Алматы Технологиялық университеті Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар кафедрасы
KKZT 1101 «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінен І аралық бақылау сұрақтары
Алматы, 2020 Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінен І аралық бақылау сұрақтары «Қазақстан Республикасында тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы».
Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихнамасы және тарихи деректері.
Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғасыр басындағы отаршылдыққа қарсы ұлттық қозғалыстардың мақсаты, ерекшеліктері және тарихи сабақтастығы.
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай.
ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы.
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанда білім беру және ағартушылық идеялардың дамуы.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтікқұрамы, білімі, қызметі.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
Ресейдегі Ақпан буржуазиялық - демократиялық төңкерісі және оның Қазақстанға әсері. Қос өкімет жағдайындағы Қазақстан.
«Алаш» партиясының құрылуы мен қызметі. «Алаш» партиясының бағдарламасы.
Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
Алаш автономиясының және Қоқан автономиясының тарихы.
Қазақстандағы азаматтық-саяси қарсыласу кезеңіндегі саяси партиялардың қызметі: мұсылмандық партиялар, Үш Жүз, РСДРП бөлімдері большевиктер, кадеттер, эсерлер.
Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан, себептері және салдары. «Әскер коммунизм» саясаты.
Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Автонмиялық Социалистік Республикасының құрылуы. Қазақстан және Орта Азия республикалары жерлерін ұлттық-территориялық межелеу.
М.Шоқайдың саяси қызметі. Оның «Туркестан под властью Советов» еңбегі.
1920 жылғы Қазақстандағы жер - су реформасын жүргізу: барысы, нәтижелері және маңызы.
Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
1921-1922 жылдары Қазақстандағы аштық: себептері мен салдары.
Голощекин Ф.И. және оның Қазақстандағы «Кіші Қазан» саясаты.
ХХ ғасырдың 20 жылдарының бірінші жартысы 30-жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы қазақ зиялыларының қызметі.
Қазақстандағы индустрияландырудың әдістері және жолдары жөніндегі саяси пікір-таластар.
Қазақстандағы индустрияландыру: барысы, ерекшеліктері және қорытындылары (1928-1940 жж.).
1928-1932 жж. Қазақстандағы кеңестік үкіметтің аграрлық шаралары. (бай шаруашылықтарының мүлкін тәркілеу, көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды отырықшыландыру, ауылшаруашылық дақылдарын дайындау компаниясы).
Қазақстандағы ұжымдастыру: мақсаттар, іске асыру әдістері, салдары.
Қазақ автономиялық республикасының одақтық болып қайта құрылуы. 1937 жылғы Қазақ КСР-інің Конституциясы және шындық.
ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ұлт мүддесін қорғаушылар С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың ұстанымдары.
XX ғасырдың 30-жылдардың басындағы ашаршылықтың демографиялық салдары. «Бесеудің хаты». Рысқұловтың И.Сталинге хаты.
Сталиндік репрессиялар, олардың көлемі және ауыр салдарлары.
ХХ ғасырдың 20-30 жж. халықтың сауатсыздығын жою. (жетістіктері, кемшіліктері және іске асыру жолдары).
ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы.
ХХ ғасырдың 20-30 жж Қазақстанда театр, музыка, бейнелеу өнері және әдебиеттің дамуы.
Қазақ жеріне күштеп қоныс аудару саясаты тарихы және тағдырлары.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарының депортациясы: тарихы және тағдырлары.
Ұлы Отан соғысының басталуы.Қазақстан экономикасын ҰОС жылдарында соғыс жағдайына қарай қайта құру және эвакуация.
Ұлттық әскери құрамалардың ұйымдастырылуы. Ұлы Отан соғысы майдандарына қазақстандықтардың қатысуы.
Қазақстандықтардың майдандардағы қимылдарға және партизан қозғалыстарына қатысуы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың әскери ерліктері.
Қазақстан – майдан арсеналы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі жетістіктері.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.
1940 ж. екінші жартысы -1950 жж. қоғамдық-саяси жағдай. «Бекмаханов ісі».
Қазақстан ұлы отан соғысынан кейінгі жылдарда 1946-1953 жж. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық даму.
ХХ ғасырдың 40 ж. екінші жартысы -1950 жж. Қазақстандағы ғылым, мәдениет және білім беру.
Қазақстандық ғылымның қалыптасуы және дамуы. Қаз КСР ҒА құрылуы. Қ.И.Сатпаев – ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
1953-1964 жж. өнеркәсіптің дамуы. Теміртаудағы оқиға.
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық – өмір. КОКП-ның ХХ сьезі. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау.
Ғылыми-техникалық прогресс және 1965 жылғы шаруашылық реформа.
1965-66 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы. Экономиканың дамуының экстенсивті жолы.
XX ғасырдың 70-жылдарының екінші жартысы - 80-жылдардың бірінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қайшылықтары мен қиындықтары.
XX ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ жастарының ұлттық сана – сезімін көтерудегі бейресми студенттік үйірмелердің рөлі («Жас Тұлпар»).
КСРО өнеркәсібінің дамуындағы Қазақстанның үлесі. Өндіріс саласының дербестігінің шектелуі және өнеркәсіптің дамуының қайшылықты сипаты.