Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет26/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

АТЫ ШУЛЫ
. Бұл тіркестегі 
шулы
сөзінің 
айғай-шу
дегендегі 
шу
сөзіне қатысы жоқ. Көне түркілер 
чау
сөзін «даңқ, атақ, даңқты, 
атақты» мағыналарында қолданған ДС, 135). Сонда 
аты шулы
деген 
тіркестің о бастағы тұлғасы 
аты шаулы
болуы керек, ол «аты даңқты, 
атақты» деген сөз болып шығады, монғол тілінде де 
цуу
«1) біреу 
жайында таралған сөз, әңгіме, 2) даңқ, атақ» мағыналарын береді. 
Демек, 
чау/чу/цуу/шау/шу
тұлғалары көне замандарда түркі-монғол 
тілдеріне ортақ сөз болып, негізінен бір мағынаны білдірген. Қазақ 
тілінде 
шау/шу
сөзі «атақ, даңқ» ұғымында жеке қолданыстан қалып, 
аты
шулы
сияқты тіркес құрамында сақталған «көнекөздердің» бірі.


50
АУЫР
. Қазақтың батырлар жырлары мен лиро-эпостарында, XV-
XIX ғасыр ақын-жыраулар тілінде 
ауыр әскер, ауыр қол, ауыр жұрт, 
ауыр дәулет
сияқты тіркестер кездеседі. Мысалы:
Алқалаған 
ауыр қолдар
тоқтарға 
Арыстанбек ұлы Сұлтан бар (Шобан).
Тебірлерге қалғанда
Теңселер сойды 
ауыр ноғай жұртыңыз
...
Тебіренсе 
ауыр жұртын
тындырмас (Шалкиіз). 
Ауыр әскер
қосымен («Қобыланды батыр»).
Ауыр әскерге
жолықтық (Радлов, VII).
Ауыр әскер қол
түрінде бұл тіркесті Махамбет ақын да бірнеше 
рет пайдаланады. Мұндағы 
ауыр сөзі
– бұл күнде салмаққа және 
қиындыққа қатысты айтылатын сөз (
ауыр балға, ауыр жұмыс
). 
Оның «қайғылы» (
ауыр хабар
), «өте үлкен, төзуге болмайтын» (
ауыр 
қылмыс),
«қауіпті; қатерлі» (
ауыр жара
), «байсалды» 
(ауыр қозғалу

деген ауыспалы мағыналары да жоғарыдағы екі мағынасынан өрбіген. 
Ал 
ауыр қол

ауыр жұрт
дегендерде 
ауыр
сөзі «көп, сансыз» деген 
мағынада келген.
Махамбет ақын бір өлеңінде 
ауыр әскер қол
десе, екінші бір жер-
дерде осы ұғымды 
мың сан әскер қол

сан шерулі қол

көп әскер
деген 
тіркестермен білдіреді. Дулат Бабатайұлы аталған ұғымды 
ұлы шерік 
қол
деп береді.
Бұл сөздің 
ағыр
тұлғасында орта ғасырлардағы түркі жазба 
ескерткіштерінде «бағалы, күшті» және «көп, сансыз» мағыналары 
бар: 
ағыр черік
– қазақша 
ауыр қол
дегеннің тура баламасы (Фазылов, 
I, 104).
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында ол 
дәулет
сөзімен тіркеседі 
де онда да «көп, мол, сансыз» дегенді білдіреді: 
Ауыр дәулет
беріпті Алла нәсіп.
Ауыр
сөзінің қазақ тілінде 
жұрт
сөзімен тіркесіп қолданылаты-
нын Шоқан да айтқан. Ол профессор Н. И. Березинге жазған ха-
тында Тоқтамыс хан жарлықтарындағы кейбір түркі сөздерінің 
қазақ тілінде бар-жоғын көрсетеді. Соның бірі – ноғайлының 
ауыр 
жұрт
тіркесі, қазақтар өзінің батырлар жырларында Алтын Орданы 
ноғайлының
ауыр жұрты
деп атаған дейді (Валиханов, I, 121). 
Л. Будагов 
ағыр (ауыр
) сөзінің өзге түркі тілдерінде (әзірбайжан, 
түрік) «маңызды, ұлы, үлкен, қымбат, бағалы, сыйлы» деген ауыспа-
лы мәнде қолданылатынын да көрсетеді (Будагов, I, 61). 
Ауыр
сөзінің 
бұл мағыналары қазақ тілінде де болған. Мысалы, «алдаспан 
ауыр 
қылыш
суырған» (Шобан) дегендегі 
ауыр
сөзінің мағынасы салмаққа 


51
қатысты емес, «бағалы, құнды», демек, «өткір қылыш» деген ұғымда. 
Ал көне түркі тілдерінде 
ағыр
сөзінің екінші мағынасы «бағалы, 
қымбат», «сыйлы, құрметті» дегенді білдірген (ДС, 19).
Бұл күнде 
ауыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет