Лекция жоспары: Дене мәдениеті тарихы



Дата26.05.2022
өлшемі14,69 Kb.
#145063
түріЛекция
Байланысты:
Лекция \'1


No1 лекция тақырыбы: Дене мәдениетінің жалпы тарихы
Лекция жоспары:
1. Дене мәдениеті тарихы.
2. Дене мәдениеті тарихының кезеңдері.
3. Алғашқы қоғамдағы дене тәрбиесінің шығу тарихының мәселелері.
1. Дене мәдениетінің тарихы – тарих ғылымның жеке саласы болып саналады. Дене мәдениетінің тарихы адам қоғамындағы - өмір сүрудің әр – түрлі кезендеріндегі дене мәдениетінің дамуын зерттейді және Дене мәдениетінің аймағындағы, таптық – антогонистік қоғамындағы тиімді әсер етуші заңдылықтарды оқытады. Дене мәдениеті тарихы пәнінің мазмұнына дене тәрбиесінің құралдары, қалпы, әдістері, идеялары, дене мәдениетінің ілімі, әдістемесі және жүйесі кіреді.
Дене мәдениеті тарихы өзін тарихи білімдердің арнайы саласы деп, дене тәрбиесі мен спорт туралы ғылымның ерекше бөлімі ретінде қарастырылады: “Дене мәдениеті тарихы” пәні ежелгі уақыттан біздің күнге дейінгі дене мәдениетінің шығуы мен дамуын, қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлімі ретінде қарастырылады. Дене мәдениетінің тарихы – ғылым ретінде ХІХ – ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастады, ол білімді адамдардың, педагогтар мен дәрігерлердің дене тәрбиесіне деген қызығушылығынан туындады.
2. Дене мәдениетінің тарихы – тарихи білімдердің арнайы саласы ретінде бірнеше даму кезеңдерінен өтті. Оның осы құрылымының негізін ғылыми кезеңдер құрайды.
Дене мәдениетінің тарихы – мынадай кезендерге бөлінеді:
Бірінші кезең – ежелгі дүниедегі дене мәдениеті тарихы, алғашқы құрылыс пен құлиеленуші кездердегі дене мәдениеті түрлерін қамтиды.
Екінші кезең – орта ғасырлардағы дене мәдениеті тарихы, дене мәдениетінің феодалдық түрінің шығуын, гүлденуі мен құлдырауын қамтиды.
Үшінші кезең – жаңа уақыттағы дене мәдениетінің тарихы – бұл кезең дене мәдениетінің буржуазиялық түрінің шығуы мен билеген уақытын қамтиды.
Төртінші кезең – жаңалау уақыттағы дене мәдениетінің тарихы – бұл кезең дене мәдениетінің әлеуметтік жағдайдағы шығуы мен орнығу уақытын қамтиды.
Ал, оның пәнінің құрылымы:
1. Жалпы дене мәдениетінің тарихы – барлық қоғамдық экономикалық формациядағы дене мәдениетінің даму заңдылықтары.
2. Халықаралық спорттық қозғалыс тарихы.
3. Қазақстандағы – отандық дене мәдениетінің тарихы.
4. Дене жаттығуларының шығу мәселерінің тарихнамасы.
2

Дене мәдениетінің бастапқы шығуы, құрылым бойынша да мазмұны бойыншада күрделі мәселе. Ол келесі сұрақтарды қамтиды: дене мәдениетінің объективті және субьективті факторларының шығуының өзара байланысы, алғашқы даму кезеңіндегі ерекшеліктері; алғашқы қоғамдағы дене тәрбиесінің; негізгі жақтары.


Дене мәдениеті неден шықты? Адамдардың еңбек қызметінен бе немесе діни өкілдіктерден бе? Ол қоғаммен немесе аңдар дүниесімен қатынасты ма, биология заңдарына бағына ма? Әр елдердің білімділері бұл мәселелерді шешу үшін әр–түрлі пікірлер айтты.
1) Тарихи ғылымдардың кейбір өкілдері өздерінше дәлелдеді, онда дене тәрбиесінің бастаулары, нақтырақ айтсақ дене мәдениетінің элементтері аңдарда бар, сондықтан биология заңдарына тәуелді деді.
2) Теориялық ағым бойынша авторлары дене мәдениетінің дамуы діни өкілдегі адамдардан шықты дейді. Мысалы: Э.Кайс «Дене тәрбиесінің қысқаша тарихы», (1927 ж.) кітабында деректер келтірілген.
3) Атақты испан социологі Х.Ортега мен Гассет спорттың бастапқы жайы және қоғам өмірінде еңбектің бағынышты рөлі туралы идеяны дамытады және мемлекеттің дамуына – адамдардың спорттық қызметі себеп болды деген. Ағылшын философы, социолог Гербет Спенсер (1820 – 1903 жж.). Ол алғашқы қоғамдағы адамдардың бірлестіктері мен ондағы дайындықтары алғашқы спорттық клубтарда болды деп тұжырымдайды, олар ордадан руларға өту баспалдағынан жанұя құруына себеп болды дейді.
4) Г.В.Плехановтың көзқарасы бойынша адам санамен істелінген жаратылыс, жалпы биологиялық заңдарға бағынады десе, Е.А.Покровский (орыс зерттеушісі) ойындар мен дене жаттығулары баланың сыртқы өмірімен қарым – қатынасын дамытатын құрал деді.
Дене мәдениетінің шығу түсінігінде үлкен құнды жұмыстарда Ф.Энгельстің орны бөлек. Оның «Жанұяның шығуы және мүлік пен мемлекет тарихы» еңбегінде адам қатарына қосылу заңдылықтары алғашқы қоғамның дамуы және құлдырауының тарихы, дене тәрбиесінің ру мен тайпаның қоғамдық өмірдегі рөлі туралы жазды, және еңбек ету процесінен адамның түр әлпеті өзгергендігін дәлелдеді. Оның айтуынша адам адам болып 40 мың жыл аралығында қалыптасқан. Адам иілімді, епті және тұла бойы әдемі болды. Еңбек ету процесі уақытында негізінен аң аулауда жүгіру, лақтыру, жорғалау іс - әрекеті сияқты дене сапаларын дамытты дей келе адамның әлсін - әлсін еңбек іс - әрекетінде алынған өзгерістері ұрпаққа беріліп тұқымқуалай бастады. Еңбек процесі кезінде тәрбие де жанданды және еңбектің өзі адам пайда болғаннан кейін ғана дамыды дейді.
Алғашқы құрылыс қоғамы миллион жыл шамасында болған, оның өзі кезеңдерге бөлінді: рулық қоғамға дейін, алғаш құрылыс қоғамы, алғаш құрылыс қоғамының таратылуы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет