Теміреткі


Белдеме теміреткі немесе белдеме герпес (опоясывающий лишай, опоясывающий герпес – herpes zoster)



бет2/3
Дата28.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#170462
1   2   3
Байланысты:
Лишай айнара

Белдеме теміреткі немесе белдеме герпес (опоясывающий лишай, опоясывающий герпес – herpes zoster) нейтропты ДНК-құрамды герпес вирустары қатарына жататын, антигендік құрамы жағынан және басқа қасиеттерімен «жел шешек» вирусына ұқсас немесе солтектес вирус (Varicella Zoster) туындататын ауру. Аурудың дамуы бала кезінде «жел шешекпен» ауырған және ауру қоздырғыш вирус латентті жағдайда өмір сүріп, өзіне қолайлы кездерде баскөтеріп, белсенділігін жоғарылатуымен байланысты.
Үшкіл нервтің екінші және үшінші тарамдарының бойымен белдеме теміреткі бөртпелер ұрт, ерін, таңдаймен бірге бет пен мойын терісіне шығады. Сезімталдығы төмендеп жүйке бойы қатты ауырады, температура 38—39° С дейін көтеріледі.



Қабыршықты темiреткi бұны медицина тілімен псориаз деп атайды.
Ауруға шалдыққан адамның денесінде қызыл, құрғақ, терінің деңгейінен сәл жоғары көтеріліп тұрған дақтар — папулалар пайда болады. көбіне бірнеше папула бірігіп, бляшкаларды құрайды. Теміреткі көбіне терінің, тырнақтардың және буындардың тұқым қуалайтын созылмалы, бірақ жұқпалы емес ауруы. Ол жүйкенің қатты күйзелістерден кейін пайда болады. Дұрыс тамақтанбау, асқазан-ішек ауруларына шалдығу, алкогольге үйірлік, бауыр, ұйқы бездерінің де аурулары псориазды өршіте түседі. Ауру күз және қыс айларында дамиды да жазда бәсеңдейді. Ауру біртіндеп, баяу дамиды. Кейде барлық тері мен буындар зақымданады, мұндайда ол тез дами бастайды. Осындай клиникалық әртүрлі псориаз эпитродермия деп аталады. Сырқат ұзаққа созылады және ауыр болады, тері тартылып ауырады, науқас қалтырайды, денесі қызады. Сондықтан мұндай ауруы бар науқастар дерматологтың бақылауында жиі болып, оның алдын алу шараларын жасап отыруы керек. Кейбіреулері тез жазылады, ұзаққа созылатын кездері де, қайталанатын кездері де болады.

Қызыл жазық теміреткі (lichen ruber planus) – бұл тері ауруларының таралған бір түрі.Қатерлі дерматоз ауруларының бірі,тері,шырышты қабаттарды,тырнақты зақымдаумен көрінетін ауру.Көбінесе ауыздың шырышты қабатында кездездеседі.Бұл ауру барлық жастағы адамдарда кездеседі,шырыты қабаттың зақымдануы 40 жас-тан 50 жасқа дейін әйелдерде кездеседі.Сонымен қатар орталық жүйке жүйесінің (ашуланшақ адамдар,ауыр уайымнан кейін),ішкі секреция безінің қызметін бұзады.Қызыл жазық теміреткі басқа дерматозды аурулардан ерекшеленеді (қатерлі гастрит,асқазан,он екі елі ішектің жарасы,бауырдың билиарлы церрозы,қант диабеті және т.б.).

Осы ауруға мынадай элементтер тән:дақ,көпіршік,эрозия,жара.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет