Түркі мәдениетінің тарихы



Дата22.10.2023
өлшемі18,02 Kb.
#187430
Байланысты:
түркі халқы мәдениеті




Түркі мәдениетінің тарихы

Түркілер мәдениеті ежелгі түркі елінің қалыптастырған мәдениет түрі болып табылады.Тарихы сонау VI ғасырдан бастау алып, Орта Азия жерінде тарала бастаған бұл мәдениет-қазіргі тарих сахнасына ерен рөл ойнады. Халықтың іргесін қалап, болмысын қалыптастырды.


Түркі елі-Алтай тауларынан Шығыс Монғолияға дейін созылған аймақта өмір сүрген тайпалық одақ. Қазіргі таңда көне түркі ұрпақтары жер жүзінде көптеп кездеседі. Олардың құрамының басым көпшілігін түріктер,өзбектер,қазақтар құрайды. Бұл халықтар өздерін ежелгі ұлы түркілердің ұрпағымыздеп санайды. Түркілердің қазіргі таңдағы ұрпақтары Еуропа елдерінде де белгілі бір дәрежеде кездестіруге болады. Бұдан біз ежелгі түркі тамырының тереңге және кеңге бойлағанын байқаймыз.


Тарихы бір болғандықтан болса керек, тамыры түркілерден бастау алған ұлттардың ұқсастықтары да көптеп кездеседі. Барлығы да түркі атауымен тығыз байланысты елдердің діні,ділі тіпті тілдері де ұқсас келеді. Өздерінің ұқсастықтарынан тыс, түркі халқының ұрпақтары бейбітшілігімен, мәдениетімен ерекшеленеді. Олардың байсалдылығы мен батылдылығы басқа ұлт өкілдерінен ерек әрі өзгеше.


Түркі өркениеті оңтүстік және солтүстік екі бөлікке бөлінеді.Оңтүстігін Ұйғыр,Өзбек мәдениеттері құраса,солтүстік бөлігін қазақ,қырғыз басқа да Орта Азия халықтары құрайды.Солтүстік бөлігі өркениеттің негізгі тірегі болса,оңтүстік бөлігі сол мәдениеттің жетілдірушісі болып табылды.Екі бөлінгенімен ұқсастықтар көп болды.Мысалы:тұрмыстық заттарында,аспаптарында,өмір сүру үлгісінде бірдей тұстары кездесіп жатады.Тіпті Түркі туларында да ұқсастықтары аз емес.


Еліміздің Оңтүстігімен шығысында б.з.б 1 мыңжылдықта мекендеген Сақ тайпасы қоғамдық даму үдерісінде мемлекеттік құрылыс кезеңіне келген. Сол уақыттарда Сақ тайпасында мал өсіру шаруашылығы сондай – ақ егіншілікпен қатар темір қорыту да дамыған тұсы еді. Қызыл – қоңыр және магнитті темір рудасынан үй шаруасына қажет құралдар, түрлі қару- жарақ түрлерін және зергерлік бұйымдарды өндіргенімен қатар тоқыма өнерінен де қалыс қалған жоқ. Жалпы түркілерде кілем тоқу ерте дәуірлерден бастау алған деседі. Олардың өзіндік кілем тоқу техникасы мен өздеріне тән мотивтері болды.


Түріктердегі жазбаның болғандығы алғашқы болып Қытай деректерінде айтылады. Одан тыс Еуропа мен Азия ғалымдарыда көне түркі халқында жазу өнерінің болғандығын мойындағандай. Олардың бірі Моңғолияның солтүстігінде Орхон өзенінен табылған көне түркі жазбаларының ескерткіштері – стелалар, яғни тас плиталар. Көне түркі халқының тағы бір ауыз толтырып айтар ескерткіштері, ел билеген қаған мен батыр Білге – қаған және Күл – Тегіннің құрметіне тұрғызылған ең ірі руна жазуы бар ескерткіштері.


Көне түркі дәуірінде, ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдар да бар. Олар түркі дәуірінің ғылыми және әдеби әлемінің жарқын өкілдері: әл Фараби, Юсуф Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмед Яссауи.

Түркі халықтарының ата тегінен қалған нақты рухани мұралар үлгісіне Орхон – Енисей бойынан табылған тасқа ойылып жазылған ескеркіштер жатады. Ескеркіштер ежелгі заман тайпаларының Түркі заман тұсындағы тұрмысы мен, салты мәдениеті мен жаугершілік жортуылдарын мәнерлі тілмен өсиет үлгісінде баяндаған.


Түркілер тарих сахнасында тез арада пайда болып, өз аттарын көптеген халықтарға қалдырып, ғайып болды. Тарих ойып алардай орны бар бұл халық өз билігін айналасаны мойындату үшін билік жүйесін құрып алған еді. Өз билеушісі, халқы, мәдениеті болған қағанаттың затына сай шекарасы да болды. Оның териториясы: батыстағы шекарасы VI ғасырдың аяғында Византиямен, оңтүстікте Персия және Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен іргелес жатты.




Қорытындылай келгенде, әлем мәдениетінің, жалпы адамзат өркениетінің қалыптасуына ерекше әсер етіп, ықпал жасаған, өзіндік орны бар түркі мәдениеті жайлы көптеген мәліметке қанық болдық. Мұны түріктердің рухани мәдениеті мен Орхон-Енисей ескерткіштерінде бейнеленген Күлтегін мен Тоныкөктің қалдырған жазбаларынан-ақ көреміз. Түркі дәуірі қалыптасқаннан бері, өз алдына ерекшеленіп келе жатқан түркі мәдениетінің ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан ұлағаты мол дәстүрлер мен тығыз байланыстар, әсіресе мұның үміт күтер кемел келешегі бізді өте қатты таңғалдырды. Азия мен Еуропаны, Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл мәдениет, көптеген өзге мәдениетттердің дамуына үлкен ықпал жасады. Қысқаша айтқанда сонау ежелде Қазақстан аумағын мекендеген отырықшы түркі тайпаларынан бастап түркі мәдениеті даму процесі барысында көптеген кезеңдерден өтіп, түрлі өзгерістерге ұшырады. Яғни түркі мәдениеті даму барысында түрлі сатылардан өтіп бүгінгі әлемге әйгілі өркениетке айналып отыр. Қысқаша айтқанда түркі мәдениеті жаhандық мәдениет ұғымының ажырамас ең негізгі бөлігі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет