Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет35/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
Есіктің қоңырауын басып еді, өзі ашыла кетті. Ішке кірген Айтолқынды 
бұйра қара шашты, қалың мұртты жігіт ағасы қарсы алды:
– Оу, амансыңдар ма? Келіңдер, келіңдер... Қонақ бөлмеге өтіңдер?, 
– шешініңдер...
Үй қызметшісі жүгіріп келіп, қолдарынан киімдерін алып, қонақ 
бөлмеге бастап барды. Есіктің тұтқасына дейін алтындай жарқырап 
тұрған, сән-салтанатты үйді бұрын түсінде де көрмеген Айтолқын 
Гүләйдің қасына отырды. Ол: «Есіңді жи, жинал! Қазір Мәкең келеді», 
– деді! Ол кісі кіре салысымен құрбысы: – мен қазір келемін, -деді де 
шығып кетті:
– Ал, қалқам, атың кім?
– Айтолқын.
– Жақсы есім екен. Кел дастарханға, дәм ала отырайық.
– Рахмет.
– Кел, кел... тамақтың алдында аздап шарап ішу пайдалы. Ал, ал, 
қымсынба...
Гүләйдің «ауылбайская болмай ішіп, жеп отыр» дегені есіме түсіп, 
шараптан сәл ішті. Сымдай тартылып отырған бойына шарап буы тарап, 
босаңсиын деді. Әлдебір анекдоттарды айтып еді Мәкең сылқылдап 
күліп алды. Өз күлкісіне өзі таңқалды. «Қызық, мен тіпті әдемі күлдім-
ау!» деп ойлап, енді тіпті еркінсіді. Мәкең белінен құшақтап еді, шо-
шымады. Өзіне қарай тартып еді, бауырына тығыла түсті. Бүкіл үйде, 
үлкен қонақ бөлмеде екеуі ғана. Шамасы қызметкерлер кетіп қалған, 
«қазір келем» дегенді Гүләй де жорта айтқан екен. 
Сәлден соң жас сұлудың, әрі шараптың буы бойын билеген Мәкең 
қызды төсек салынған бөлмеге қарай сүйрей жөнелді. Жұмыстан, әрі 
қарымды еркектің тегеурінінен шаршаған қыздың көзі ұйқыға жұмыла 
берді. Таңертең оянғанда әбден мауқы басылған Мәкең ұйықтап жа-
тыр екен. Тұрып, жуынатын жерді тауып алып, киініп, сыланды. Өңі 
бұрынғыдай ақсұр емес, денесіне қан жүгіріп, бетіне қызылшырай 
пайда болыпты. Өз өзіне сұқтана жымиып, айна алдында біраз тұрды. 
«Күн болса сенбі, ешқайда асығып тұрғам жоқ және қайда барам? 
Қаланың қай шетіне келгенімді де білмеймін. Не де болса Мәкеңнің 
ұйқысын күтейін». 
Үлкен үйдің өзі тұрған қабатын аралап көрді. «Үстінде де бар сияқты. 
Астында да бар екен бөлмелер. Қызық, Мәкең кім екен? Тұрмысына 
қарағанда байлығы жетеді. Ел басшыларымен түскен суреттеріне 
қарағанда үлкен қызметкер немесе соның айналасында жүргендердің 


77
Тіршілік
бірі болуы керек» – деген ой топшысында тұрған ол Мәкеңнің де 
оянғанын байқап, солай жүрді.
– Ал, сұлуым, қалай ұйықтадың?
– Жақсы.
– Ал, мен өте жақсы сезініп тұрмын. 
– Кел, келе ғой... шәй дайындап жібер. Қызметке кетуім керек... 
Әлгі қызметшілерді де босатып жібере қойып едім.
– Жақсы, жақсы. Тек ас үйді көрсетіп жіберсеңіз...
– Сіз демеші... Сен маған бар жағыңнан ұнап қалдың. Менің көңіл-
десім болуға әбден жарайсың. Мен өзім қазақы тәрбие алғандарды 
ұната мын. 
«Көңілдес» деген сөз төбесінен су құйғандай болған Айтолқынның 
басы айналып, құлап қала жаздады. Дереу есін жиды... Өз аяғыммен, 
өз еркіммен келдім емес пе? Мұным не? Кәдімгі некелес әйеліндей 
шәйін дайындап, баптап құйып бола бергенде ол:
– Сені тұрағыңа апарып тастайды. Екінші машинаға мінесің. Тек 
мен кеткен соң... Міне, ақша! – деді де шығып кетті.
Жасылы бар, көгі бар бірталай ақшаға қарап не қуанарын, не жы-
ларын білмей қалды Айтолқын. Есіктен шыққан оны екінші машина 
жүргізушісі күтіп тұр екен, дереу үйіне жетті. Киімдерін алмақшы бо-
лып, түні қалай өткенін сұрамақ боп Гүләйім де жеткен еді бұл кезде:
– Қалай, подружка? Түнің жақсы өтті ме? Видать, интересно про-
вели... Бетің розовее стало.
– Қойшы, ұялтпай...
– О-о-о, әлі-ақ класный бикеш болып шыға келесің.
– Білмеймін...
– Білетін боласың көп нәрсені. Біздің Бека мен Мәкең аман болсын. 
Міне, байлық, міне, өмір! Сен екеуміздің өміріміз өмір ме! Одно назва-
ние. Маған енді ит те, құс та тұратын пәтер ұнамай Бекадан коттедж с 
охраной сұрап жатырмын.
– Қойшы, ұят емес пе?!
– Ұятты неғыласың... Мұндай сөздер қоғамда архаизм «Қолыңда бар-
да – басып қал» деген принцип қазіргілердің, билік басындағылардың, 
үкіметтің шет жағын болса да жағалап жүргендердің бәрінің әрекеті 
осы.
– Сонда қарапайым халықтың қамын кім ойлайды?
– Құдай-ау, неткен наивная! Қоғамға керектер бар, керек еместер 
бар. Екеуміз соңғысына түсіп кетпеу үшін де еркектерімізден айырыл-
мауымыз керек...


78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет