43
АРУ
.
Қазірде тілімізде бар
ару
сөзін ертедегі қазақ әдебиеті
нұсқаларынан жиірек кездестіреміз. Мұнда бұл сөз екі түрлі ұғымда
келеді: бірі –
әйел, қыз
деген сөздерден бұрын тұрып, «сұлу, сүйкімді»,
«абзал, ардақты» дегенді білдіреді немесе жеке тұрып «сұлу қыз,
сүйікті әйел» деген мәнде жұмсалады. Доспамбет жырау өзі туралы
толғауының бір жерінде:
Алғаным
Әли ағаның қызы еді,
Қас
арудың
өзі еді.
Маңдайы күнге тимеген,
Желге шашы үрмеген,
Серпіліп адам бетін көрмеген, –
дейді. Сонымен қатар XV-XVII
ғасырлардағы нұсқалардан
ару ат,
ару ұл, ару батыр
деген тіркестерді ұшыратамыз. Шобанда:
Ақтабан
ару торы ат
жайлаған...
Шалкиізде:
Айсұлдың
ару
Әметі тұрғанда...
Айсаның
ару ұлы
Қолай бар.
Бұл күнде
ару ат, ару жігіт
деген тіркестер құлаққа жат естіледі.
Қазірде
ару
сөзі әйелге, көбінесе сұлу жас қызға қатысты қолданылса,
ертеректе
ару
сөзінің «пәк, таза, кіршіксіз»
және діни ұғымдағы
«әулие, ие», осылардан барып «игі, мінсіз, игілікті, асыл, күнәсіз,
пәк» деген ауыспалы мағыналары пайда болған.
Сондықтан көне
түркі ескерткіштерінде
арығ тон
(таза киім),
аруғ азуқ
(адал тамақ),
қылқы аруғ
(мінез-құлқы игі),
ару күмүш
(таза, қоспасыз күміс) де-
ген тіркестерді көреміз. Көне түркі тілдеріндегі
аруғ
қызлар
тіркесі
осы күнгі қазақ тіліндегідей жалпы «сұлу қыздар» емес, «күнәсыз,
пәк қыздар» деген ұғымда келеді. Орта ғасырлардағы түркі жазба-
ларында да
ару (ары, арығ, аруғ, арық)
сөзінің «таза, кіршіксіз»,
«әулие, игі» мағыналары сақталған. Мұнда да
ары тон
(таза киім),
ары гәуһар
(шынайы гауһар),
арық гүл
(таза гүл),
арығ сув
(таза, ағын
су),
арығ сифат
(игі сипат) деген тіркестерді көреміз. Бұл сөз, тегі,
тек түркі емес, түркі-монғол тілдеріне ортақ ежелгі сөз болу керек.
Өйткені монғол тілінде де
ариг
сөзі «таза» мәнін береді. Монғолша
ариг ус
– ауыз ту (таза, ішуге келетін су),
арила(х)
қазақша
арула(у)
«тазарту, тыйылу (жауынның ашылуы), жойылу, жоғалу» мағынасын
береді,
ариун
– 1) «киелі, әулие, таза, адал, 2) үсті-басы таза жүретін»
деген мәндегі сөздер.
Жоғарыда
қазақ өлеңдерінде кездескен
ару
сөзінің жылқыға және
ер адамға қатысты айтылған сәттері бұл сөздің көне мағыналарының
қазақ тілінде де қолданылғандығын танытады. Дегенмен
ару
сөзінің
көне мағыналарының баршасы қазақ тілінде
біз сөз етіп отырған
дәуірлерде-ақ сақталмаған. Мысалы, бұл сөздің су, киім,
тамақ
44
сияқтыларға қатысты қолданылуы келдеспейді. Тек адам мен онық
жан серігі – жылқыға байланысты қолданысын көреміз және «игі,
мінсіз» дегеннен ауысқан «өте жақсы, абзал» деген мәндерде келгенін
байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: