Күй «Майда қоңыр» Би


) Ән «Қараңғы түнде тау қалқып» «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі29,96 Kb.
#86052
1   2   3
Байланысты:
абайтану ашылу

3) Ән «Қараңғы түнде тау қалқып» «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
4)

  1. Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көк кітап келді алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.

2). Жастықтың оты, қайдасың,


Жүректі түртіп қозғамай?
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай?
Адамның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін ойламай?
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге
Артық ғылым кітапта
Ерінбей оқып көруге,

3) Болмасын кекшіл,


Болсайшы көпшіл,
Жан аямай кәсіп қыл.
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң,
Бола ма дәулет, нәсіп бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей-
Тояды қарның тіленбей.
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол-бай тап,
Адам бол-мал тап,
Куансаң, қуан сол кезде.
Біріңді, қазақ, бірің дос.
Көрмесең, істің бәрі бос.

4)Білімдіден шыққан сөз


Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.
Жүрегі айна, көңілі ояу,
Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасың ба сөзді тез.

5) Жүректе қайрат болмаса,


Ұйықтаған ойды кім түртпек?
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек.
Малда да бар жан мен тән,
Ақыл , сезім болмаса.
Тіршіліктің несі сән,
Тереңге бет қоймаса?
6)Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіне сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан-шын асыл, тастай көрме.

7)Жүрек-теңіз, қызықтың бәрі-асыл тас.


Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.
Жүректен қызу-қызба кете қалса,
Өзге тәннен еш қызық, іс табылмас.
Достық, қастық, бар қывзық-жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл-күзетшісі.
Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық.
Арын, алқын-бұл күннің мәртебесі.
Қартаң тартқан адамнан от азаймақ,
От азайса, әр істің бүрі тайғақ.
Шаруаң үшін көрінген ақыл айтып,
Жолың тайғақ, аяғың тартар маймақ.

8)Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,


Үннің тәтті оралған мәні оятар,
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар.
Адам аз ба мұны біліп ән саларлық,
Тыңдаушы да аз ол әннен бәһра аларлық,
Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге,
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет