5) Күй «Май түні»
6) қара сөзі 1 оқушы: Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық- әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік:қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
2 оқушы: Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, қөңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
3 оқу: Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
4 оқу: Ғылым бағу? Жоқ , ғылым бағарғада ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Мұндасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі-бір тез қартайтатұғын күйік.
5 оқу:Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не қөңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
6 оқу: Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Оны да ермек қыла алмадым.
Абай: Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
а7)Адамдықтың белгісі -адалдық
Жамандықтың белгісі- арамдық
Әлсізді қорғандар
Момынды қолдандар.
Тондарың өзгерсе де,
Жандарың өзгермесін
Түстерің құбылса да,
Істерің құбылмасың.
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңдер
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңдер.
Оқу:Әбу Наср әл-Фараби-энциклопедист-ғылым, философ, математик, музыка теоретигі, әдебиет зерттеушісі, ақын. Әл-Фараби 870 жылы Қыпшақ даласындағы Отырар қаласында әскери қыхзметкердің отбасында өмірге келген. Әл-Фарабидің толық аты жөні: Әбу Наср Мұхаммат ибн Тархан ибн Узлағ әл –Фараби деп аталған. Тарихи деректер бойынша, Әл-Фараби орта бойлы, мығым денелі, қайратты да қайсар, батыл кісі екен. Бала кезінен-ақ пат құлағында ойнайтын шабандоз әрі садақпен құралайды көзге атқан мерген болыпты.
Әл-Фараби бүкіл өмірін Бағдат қаласында өткізеді. Әл-Фарабидің ат салыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы тағы басқа ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып кеткен.
Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақтылы деректер жоқ. Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейшнейдер 117 еңбек десе, түркі ғалымы А.Атеш-160, ал тәжік ғалымы Б.Ғафуров 200 трактат деп көрсеткен. Ұлы ғалымның ұшан-теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық шығарма. Осы еңбектердің өзі-ақ Әл-Фарабидің энциклопедист-ғалым, дарынды әдебиетші, ұшқыр ойлы ақын болғанын толық дәлелдейді.
Фараби-әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым. Өлең құрлысын зерттеуге арналған «Өлең және ұйқас туралы сөз», «Өлең ырғағы туралы», «Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат» деп аталатын зерттеулері болған. Бізге толық күйінде жеткен екі зерттеуі ерекше назар аударады. Олардың бірі- «Өлең өнері» деп аталады. Онда араб поэзиясының теориялық мәселелері жазылған. Екіншісі- «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» деп аталатын зерттеу. Грек поэзиясының жанрларына, терминдеріне, өлең өлшемдеріне талдау жасайды.
Сонғы жылдары Әл-Фарабидің бұрын ғылымға белгісіз болып келген аса құнды бір шығармасы Братислава университетінің кітапханасынан табылған. арабша жазылған бұл ғылыми еңбек "Китаб ашшеьер" («Өлең кітабы») деп аталды. Бұл шығарманы араб тілінен өзбек тіліне аударып, оған алғы сөз, ғылыми түсініктер жазып, жеке кітап етіп шығарған белгілі өзбек ғалымы А.Ирисов болды.
Әл-Фараби мен Абай арасында даналық ой-пікір сабақтастығы жайында нақты деректер де көптеп артылады. Әбу-Насыр әл-Фараби –өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі. Ақын ақыл-парасат пен оқу-ағарту ісінің жалынды күрескері болса, дана Абай да өз заманының гуманистік тұрғыдан айтылған ой-пікірлері бүгінгі оқырманды да таңдандырып, сүйсіндірді.
Ғалымдар пікірі:
Әбу Әли ибн Сина: (ұлы ойшыл) ... Бір күні бесін намаз кезінде кітап саиушыға бардым. Онда бір делдал мұқабалы бір кітапты қолына ұстап алып, мақтап тұр екен. Ол мені қасына шақырып, маған кітапты көрсетті. Сонда мен бұл ғылымды білудің пайдасы жоқ деген оймен әлгіні жақтырмай, алмайтынымды айттым. Делдал маған: «Бұл кітапты ал, бағасы арзан-үш дихрам, кітаптың иесі ақшаға мұқтаж»,-деді. Осылайша мен кітапты сатып алдым. Қарасам, ло Әбу Наср әл-Фарабидің «Метафизика» кітабының мақсаты жайында жазылған шығармасыекен. Үйге келген бойда оны оқуға кірістім. «Метафизика» ойыма жатталып қалған себепті сол сәтте-ақ кітаптың мазмұның түсініп алдым. Бұған қатты қуанып кеттім. Мұндай кітаптың табылғанына шүкіршілік жасап, ертеңіне-ақ кедейлерге біраз нәрсе садақа бердім.
Ибн Халликон:( ) ...бұл ғалым жайында пікір айтқандардың сөзіне қарағанда, Әбу Наср, сол философ Аристотельдің «Физика» деген шығармасын қырық рет оқыдым, бірақ оны тағы қайталап оқуым керек деген екен.
...Бір жолы Әбу Наср әл-Фарабиден:
-Философия саласында кім мықты, Сіз бе әлде Аристотель ме?-деп сұрапты:
Сонда әл-Фараби:
-Егер мен ол кісінің өзінен білім алу бақытына ие болғанымда, онда мен оның ең мықты шәкірттерінің бірі болар едім,-деп жауап беріпті.
Білімге құштар жандар Әбу Насрға тыным бермей, бірі келіп, бірі кетіп жатады. Ол жазған шығармалар бөлке-салақ күйінде шашылып жатады екен. Еңбектерін ол үлкен дәптерге емес, жеке параққа жазып тастай берген. Сол үшін көптеген шығармаларының жеке тауарлары мен бөлімдері ғана сақталып қалған.
1)Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады.
2) Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.[4]
3) Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды.
4)Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
5) Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
6)Ақын өзінің талантты шәкірттерін тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар шәкірттері Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия болды. Абай көзі тірісінде өзінің өлеңдерін жинаған емес. Олардың әрқайсысын бір жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере берген. Олар Абайдың өлеңдерін жаттап алып отырған. Сөйтіп Абай өлеңдері қазақ даласында ауыздан ауызға таралып кете барды. Оның өлеңдері қолдан қолға көшіріп алынды. Ондай қолжазба көшірмеге ие болу әрбір сауатты қазақ үшін зор ғанибет болатын. Кейінірек Абайдың туындыларын оның ұлы Тұрағүл жинастыра бастады. Абай өлеңдерінің ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкітайдын арқасында Қазан қаласында басылып шықты. Абай Құнанбаевтың өлең- дерін жинауға және бастырып шығаруға көп күш-жігер жұмсап, игі ықпал еткен адал ақын Көкбай Жанатайұлы (1864—1927) болды. Ол өлеңдер белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханұлының редакциясымен басылып шықты
Достарыңызбен бөлісу: |