Өмірде әртүрлі қиын жағдайлар болып тұрады: денсаулығын жоғалту, жұмыстан (оқудан) шығып қалу, жақын адамынан айрылу, материалдық шығынға ұшырау, сүйіктіңмен айырлысу, біреуден не өмірден қатты көңіл қалушылық, т.б. Бұл біреулерді ширатса, кейбіреулерді уайымға салып, күйзеліске алып келеді. Ал енді осы күйзеліс деген не және оның қандай түрлері бар екенін және қалай әсер ететінін және сонымен қатар адам қалай күйзеліске қарсы тұратынын және ең басты күйзеліске түспеудің жолын айтатын боламын.
Күйзеліс “Стресс” (ағылш. Stress – ауыртпалық, күш түсу) – деп қоршаған ортаның кез келген қолайсыз әсерлеріне организмнің арнайыланбаған бірбеткей серпілістерімен жауап қайтаруымен көрінетін, оның қорғану бейімделу мүмкіншіліктерінің жаңа деңгейде қалыптасуын айтамыз). Қатты куйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше куйі.
Стресс тудырушы қолайсыз әсерлер:
Физикалық әсерлер (ыстық немесе суық температуралар, иондағыш сәлелер,электр соққы,жарақат, ауыр қол жұмыстарын атқару т.с.с )
Химиялық әсерлер (улы химиялық заттар, гипоксия т.б.)
Биологиялық әсерлер (жұқпалар,вирустар, микробтардың уыттары,жәндіктердің улары т.б.
Әлеуметтік жағдайлар ( қазіргі адамдарға шамадан тыс артық ақпараттардың әсерлердің , уақыттың тапшылығы, жеке тұлғалардың арасындағы шиеленісер, қоғамның заңдары мен жеке адамдардың еркіндіктерінің шектелуі, қимыл қозғалыстарының азаюы т.с.с. ) жатады. Адам үшін жағымсыз сөздің стресс жағдайын дамытуда маңызы өте үлкен. Бұл қолайсыз әсерлерді стрессорлар деп атайды.
Ғылымға ең алғаш “стресс” ұғымын енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.
Стресс үш кезеңнен тұрады:
1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жуйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
3) әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.
Стресті тудыратын әсерлерге қарай:
Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауіп туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпінісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады.
Физиологиялық тетігі гипоталамус - гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады
Г.Сельенің пікірі бойынша кез келген стрессор алдыңғы гипофизге әсер етіп, онда кортикотропин түзіліп шығуын күшейтеді. Ол өз алдына бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатына әер етіп, глюкокортикоидтық гормондардың өндірілуін арттырады. Осыдан қолайсыз ықпалдардың әсерлеріне организмнің төзімділігі көтеріледі. Мәселен, жануарлардың алдыңғы гипофизін немесе бүйрек үсті бездерін сылап тастағанда, кез келген ықпалдарға олардың төзімділігі қатты азайып, бұл жануарлар тез өледі. Ал, жануарлар алдын ала кортикотропин немесе глюкокортикоидтық гормон(гидрокортизон,кортизон,преднизолон) енгізіп,содан кейін оларға химиялық улы зат енгізсе немесе оларды жарақаттаса, онда бұл көрсетілген ықпалдарға деген жануарлардың төзімділіг артады. Сол себептен кортикотропин глюкокортикоидтық гормондарды адаптациялық гормондар деп атайды.
Осылардың бәрін айта келе біз күйзеліс деген не ол қайдан пайда болатынын және оның қанша түрі бар екенін анықтадық Ал енді оларға жол бермес үшін біз:
Өз бойыңызға жаман эмоцияларды жинамаңыз. Егер сіз ашуға булықсаңыз, сабырлық сақтаңыз және оны қоршаған ортаға шығармаңыз.
Өз өміріңдегі шешімін таппаған кезеңдерді анықта, және ол туралы есіңе алып, мазасызданба. Өзіңнің жасаған қателіктеріңді есіңе түсіріп, өз-өзіңді жазалай берме. Тек қана осындай жағдайлардың екінші рет қайталануына жол берме.
Күйзелістен құтылудың жолы өзің сүйетін істермен және спортпен шұғылдану. Денені шынықтыру бойды сергітіп, көңіл-күйді жақсартады. Дүкендерге бару да көңіл-күйді көтеруге көмектеседі. Өзіңе бірнеше ұсақ-түйек заттарды сатып ал.
Күйзеліске түсе бермей – әрдайым оны шешудің жолдарын тауып, бақытты әрі ұзақ өмірдің жолын іздейік, достар.