Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет22/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

Ару
түбірінен жасалған туынды сөздер де ұмытылған, мысалы, 
арусыну, арулық
сөздері бұл күнде жоқ. Немесе 
ару
сөзінің қолданылу 
аясы тарылып, белгілі бір тіркесте ғана сақталған. Ол – 
арулау
етістігі. Бұл сөз өлікті «ақ жуып, арулап қою (көму)» тіркесінде ғана 
қолданылады. Өлікті арулап таза жудыру тіркесі қырғыз тілінде де 
бар. Ол тіркес «өлікті тазалап жуу» деп түсіндіріледі (Юдахин, 71). 
Ал қазақ тілінде 
өлікті арулап жуу, таза арулау, арулап көму (қою)
тіркестері бар. Сірә, мұнда «тазалау», «тазалап жуу» мәнімен қатар 
(ол мәнді 
ақ жуу
тіркесі де береді), «қастерлеу, әулие тұту» мәні де бар 
тәрізді. Өйткені 
ару
түбірінің діни ұғымдағы бір мағынасы «әулие», 
«құдайы», осыдан өлген адамдарды арулап көму – оны әулие тұтып, 
Құдайдай қастерлеп жерлеу дегенге де саяды. Бұл сөздің «әулие, 
әулиедей қастерлі, ардақты» деген мәні қарт, сыйлы әйелге айтыла-
тын 
аруана
тіркесінде де байқалады.
Ару
сөзінің «таза, игі» ұғымы қазақ тілінде, біздіңше, және бір 
жерде сақталған сияқты. Ол – 
ар ма

армысыз!
деп амандасқанда 
айтылатын сөзде. Мұның өзі де көне. Қазірде бұлайша амандасулар 
белгілі бір стильдік мақсатпен қолданылады. Бұл тұлғалар қазақтың 
эпостық жырлары мен ертегі-аңыздарында көбірек сақталған. 
Көріскенде 
арбаң! 
деп амандасу қырғыз әдебиетінде, әсіресе 
оның оңтүстік диалектісінде кездеседі. Бұл сөздің морфологиялық 
құрылымын К. К. Юдахин 
ары + ба + ң
деп береді де мағынасын 
«шаршау, шаршап-шалдығу, арықтау» мәндегі 
ару
етістігімен бай-
ланыстырады, яғни 
арбаң
– «шаршама» деген сөз деп аударады. 
Біздің топшылауымызша, қазақ, қырғыз және татар тілінің кейбір 
диадектісінде кездесетін 
ар ма, армысыз, арбаң, арумы
сөздерінің 
түбірі – «шаршау» мағынасындағы 
ары 
емес, «таза», одан барып 
«ауру-сырқаудан таза, есен-сау, аман» мағынасындағы 
ары (арығ, 
ару
) сөзі болар дейміз.
Ару ма
(татарша 
ар мы
, қырғызша 
ары ба
сөздері) «деніңіз ауру-
сырқаудан таза ма, есен-саумысыз» деген ұзақ амандықтың ықшам-
далған варианты болар. Зерттеуші Р.Г.Ахметьянов татар тілінің бір 
диалектісінде, сондай-ақ башқұрт, удмурд және мари тілдерінде 
(соңғының бір диалектісінде) 
ару 
сөзі сәлемдесуде айтылатындығын 
көрсетеді. Мысалы, татар, башқұрт тілдерінде 
арумы
тұлғасы «жақсы 
тұрып жатырсыз ба! (жақсымысыз! амансыз ба!») деген мағынада 
жұмсалады дейді (Ахметьянов, 19).


45
Қазақтың ертедегі үлгілерінде амандасудың (мүмкін, тілдесудің) 
бұл тұлғамен берілуі 
арма! (ар ма!)
түрінде келеді және бұл лебізді 
көбінесе жасы кіші үлкенге білдіреді. Мысалы, «Қобыланды» жы-
рында жас батыр Қобыланды «қырық күншілік Қазанға» өзінен 
бұрын аттанып кеткендердің ішінде Қосдәулетті қуып жеткенде:
Үлкен едің, 
арма
! деп, 
Алдында кісі бар ма? Деп, – 
тілдеседі. Аққозы, Қарақозы сияқты өзінен үлкендерге де 
арма

дейді, ал құрдасы Қараманды қуып жеткенде, онымен бұлайша 
сәлемдеспейді. Бірақ, сірә, 
арма
сөзі жалпы амандасу үшін де айты-
ла берген сияқты. Мысалы, Бекежан Жібек қызға Төлегеннің өлгенін 
айтуға келгенде, сөзін:
Айтамын 
айт
дегеннен, 
арма
, Жібек, 
Ботасы өлген түйедей зарла, Жібек! – 
деп бастайды. Ал кейінгі кезеңдерде жазушылар бұл сөзді 
аман- 
бысың! амансыз ба! амансыңдар ма!
деген сөздердің тепе-тең 
баламасы ретінде қарап, 
армысың! армысыз! арсыз ба! армысыңдар

деген тұлғаларда қолданғандары байқалады. Мысалы, «Жанталас» 
романында:
– 
Арсыз
ба, Бұхареке!
– Барсыңдар ма, өрендерім! – деген диалогті оқимыз.
Арма
сөзін бұлайша сыртқы тұлғасын құбылтып қолдану не 
түсінбестіктің, не тілге жауапсыздау қараған еркіндіктің жемісі бо-
лар. Өйткені о баста бұл сөз – тек 
ару ма (ары ма)
деген жеке сөз 
бен шылаудың тіркесі түрінде ғана қалыптасқан қолданыс сияқты. 
Арығ, ары(у)
сөзінің соңындағы 
ығ(ыу)
дыбыстарының түсіп қалуы, 
сөйтіп, 
арма
болып кірігіп кетуі – заңды құбылыс. Сәлем сөз 
арма

болса, оған қайырылатын сөз 
бар бол
! болуы керек, бұл «бәрекелді, 
рақмет!» деген сияқты мәнді беретін болса керек.
Ару (ары)
сөзінің «таза» мағынасы қазақ тіліндегі 
арылу
етістігінде де сақталған. 
Арылмақ
сөзі қазіргі түрік тілінде екі түрлі 
ұқсас мәнде жұмсалады: 1) тазару, таза болу, 2) аурудан сауығу, жазы-
лу (Турец.-русск. сл. 1977, 62). Татар тілінде де 
ару
– «таза», 
арулық 
– «тазалық», 
аруламақ
– «тазарту». Қазіргі қазақ тілінде 
арылу
сөзі 
«бір нәрседен құтылу, тазару», одан барып «ақталу» деген ауыспалы 
мәнде жұмсалады (ҚТТС, 1974, І, 360).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет