Теміреткі
Теміреткі - (грекше lіchen – жұқпалы) – этиологиясы әр түрлі көптеген тері ауруларының жалпы атауы. Теміреткінің негізгі белгісі – денеде ұсақ түйіндер пайда болып, адам қатты қышынады. Теміреткімен барлық жастағы адамдар ауырады, әсіресе 40 – 60 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездеседі. Дерттің дамуына әр түрлі инфекцияның түсуі,организмде жүйке және иммунды жүйелердің бұзылуы, улану және аллергия жағдайлар әсер етеді. Ауру жұқтырған күннен бастап 2-3 аптадан кейін аурудың белгілері басталады. Алғаш белгілері диаметрі 0,3-0,5 мм көлемінде басталатын таңғылдақтар ақшыл қабыршақтанып, үлкейіп, әр түлі формалы болып келеді.
Теміреткі алғашқыда дененің кез келген жеріне қызарып, бөртпе болып шығады.Теміреткімен науқастанған адамның немесе жануардың түскен терісі, шашы, түгіндегі аурудың қоздырғыштары бірнеше жылға дейін қатты аяздарда да, аптап ыстықтарда да өмір сүруге бейім келеді. Аурудан кейін залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмеген жағдайда бөлменің шаңында, науқастың киімдерінде, бас киімдерінде төсек орын жабдықтарында, ойыншықтарында және басқа да науқас пайдаланған заттарында аурудың қоздырғыштары өмір сүре береді. Шаштараздарда ауру адамға пайдаланған қайшы, тарақ, алмас, тырнаққа күтім жасау үшін арналған құрал-жабдықтар, сүлгілер талапқа сай залалсыздандырылмаған жағдайда ауруды жұқтырудың көзі болып табылады. Егер ауру адамнан кейін қырқылған шашты өртеп жібермесе ол да ауруды жұқтырудың бір көзі болып табылады. Ауру көбінесе адамдардың бетінде, бастың шашты бөлігінде, мойындарында, қолында, яғни дененің ашық жерлерінде кездеседі. Сонымен қатар, киім жауып тұратын бөліктерінде де жиі кездеседі. Ауру адам шомылған бассейндерде, моншада, ашық су көздерінде сау адам шомылса, науқас пайдаланған сүлгі, мочалкасы т.б. заттарын пайдалану арқылы ауруды жұқтырып алу қаупі бар. Ауруға шалдыққан үй жануарларын ветеринарлық дәрігерлерге көрсетіп, емдету қажет. Ауру адам және жан- жануарлар уақтылы емделмеген жағдайда өмірінің соңына дейін ауру көзі болып жүре береді.
Теміреткі денеге шыққан жағдайда киім-кешектерін, төсек-орнын міндетті түрде залалсыздандырып отыру қажет. Науқас адаммен киім алмастырып киюге болмайды және де қарым-қатынастағылардың барлығы 30 күнге дейін қадағалауға алынады.
Теміреткі медицинада лишай деп аталады. және оның түрлері көп.
Олар мыналар:
-Розовый лишай
-Опоясывающий лишай
-Отрубевидный лишай
Алғашқы аталған екеуінің қоздырғышы вирустар және бұл түрімен иммунитеті нашар адамдар ауырады.Таратушылар да осы аурумен ауырып жүргендер.Ал соңгысының қоздырғышы микроскопиялық саңырауқулақтар.Олар да түр түрге бөлінеді мысалы: трихофития,микроспория,эпидермофитоны; осылардың бөрін қосып ДЕРМАТОМИКОЗ аурулары деп бір топқа кіргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |