с өзі «көп, мол» мағынасында жаңадан тіркес
құрап қолданылмайды. Ертедегі әдебиет нұсқалары меп жыр-
ларда кездесетін
ауыр жұрт, ауыр қол, ауыр әскер, ауыр дәулет дегендердегі
ауыр сөзінің мағынасы қазіргі мағыналарынан өзгеше
деп тану керек, ол − «көп, ұлы, үлкен, қымбат, бағалы» деген ауыспа-
лы мағыналар. Әрине, бұл сөздің осы күнгідей салмаққа, қиындыққа
қатысты мағынасы және осылардан ауысқан өзге де мағыналары
ертедегі қазақ тілінде де болған.
АШ ҚҰЛАҚ « Аш құлақтан тыныш құлақ» деген мәтелдің
мағынасы түсінікті, ол «бір нәрсеге араласпай тыныш жүру», «қаш-
қалақтау», «жан тыныштығын сақтау» деген мәндерде жұмсалады.
Мәтелдің соңғы бөлігінің де
( тыныш құлақ ) мағынасы мен
лексикалық құрамы айқын, ал
аш құлақ дегендегі компоненттердің
тіркесу қабілеті, мағыналық қисындылығы күмәнді, түсініксіз:
әдетте
құлақ сөзі
сақ құлақ , ұзын құлақ деген тіркестерде келеді,
ал аш болу құлақтың қасиетіне жатпайды. Ислам дініне қатысты
әдебиеттерді оқығанда, арабша
аш қуллаһ деген тіркесті кездестірдік.
Ол «Аллаға деген шынайы махаббат» дегенді білдіреді екен. Бұл –
Ясауи ағымының постулаты. Ясауи діни ағымы орта ғасырлардан
бастап (ХІІ-ХІІІ ғасырлардан) қазақ халқын құраған тайпалардың
арасында кеңінен таралғаны мәлім. Бұл ағымның негізін, жолдарын,
қағидаларын терең түсінбесе де, ислам дінін уағыздайтын, қалың
жұртшылықты осы дінге тартатын жолдардың (ағымдардың ) бірі
деп санаған қара халық осы кезеңдерде (әрине, бұдан да бұрын) ис-
лам дініне қатысты сөздерді, араб тілінде ұсынылатын уағыздарды
да жиірек ести бастаған. Сірә, алғашқы кезеңдерде қара халықта
дінге деген фанатизм күшті болмаған болу керек, яғни ислам дінінің
қағидаларын жергілікті халық тілінде (түркі тілінде) тәптіштеп
түсіндіру, арабша айтылған әрбір сөздің, әрбір сөйлемнің, тіпті
әрбір уағыздың мағынасын дәлме-дәл айқындап түсіндіру қарекеті
де күшті болмағаны белгілі, яғни ерте орта ғасырларда мұндай діни
үгіт-насихат жүргізудің мықты базасы да (негізгі құралдары, жолда-
ры, әдістері де) болмағандығы аян. Сондықтан арабша жиірек айты-
латын сөздер мен фраземаларды қара халық өзінше түсініп, мақал-
мәтелдерінің компоненті (сөзі) етулері де әбден мүмкін. Сондықтан