Тақырыбы: «Қуат алып ғасырдан, Шалқар даңқын асырған»



Дата02.07.2018
өлшемі40 Kb.
#45935
Тақырыбы: «Қуат алып ғасырдан, Шалқар даңқын асырған»

Мақсаты: Шалқар ауданының тарихымен кеңінен таныстыра отырып, өңірде дүниеге келген тарихи тұлғалардың еңбектері, өмір жолдарымен таныстыру. Оқушыларды адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктері мен мақтаныш сезімдерін тудыру.

Түрі: оқу ізденіс

Қанатты сөздер: «
Барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгелдеу. Назарларын аудару.



1. Кіріспе: Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда өңірдің табиғат жағдайлары флорасы мен фаунасы, кәсібі туралы білсек. Ақын-жазушыларымыз, спортшымыз туралы да біз біле бермейтін қырларымен танысамыз. Әрине өңірде туып, туған жерден, топырақтан нәр алып, туған жердің абыройын асқақтатып жүрген ақын жазушыларымыз белді –белді ел азаматтарымыз да жетерлік. Түрлі додаларда елдің намысын қорғап, көк туымызды асқақтатып жүрген өнерпаздарымыз да аз емес. Елге еңбегі сіңген азаматтар бір-кітап, бір-аңыз. Олардың барлығына жеке тоқталуға бізге берілген уақыт тығыз. Сондықтан «Қуат алып ғасырдан, Шалқар даңқын асырған» азаматтарымыздың бірі-бірегейіне тоқтала кетсек, сол азаматтарымыз туралы оқушы жинақтаған мәліметтерді тыңдасақ...Алдымен өңірдің табиғат жағдайларына тоқталсақ.
Климаты,табиғаты туралы арнайы дайындалған слайд арқылы Есқазы Ақниет баяндайды

Климаты

Ауданның климаты тым континентті Қысы суық, қар жамылғысы жұқа, боранды. Қаңтар айының жылдық орташа темп-расы қиыр оңтүстікте –10 — 12С, солт-нде –14 — 16С, шілденікі 24 — 26С. Жауын-шашының жылдық орташа мөлшері 150 — 200 мм. Аудан өте қуаң шөл және шөлейт белдемде орналасқандықтан оның топырақ жамылғысының құ-нары да төмен. Негізінен бозғылт қоңыр топырақтан (солтүстігінде) сұрғылт, құмайтты сұр және сор топырақтар (оңтүстігінде) басым. Онда астық тұқымдас шөптесін аралас жусан, бұйырғын, күйреуік, шытыр, жантақ, жыңғыл, тобылғы, сексеуіл өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, ақбөкен, қарақұйрық, жабайы шошқа, сарышұнақ, аламан, тағы басқа тіршілік етеді. Құстардан Қазақстан Қызыл кітабына енген бүркіт, дуадақ, жарғақ, жануарлардан шұбар күзен, өсімдіктерден қау, сүттіген кездеседі.



Табиғаты

Аудан жерінің солтүстігінен Ырғыздың саласы — Шетырғыз (195 км) өзені ағып өтеді. Одан басқа Балғасын (73 км), Кәуілжір (142 км), Тебенсай (135 км) салалары ағады. Батысындағы Шағырай үHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A8%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%80%D0%B0%D0%B9_%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D1%80%D1%82%D1%96&action=edit&redlink=1"стHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A8%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%80%D0%B0%D0%B9_%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D1%80%D1%82%D1%96&action=edit&redlink=1"іртінің батыс бойымен Шаған өзені ағып өтеді. Жалпы, аудандағы өзендердің барлығы көктемгі жауын-шашын және қар суымен толығып, ағын түзейді де, жаз айларында құрғап, кеуіп қалады. Аудандағы көлдердің басым бөлігі тұзды және жаз айларында тартылып қалады. Ірілері: Шалқар, Қопасор, Тентексор, Лақалы, Берденсор, Мелдекөл, Тебез. Солтүстігінденде Мұғалжардан басталып, оңтүстікнде Үстірт, Арал т-не дейінгі аумақтың жер қойнауында Шалқар HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%B0%D0%BB%D2%9B%D0%B0%D1%80_%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D0%B0%D0%BD_%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%B1%D1%8B"артезианHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%B0%D0%BB%D2%9B%D0%B0%D1%80_%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D0%B0%D0%BD_%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%B1%D1%8B" HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%B0%D0%BB%D2%9B%D0%B0%D1%80_%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D0%B0%D0%BD_%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%B1%D1%8B"алабы орналасқан. Ауданда халық сирек қоныстанған. Халықтың 1 км2-ге шаққандағы орташа тығызд. 0,7 адам. Халқының басым бөлігін қазақтар құрайды. Одан басқа орыс, украин, татар, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Аудандағы халықтың 55%-дан астамы Шалқар қаласына шоғырланған (25,4 мың адам). Одан басқа ірі елді мекендерге Бозой (2,2), Бегімбет (1,6), Біршоғыр (1,4), Қотыртас (1,2), Шілікті (1,2), Мөңке би (1,1), тағы басқа ауылдар жатады. Аудан негізінен мал шаруашылығына маманданған. Шалқар ауданында 1995 жылға дейін негізінен биязы жүнді қой, сондай-ақ жылқы, сүтті, етті-сүтті ірі қара, түйе өсіруге маманданған 8 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Ауданда бұрынғы кеңшарлар, тағы басқа нысандар негізінде 460 шаруа қожалығы, 3 ЖШС-і, 1 ґК, АҚ жұмыс істеуде (2006). Ауданда егін ш-ның үлесі шамалы.
Кәсібі туралы арнайы дайындалған слайд арқылы Рахат Гүлсамал

Шалқар ауданында 2006 жылы басында ауылы шаруашылығына жарамды жер 4,6 миллион га, оның ішінде жыртылатын жері 0,1 мың га, шабындығы 35,8 мың га, жайылымы 4,56 миллион га болады. 2006 жылдың басында ауданда 85,0 мың қой мен ешкі, 8,2 мың жылқы, 8,6 мың түйе, 10,5 мың мүйізді ірі қара болды. Өнеркәсіп саласы бойынша ауданда “Көктас-Ақтөбе”, “Жаңа дәуір”, “Алайминералды су құю цехтары, “Тау-кен”, “АқтөбеЖаңатас”, Бершоғыр қиыршық тас өңдеу з-ттары және вагон жөндеу шеберханасы жұмыс істейді. 2006 жылы өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 1007,0 миллион теңгені құрады. Әлеуметтік сала бойынша Шалқар ауданында жалпы білім беретін 44 мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп, спорт мектебі, 3 балалар бақшасы бар. Денсаулық сақтау саласында ауданы емхана мен аурухана, 1 ауылдық аурухана, 6 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшілік-акушерлік пункт, 10 фельдшілік пункт қызмет істейді. Шалқар темір жол станциясының амбулаторлық орталығы, “Ақниет” ЖШС-і, Шалқар қаласында “Ақбөбек” сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Мәдениет саласында 23 мекеме бар. Оның ішінде 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 6 ауылдық клуб, 12 кітапхана, ауданы тарихи-өлкетану музейі бар. Бірнеше елді мекендері (Шалқар қаласы, Бозой, Айшуақ, Қауылжыр, Мөңке би) табиғи газбен қамтылған. Ауданда “Шалқар” және “Шежірелі өлке” газеттері шығып тұрады. Шалқар ауданы аумағында тарихи-археологиялық және мәдени ескерткіштер, қорғандар мен обалар сақталған. Олар: Есет-Дәрібай мазары, Тұяқбай тамы, Тоқпан күмбезі, Балғазын күмбезі, тағы басқа [2]

Аудан тарихы туралы Зейнулла Раушан өзі дайындаған деректермен баяндайды.

Эссе «Туған жерім» Жұмағазина Ақниет

Өлең «Шалқарым» Сүндетбаева Аяжан

ІІ бөлім Тұлғалар

Әулие туралы оқушы Самиғұллаева Аймерей жалғастырады. (арнайы дайындалған слайд арқылы)

Тілеуұлы Мөңке би — белгілі би, Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі, жырау.

Шамамен 1675 жылы дүниеге келген. Ата тегі шежіре бойынша өз әкесі Тілеу әрі қарай Айт, Бөлек, Қалу, Сирақ, Мұса хан, Уақас би, Нұраддин болып жалғаса береді.



Әбілқайыр хан дүние салған соң Нұралы ханның билігін тану туралы Елизавета Петровнаға жазылған хатқа Орта жүздің беделді адамдары Жәнібек тархан мен керей Наурыз би бастаған топпен, сондай-ақ Кіші жүздің 30 би, батырларымен бірге қол қойған.

Мөңке би өз заманында «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би», келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей және дала даналығының көрінісі іспетті ой-тұжырымын тағылымды поэтикалық жырға айналдырған жырау ретінде танылды. Мөңке бидің философиялық толғаулары, риторикалық сұрақ-жауап, болжау, билік, кесім, шешім түріндегі мұралары өзіндік ерекшелігімен көзге түседі.(ықшамдалып алынды)
Ұлы Отан соғысы ардагері Кеңес Одағының батыры І.Үргенішбаев. Батыр туралы оқушы Әбілмәжин Гаухар кеңінен таныстырады. (арнайы дайындалған слайд арқылы)

Ідіріс Үргенішбаев 1912 жылы 16 сәуірде Ақтөбе облысы, Шалқар ауданындағы Талдықұм деген ауылда дүниеге келеді.Әкесінен 5 жасында жетім қалады. Ақтөбе педагогикалық училищесін бітірген соң, туған ауылында бастауыш мектеп
меңгерушісі болып қызмет атқарып жүреді. “Туған ұлдан не пайда, қолына найза алмаса, атаның жолын қумаса” деп жауынгер ақын Махамбет айтқандай, мыңдаған ерлер қатарында І. Үргенішбаев та 1942 жылдың қаңтарында майданға аттанады. Қаламын винтовка мен автоматқа ауыстырған кешегі ауыл мұғалімінің тар жол, тайғақ кешуде азаматтық тұлғасы тағы бір қырынан жарқырап көрінеді. (ықшамдалып алынды)
Мұхамедқазы Тажин туралы естелік. (арнайы дайындалған слайд арқылы)

Оқушы Мөлдір Қантөрина таныстырады және досы Тауман Төреханнан естелік сөз (ғаламтор материалы)

Соғыс бiтiп заман түзелiңкiреген кез. Имашев Саттар деген кiсi Шалқар аудандық партия комитетiнiң хатшысы болатын. Сол кезде аудандық, облыстық, республикалық газеттерде мақалаларым жарияланып жүрген. Имашев менi шақырып алып: «Бала, сенiң оқуың керек. Сенен түбiнде жақсы журналист, немесе жазушы шығатынына сенемiн» дедi. Бұл кезде мен кешкi мектептi бiтiргенмiн. Сол кiсiнiң жолдамасымен Алматыға оқуға аттандым. Мектептi бiрге бiтiрген Тажин Мұхамедқазы (қазiргi дипломат Марат Тажиннiң әкесi) деген досым бар едi. Екеумiз оқуға бiрге келдiк. Мен университетке қиналмай-ақ түсiп кеттiм.Мұхамедқазы түсе алмай қалды. Ересектеу мен досымды ертiп университет ректоры Төлеген Тәжiбаевтың алдына кiрдiм.
Мен мектептi төртпен бiтiрдiм, мына Тажин беспен бiтiрген.Өте бiлiмдi, ол неге оқуға қабылданбады, – дедiм ректорға. Тәжiбаев (кейiн iрi дипломат болды) өте әдiлеттi адам екен.Бiздi кеудеден итермей тең адамша сөйлестi.Бұл баланың жасы небәрi он алтыда. Университет заңы бойынша мұндай жастағы баланы оқуға қабылдай алмаймыз. – Ректор Мұхамедқазының оқуға деген құштарлығын байқаса керек.Сәл ойланып барып барып, – Жақсы, мен Пединституттың директорымен сөйлесiп көрейiн, – дедi.Пединститут директоры Сейдолла Толыбеков деген кiсi болатын. Адам танитын зерек кiсi едi.Тәжiбаевтың өтiнiшiн жерге тастамай Мұхамедқазыны тарих факультетiнiң орыс бөлiмiне оқуға қабылдады. Мұхамедқазы оқуға алғыр, әрнәрсеге бейiм пысық бала болатын. Оқуға түсiсiмен өзiн көрсете бiлдi.Ол екiншi курста жүргенде-ақ Алматы қалалық комсомол комитетiнiң хатшысы болды. Ал төртiншi курста Орталық комсомол комитетiнiң бөлiм меңгерушiсi қызметiн атқаруға кiрiстi. 1954 жылы мен оны Роза деген қызға үйлендiрдiм. Шама шарқымызша студенттiк той жасадық.

Естелік тыңдалып болған соң видеокөрініс тамашаланады.

Мектебімізде екі жыл сайын М.Тәжинді еске алу мақсатында бокстан қалааралық турнир өтеді және аудандық «Үздік тарихшы» додасы өткен болатын.Өткенді еске алып сол көріністерді тамашаласақ.
Ән: «Тәжин ағаға тағзым» орындайтын: Сүндетбаева Аяжан
Заңғар жазушы Тауман Төрехан туралы Құттыбаева Ғанижамал таныстырады. (арнайы дайындалған слайд арқылы)
Тарихи да даңқты өлке – Шалқар ауданының және Шалқар қаласының Құрметті Азаматы Тауман Алыбайұлы Төреханов Ақтөбе облысының Шалқар қаласында 1931 жылы 15 наурызда дүниеге келді. 1941-1945 соғыс жылдары тылда малшы жәрдемшісі, шахтер-тұзшы, колхоз аңшысы болып жұмыс істеген. 1947-1949 жылдары еңбекшілер депутаттары Шалқар қалалық Совет атқару комитетінде іс жүргізуші болған. 1949-1950 жылдары Шалқар аудандық «Социализм туы» газетінде аға әдеби қызметкер болып қызмет еткен. (ықшамдалып алынды)

Есенгелді Батыргарин грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері туаралы жетістіктерін, өмірбаянын Бердіғазыұлы Ерік жалғастырады. (арнайы дайындалған слайд арқылы)

Есенгелді Батыргарин 1971 жылы Шалқар қаласында қаңтар айының 4-і күні қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесінің аты Мұхамедшәріп, анасының есімі Ардақ.

Грек-Рим күресінен халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері. Шалқар қаласынан шыққан ең талантты палуан. Грек-Рим күресінен Ақтөбе облысы бойынша халықаралық дәрежедегі ең бірінші КСРО спорт шебері. Есенгелдінің жүлделерін тізбектейтін болсақ:



  • Жасөспірімдер, жастар, ересектер арасында ҚР-ның бірнеше дүркін чимпионы;

  • Студенттер универсиадасының чимпионы;

  • КСРО кубогінің чимпионы;

  • «Буревестник» ерікті спорт қоғамы Орталық кеңесі біріншілігінің чимпионы;

  • 1991жылы өткен жастар арасындағы КСРО чимпонатының күміс жүлдегері;

  • Сол жылғы наурыз айындағы ересектер арасындағы ҚР чимпионы;

  • Маусым айында өткен Запоражье қаласында грек-рим күресінен өткен КСРО халықтары Х спортакиадасының чемпионы;

  • Осы спортакиадамен қатарлас өткен КСРО чемпионатының күміс жүлдегері;

  • Сол жылы Чехословакияда жастар арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері;

  • Қараша айында Балгария елінде өткен әлем кубогінің күміс жүлдегері.

1991 жылдың өзінде жауапты 6 жарыста 2 алтын медальмен, 4 күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасы былай тұрсын, КСРО құрама командасы мүшесі болу ол кезде үлкен еңбек пен қажырлы қайратты, талантты талап еткені баршаға аян. Еліміз тәуелсіздік алып, көк туымызды желбіретер тұста Есенгелдінің өлімі жұмбақ болды. Бір арман кетті,ол- тәуелсіз Қазақстанның көк туын өзге елде желбірету еді. Ия, өкінішті Есенгелдінің өмірі қысқа болды. Аққан жұлдыздай тез сөнді.


ІҮ. Қорытынды:. Ертеңгі ауданның болашағы туралы кеспе қағаздар үлестіріледі ондағы сөздер арқылы оқушылар бір ауыз сөзбен қорытындылайды.

«Болашақ», «Менің ауылым», «Бизнес», «Дамыған», «50 ел»
М.Тәжин атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Әбдіғалиева Айсана Нағашыбайқызы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет