мүлкі бар» деген ұғымды береді.
Бар
сөзінің «мал-мүлкі» мағынасы Абайдың:
Ұлық болдым мінекей,
Бар малыңды
шығындап, –
деген жолдарында да байқалады. Бұл жердегі
бар малым
дегенді
бар-
мал(ым)
деп жазуға болады, өйткені мұнда ақын «барлық малымды
шығындап» деп тұрған жоқ, «мал-мүлкімді», яғни байлығымды
шығынға ұшыратып деп тұр. О баста, тегі
бар
сөзі негізінен «мал >
байлық» деген бір ғана мәнді берген болар. Кейін келе
мал
сөзінің
мағынасы
мен қолданысы активтеніп,
бар
сөзін ығыстырған кезде
барым-мал
немесе
бар-мал
түрінде плеонастық тіркес құраған деп
табуға болады.
БАРЫМТА
. Бұл сөзге түсіндірме сөздік былайша анықтама
береді: «Кектеніп жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін
күшпен тартын алуы» (ҚТТС, 1976, II, 109). Бұл түсіндірме дәл емес.
Біріншіден, барымтаға кектеніп жауласқан сайын бара бермейді,
58
екіншіден, барымта – рулар арасында ғана емес, жеке адамдар ара-
сында да болатын акт.
Барымта
сөзінің мағынасын өткен ғасырдағы
қазақша-орысша сөздіктер дәлірек көрсетеді. Мысалы, 1897 жылы
Орынборда шыққан қазақша-орысша сөздікте: «
Барымта (ба-
ранта)
– зорлап алынған не ұрланған малдың немесе басқа да бір
көрсетілген жәбірдің есесін алу үшін жәбірленушінің қарсы жақтың
малын өз ұйғарымымен айдап алып кетуі» деп берсе, Л. Будагов бұл
іс-әрекеттің ертеректегі мәнін аша түседі: «
Барымта
ерте кезде (де-
мек, XIX ғасырға дейін – Р.С.) дауласушы
жақтардың біреуі билер
үкіміне мойынсұнбаса, кесікті орындамаса, жәбір көрген жақ оның
малын, жанын айдап әкетіп, күшпен орындауға праволы болғандықты
атайды (Будагов, I, 224).
Демек, дауласқан екі жақтың (дау-дамай рулар арасында да, жеке
адамдар арасында да болуы мүмкін) айыптысы билікке көнбей,
кесілген құнды, айыпты т.б. төлемесе немесе түгел төлемесе, даулау-
шы жоқ оны күшпен төлету шарасын істейді. Ол шара – барымталау
актісі. Барымта – би (билер) кескен үкімді жазықты жақтың дұрыс
орындамағанын даулаушы жақтың
дәлелдеу
актісі.
Барымта
сөзінің төркіні монғолдың
барымт
сөзіне апарады деп
ойлаймыз. Монғолша
барымт
«1) негіз, дәлел, аргумент, 2) факт,
жағдай, 3) есеп» деген мағыналарды білдіреді. Қазақтағы
барымта
–
о баста құр тартып алу, талау емес, өзіне билікпен кесілген айып, құн
сияқтылардың тиісті екендігін дәлелдеудің әрекеті. Сондықтан ерте-
ректе тек мал-мүлік емес, адамдар да барымтаға ілігетін болған (мы-
салы, қанға қан, жанға жан сұрайтын сәттерде). Әрине, барымтаға
алынған зат (көбінесе мал, оның ішінде жылқы) даулаушыға тиісті
мөлшерден артық болып кетеді (немесе
айыпты жаққа солай бо-
лып көрінеді), сондықтан барымтаға қарымты қайтарылуы мүмкін.
Қарымты, қарымта
сөзі де монғолдың
хариу
сөзімен түбірлес, бұл
сөздің мағынасы – «қайтару, жауап, есені қайтару». Осы мағынадағы
қару
сөзі қазақта да қолданылады: бір нәрсенің (іс-әрекеттің)
қаруын қайтару
– белгілі бір іс-әрекетке жауап ретінде, оның
есесін
қайтаратын әрекет
істеу. Сірә,
барымта
,
қарымты
дегендер ер-
теден келе жатқан, түркі-монғол тайпаларының көпшілігінде орын
алған жөн-жосық болу керек. Сол себептен қазақ тіліндегі
барымта
,
қарымты
сөздері – монғол тілінен соңғы дәуірлерде енген сөз емес,
өте ертеден бар ортақ сөздер деп есептейміз. Ал әр кезеңде
барым-
та
актісінің өзінің сипаты өзгеруіне байланысты, бұл сөздің беретін
мағынасы да өзгеріп отырған. Соңғы кезеңдерде, Л.Будаговтың ай-
туына қарағанда,
барымта
сөзі жай «тонау, талау» дегенді білдіруге
көшкен тәрізді.