Аурудың эпизоотологиясы Қой мониезиозы Қазақстанда кең таралған. Мониезиоз малға өріске шығысымен жұға бастайды, ал төл арасында аурудың алғашқы сырт белгілері жайылымға шыққан соң 15-20 күннен кейін байқалады. Бұл гельминтоз 2-3 айлық қозыларды энзоотия түрінде өтеді де, көпшығын 80 пайызға дейін әкеледі. Бұл ауру жылдың екімезгілінде байқалады. Ауруды анықтау Эпизоотологиялық деректер мен сырт белгілеріне қарай, лабораториялық тексерулерді пайдалана отырып ауруды анықтауға болады.
Ауруды анықтау Лабораториялық әдістер Мониезиозды анықтау үшін капрологиялық әдістердің бірнеше түріқолданылады, макроскопиялық ж/е микроскопиялық, өйткені ауру малдан сыртқы ортаға нәжіс пен құрттың соңғы пісіп жетілген бунақтары және жұмыртқалары түсіп тұрады.
гельминтоскопиялық әдістер.
2) гелминтовокопиялық әдістер.
Күйістілер тизаниезиозы Тизаниозбен күйісті малдардың көбі ауырады. Біздің елімізде аурудың қоздырғыш құрты қойдан, ешкіден, ірі қарадан және кейбір жабайы аңнан табылған. Паразит аталған малдардың ащы ішегіне орналасып тіршілік етеді.
Қоздырғышы: Қоздырғышы- ақ түсті таспа құрт –Thysaniezia giardi –ұзындығы 1-4,5м, ені 1см-ге жетеді. Магиезиоздан айырмашылығы –әр бунақтабір ғана қызтекелік жыныс мүшесі бар. Сондықтан жыныс тесіктері буылтықтың бірғана бүйірінен кезек-кезек ретсіз ауысып проглатиданың не оң, не сол жағынанашылады. Жатыры сан бұралған түтікшесекілденіп көлденең жатады.
Құрылысы: Тизаниоздардың 3 сатысы бар: имаго, жұмыртқа, ларвоциста. Эпизоотологиясы: Тизаниезиоз Қазақстан мен Орта Азия Республикаларында кең таралған.Қазақстанның О. Шығысында бұл дерт жыл бойы тіркеледі. Қозылар 5 айлығынан бастап шалдығады. Аурутоқтылар мен ересек қойларда жиі кездеседі. Наурызда туған қозылар да іш құрт ауру белгілері тамыз, қыркүйек айларында білінеді. Қарашаға дейін жұғу деңгейі көп емес.