Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет42/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
ұмтылды. Жаны жүдеу, көңілі күздей торыққан Айтолқын жүгіріп 
«Қайрош!» деп ұмтылды, қымсынбастан жігіт құшағына енді. Сол 
Қайрошы өзі қарамай кеткен Қайрошы... Іштегі мұңын, осы жап-жас 
қалпында өмірден көрген қорлығын ешкімге айта алмай, ішқұса боп 
жүрген ол ағыл-тегіл көз жасына ерік берді.
– Не болды. Айтош?! Неге қамықтың, жаным?!, – деп ауылда 
жүргенде қолынан да ұстатпайтын асау қыздың құшағына құлаған 
сәтін пайдаланып, жігіт те еркінсіді.
– Ештеңе, ауылды, елді, туыстарды, сендер сияқты достарды 
сағынып... кешір...
– Үйіңе шығарып салайын. Қайда тұрасың?
– Пәтерде тұрамын...
– Мен де... жүре ғой, апарып салайын.
– Мен өзім-ақ барамын.
– Барасың ғой... дегенмен әңгімелесіп қолыңнан шәй ішіп деген-
дей... 
Жігіттің талабына қайтара алмай, үндемей, көнген сыңай білдірді.
Менің де ауылдан келгеніме 5-6 жыл болып қалды... Пәтер жалдап 
тұрып жатырмын... Табысым жаман емес. Алған әйелім нашар болып, 
ажырасып кеттім. Өзіңді бір көрсем деп армандаушы едім... «Өңім бе, 
түсім бе, Айтош па, емес пе?» деп толғанып, бірақ, әйтеуір бір күш өзім 
қойған есіміңді ататқызды ғой... Өзің тұрмысқа шықтың ба?
– Мен де ажырастым.., – деді ол басынан өткен келеңсіз жайларды 
айтып отырғанды жөн көрмей.
– Мен сені әлі сүйемін, Айтош...
– Сол балалық махаббат менің жүрегімде де сақталып қалғандай...
Әйелдің өзіне онша кет әрі емес екендігін байқаған еркек өзін 
еркін ұстап, күлдіргі әңгімелер айта отырды. Өткен- кеткен қызықты 
оқиғалар, мектептегі өмір, ауылдағы жастар жайлы ұзақ әңгіме-дүкен 
құрды. Кетуге емеуірін білдірмеген жігіттің көңілін де Айтолқын қимай 
үндемеді. Ақыры Қайрош қалып қалды. Ертеңгісін ол:
– Айтош, бір-бірімізді білмейтін адамдар емеспіз. Сезімдер өтті 
бастан. Әлі сөнбеген сияқты. Бірлесіп өмір сүрейік, – деді.Сонымен, 
Айтолқынның аядай бөлмесінде екеуі бірлескен өмірді бастап кетті.
Арада айлар өтті. Гүләйдің айтуынша оның Бекасы, мұның Мәкесі де 
ұзақ жылдарға бас бостандықтарынан айырылыпты. Дүние мүліктері 
тәркіленіпті. Оның ішінде Гүләйға әперген баспана да кетіпті. Соны-
мен, ол да баяғы «таз қалпына» түсіп, күн көрісі қиындап, екі қолға 
бір тірлік табылмай қиналыпты. «Жетім бұрышта» жетімсіреп жүрген 


91
Тіршілік
жерінен біреу паналатып, үйінің бұрышынан орын беріпті. «Ой, дүние-
ай, десеңші!» дегенде көкірегі қарс айырыла жаздағанын көргенде 
Айтолқын да өзінің де біраз көрген қызықтарының ендігі жерде елес 
болып қалғанын түсінді.
Әрі бала кезден бірге өскен көзтаныс, әрі бала махабаттың куәсі, әрі 
сезімі әлі күнге өшпеген Қайрошқа деген сенімі нығайып, Айтолқын 
нәрестелі болуға бел шешкен болатын. Жастықтың қателігінен тастап 
кетіп, өліміне себепші болған нәресте кеудесінде қасірет болып қатып 
қалған. Сол шеменді жібіткісі де келді. Сөйткен сәби құрсағында 
қыбырлап, әне-міне дегенше дүниеге ұмтылғандай. 
Тиіп қашып, анда бір, мұнда бір жұмыс істеп, Қайрош та тиын-
тебенін алып келеді. «Тұрақты жұмыс табылмай тұр», – дейді. «Ол 
неге табылмайды, тұрақты неге орналаспайсың?», – деп бұл да 
сұрамайды. Өзінің азын-аулақ ақысы бар, ілдалдалап күн көріп жа-
тыр. Сырт көркі сұлу Қайрошқа әйелдердің көзі бірден түсетін. Өзінің 
осы бір ерекшелігін ол да жиі пайдаланатын. Көбінесе бір-екі қайтара 
қызықтаған соң, жоламай кететін тәсілі дәл осы жолы қармақталды. 
Кімге айтар оны...
Қармақты Жанат есімді келіншек салды, мықтап қатырды. Оны 
өзі сезбей де қалды.Жанат осы үлкен қалаға жақын жердегі ауылдың 
қызы. Жастай жетіліп, жігіттермен ерте араласып жүріп, он жетісінде 
жүкті болып, тапқан қызы бар. Одан бергі 13-14 жыл уақытта қолына 
жөндеп еркек ілінбей жүргенде Қайрош кезікті. Көрші атаның баласы-
мен дос жігіт сол ауылға жиі баратын. «Қадалған жерінен қан алатын» 
бойжеткен қолынан келген әрекетін жасап жүріп, өзінің әрсіздігіне 
қарамастан сымбатты сылқымды өзіне қаратып алды. Көптен ер 
құшағын көрмеген келіншек өнерін, білгенін бар жағынан көрсетіп 
жүріп Қайрош та алыстай алмады. Бірер жылдай салған қармағын 
тереңдете түскен келіншек өзінің көңілдестен гөрі салмақтырақ тірлік 
сүргісі келетінін жайлап ескертіп, жігітті құшағына үйретіп алған 
еді. Сонымен сәрсенбінің сәтінде жүкті екенін мәлім етті. Басы әңкі-
тәңкі болған Қайроштың «Егер тастап кетсең, сотқа берем» деген 
Жанаттың жетегінен шыға алмай жүргеніне де бірталай уақыт болған. 
Бала махаббаты болған, әне-міне деп күні жетіп отырған Айтолқынды 
да тастап кете алмай сарсаңнан шаршап жүргенінде қызды бол-
ды. Нәрестесіне қуанғаннан Айтолқынның көзіне жас келіп, ендігі 
өміріндегі бар қуанышы осы болар деген ойларға да кетті. Өйткені, 
әлденеге алаңдаулы болған Қайроштың мінезі кейінгі кездері ұнамай 
жүрген. Алайда, «жүкті әйелдің бір аяғы көрде, бір аяғы жерде» 


92


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет