Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет38/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
кен жас аруды әбден әурелеп, ұзақ аймалады. Өткендегідей сұлық 
болмай әрекетімен келіншектің жауап қайтарып жатқаны ұнай түсті. 
Басынан қуат күшін тез қайтармай, сол сәтті ұзағырақ ұстағысы кел-
гендей өбе берді. Құшақтарын жазбастан екеуі де ұйықтап кетті. 
Түн ортасы ма, әлде таңға жақын ба әлдеқайдан естілген жағымсыз 
дыбыстан оянған Айтолқын түсіне алмай біраз жатты. Біреу ыңыр-
сығандай ма, әлде жылағандай ма, ер адамның зіркілдеген дауыс 
екпіні құлағына келгендей... Қасында Мәкең де жоқ екен... Япырым-
ай, не болды?! Қорыққаннан өн-бойы тоңазып, денесі дірілдеп кетті. 
Шамды да қайдан жағарын білмей, үн шыққан жақтағы терезеге 
жүгіріп барды. Ай сәулесі бұлтпен көлегейленіп ештеңе көрінбеді. 
Біреулер біреуді сабап жатқан сыңайлы... Айғайлап, жылап, жалынып 
біреу сауға сұрағандай... Далаға барып көрмекші болып есікке жүгіріп 
барды. Кенет Гүләйдің: «ештеңеде шатағың болмайды. Глухая, не-
мая, поняла?!» дегені есіне түсіп, кері оралды. Кенет, сарай ма, үй ме 
әлдебір есік ашылып, жарық түсті. Бірнеше адам біреуді сүйретіп алып 
шықты. Жансыз ба, талып қалған ба сүйретілген адамды қол-аяқтан 
алып, әлдебір науа тәрізді жерге лақтыра салды. Машинаның жарығын 
түсіріп, әлгі үш-төрт адам күрекпен әлденені лақтырып, жаңағы адам-
ды көме бастады.
«Құдайым-ау, мынау не сұмдық? Тірідей көміп жатыр ма?! Әлде 
қинап өлтірді ме екен? Не жазды екен? Құдай-ау, анау қолын қағып
бері келе жатқан Мәкең емес пе?! Алла, сақтай гөр. «Көп нәрсені білігің 
келіп ұмтылма, әйтпесе қабырғаға айналасың», – деп еді әнеу күні 
Гүләй. Осы екен ғой, қабырғасы. Ойбай, түк білмегенсіп, көрмегенсіп, 
ұйықтағансып жатайын. Алла сақтасын! – деп Айтолқын денесінің 
қалшылдағанын зорға басып, басын бүркей жамылып, жатып қалды. 
Мәкеңнің келіп жатқанын, сәлден кейін қорылдап ұйқыға кеткенін 
сезіп жатты. Көпке дейін өзі ұйықтай алмай, күн шыға көзі ілініп кетті. 
Бас жағындағы қағазға көзі түсті: «Айым, жексенбі ғой ұйықтасын деп 
оятпай кеттім. Ұйқың қанған соң шықсаң, көлік күтіп тұрады. Мына 
ұялы телефон сенікі, нөмірің мынау... Мен іздегенде тез келе қоюың 
үшін... және...» 
Айтолқынның көзі бір бума ақшаға түсті. Бұл жолы онша қымсынбай 
сөмкесіне салды да үйден шықты. Машинаға отыра бере арт жағына 
көз салып еді, түнгі оқиға болған жерде әлде бір құрылыс жүріп жатыр 
екен... жүрегі зырқ ете қалды, үндемес шопыр үйіне әкеліп салды.
Түнгі жай көз алдына елестеп, құлағында жалбарынған сарын 
ызыңдап тұрып алды. «Не болды, кім екен?! Тірідей көмді ме? Не үшін?» 


83
Тіршілік
деген сұрақтар басын қаумалап, бойын қайтадан қорқыныш билеп, 
дірілдеп сала берді. «Қой, құрысын, білмей-ақ қояйын.... Тыныштық 
керек». Дегенмен, былық-шылығы көп адамдарға жолыққанын іші 
сезді.
Көңілдесінің сыйға тартқан телефоны әдемі әуенді ойнап қоя берді:
– Әлеу, Айка?...
– Ия, Мәке...
– Көңіл күйің қалай, жаным? – 
– Жақсы...
– Өте тәтті түн болды... саған деген құмарым басылар емес...
«Япырм-ай, ешқандай оқиға болмағандай сөйлеуін-ай! Әлде мені 
«біліп қоймады ма екен» деп сынап тұр ма?» деген ойлар орала кеткен 
Айтолқын жан күйзелісін сездірмеуге тырысты.
– Ия, мен үшін де жақсы түн болды. Шаршап қатты ұйықтап 
қалыппын.
– Телефоныңа мен ғана қоңырау шалуға тиіспін. Номерді ешкімге 
берме, жәрәй ма? Көпке таралып кетсе, маза қоймайды... Түсіндің бе?! 
– Жәрәйды, солай болсын...
– Бүгін үйіме, бала-шағаға барамын... Ал ертең сені міндетті түрде 
сағынамын.Дайын жүресің...
– Жақсы.
«Бала-шағасына баратыны дұрыс болды. Әйтпесе, мен ана оқиғаны 
көргенімді білдіріп қояр ма едім... Кішкене, арнаға түсіп алайын... 
ұмытуға тырысайын», – деп ойлап, ауылға барып қайтқандардан 
үй-ішінің амандығын біліп келейін деп кеткен сіңілісіне ас әзірлеп 
қоймақ болды. Көңілін ауламақ болып, радионы қосып еді, әдемі әуен 
құйылып тұр екен. Қосылып ән салып, бұрынғыдай не тамақ қыламын 
дейтін дәрежеден өтіп кеткенін байқады. Тоңазытқышында керектің 
бәрі тұр екен. Әдемілеп, сәндеп, асықпай тамақ пісірді, көркемдеп да-
стархан жайды. «Тек мынау еңсені басып тұрған күркеден құтылсам 
екен... Мәкеңнің уәде берген екі бөлмесі қашан болар екен?!» – де-
ген ой жалт ете қалды. «Бір шаңырағым болса, әйтеуір тыныш өмір 
сүрер едім... Жасым келгенше Мәкеңе қызмет етіп тұрсам, аштан өліп
көштен қалмаспын».
Тыстан Райгүл кірді. Қасында мектепте бірге оқыған, балалығы 
бірге өткен әпкесінің құрбысы Риза келе жатыр. Көптен көрмеген 
баяғы сырласы, мұңдасы Ризаны көріп қуанғаннан Айтолқынның ау-
зына сөз түспей қалды.


84


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет