Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет32/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
болды. Пәтер дейтін де пәтер емес әйтеуір, далада түнемеудің әрекеті. 
Жағдай жасалған пәтерлерің оның бірнеше айлығын төлесе жетеді. 
Онда аш қалады. Сонымен, қожайындардың кезінде кілеті болған ба, 
бір ауызды бөлмеде сарғаюда. Үлкен екі қабатты үйдің қожайындары 
жағдайлы, бірнеше үйлерін пәтерге беретін сияқты. «Тетя Шура» бар 
ма, пәтер ақысын төлеуіміз керек еді» деп тұрған бірнеше қазақты 
көргені бар Айтолқынның. Ал арзандау күркесі де ақша болып, бұл 
да тұрып жатыр. Суы да жоқ, қыста «тетя Шурасы» от жағып қояды 
кей-кезде, кейде Айтолқын өзі жұмыстан келісімен, бір шелек көмірді 
әкеліп жағады. Өмір осылай өз ығымен өтіп жата берер еді...
Ертеңгілік жұмыс кимін ауыстырып, орнына барғалы жатыр еді 
Гүләй: 
– Бір кешке сені шақырайын деп тұрмын. Бекама айтып едім, дос 
қызымды ертіп алайыншы деп... Келісті. Ондағы ойым сен де жақсы 
өмірдің шет жағасын көрсінші дегенім ғой... Қазір екеуміз екі өмірде 
жүрміз. Жақында бұл күнгі тірліктен мүлде кетемін. Ақсүйектердің 
тіршілігіне араласамын. Жарайды, оны сен ұқпайсың бәрібір. Барасың 
ба, жоқ па?!
– Барайын... – деді күмілжіп, әрі ұялы көздерінен сенімсіздік пе, 
әлде қорқыныш па әйтеуір беймәлім сезім біліне.
– Бір киетін киімің де жоқ қой, ертерек шығып, менің пәтеріме 
барайық... Алған пәтерімді де көрсетейін. Менің киімдерімнен 
қалағаныңды кидірейін, жайнатып сұп-сұлу ғып сені алып барайын...
Кешкі жұмыс аяғына дейін Айтолқынның ойына нелер келіп, нелер 
кетпеді десеңші...
Ұят-ай біреудің көңілдесі боп, ойыншығына айналып кеткенімді 
біреу біліп қойсашы?... Не істеймін?! Қайда бара жатқаным белгілі боп 
тұр ғой... Ата-ананың бетіне қалай қараймын?! Бармайын десем ит 
тіршіліктің түрі мынау... артыңдағы әке-шешеге көмек керек... «Бала-
ларым көмектесіп жатыр»,- деп мақтанып отыратындарға қызыға да, 
қызғана да қарайтын ата-анама тіпті болмаса көмек қылайын...
Аузы тынбай өмірінің қызықтарын айтып келе жатқан Гүләй өзінің 
пәтерінің есігін ашты.
– Кір, жайғас ... Шай ішіп отыратын уақыт жоқ. Дайындалуымыз 
керек. Бека кешігіп, ілініп-салынып жүргенді ұнатпайды. Айтқан 
уақытында дайын тұруымыз керек. Мына киімдерді қара, таңда! Ой- 
бу, сен байғұстың соңғы модыдан хабарың да жоқ еді-ау... Қазір өзім 
таңдап берейін... «Қасымда жүрген уақытта деревня құсап жүрме!» 
деп ол мені үлкен сауда үйлерінен, шетелдік мықты дүкендерден 
киіндіреді.


71
Тіршілік
Аяғыңды бассаң күмп-күмп басылатын қалы кілем төселген, 
жиһаздың небір тамашасы қойылған пәтерге кіргелі аңырайған 
Айтолқынның аузына сөз түсер емес. Әйтеуір құрбысының берген 
киімдерін киіп көріп жатыр... Кейбіреуін тіпті қалай кию керектігін де 
білмей, сөгіс те естіп қалды. Міне, мынау қатып кетті!», – деді Гүләй 
– алқызыл түсті, жылтырақтармен әшекейленген костюмді кигізіп 
тұрып. Айнаға қараған Айтолқын шынында да өзінің сұп-сұлу бой-
жеткен екенін, сүтке тамған қанның қызылындай боп, реңіне үстіндегі 
киімнің түсінен бетіне жалқыны тамып, нұрланып кетті.
– Қазір шашыңды жөндеймін асығыс болғанын қарашы, әйтпесе 
крутой шаштаразға апарар едім...
– Қойшы өре салайық та... Бәрібір ұзын шаштан ештеңе жасай 
алмайсың...
– Аульный боп тұрсың ұзын шашпен.... Жәрәйды, на первый раз 
пойдет... Жүр, кеттік, уже сбрасывает...
Ірі банкирдің туған күнінің құрметіне жиналғандар толып жатыр 
екен. Неше түрлі сәнді киінген, жал-жұлт еткен көздің жауын алатын-
дай жақұттар таққан, жасанған қыздар, сымбатты жігіттер... Басқа 
бір патшалыққа тап болғандай күйге түскен Айтолқын өзінің ұзын 
бұрымы үшін, олпы-солпы жүрісі үшін қымсынып тұрды. Ал, Гүләй 
ысылып қалған екен, мынадай ығай мен сығай жиналған ортада еркін 
жүр. Сылқылдап күліп, тіпті жүрісін де өзгертіп алған секілді. Екі 
жағына кезек-кезек мықынын ойнатып, былқ-сылқ етеді. Жүріп ішіп, 
бір нәрселерді жүре жеп, әңгімелесіп тұрған жұрт. «Япырым-ай осы-
лай түрегеп ішіп, жеп кете бере ме екен?!» Айтолқын өзінің ортасы 
болмай, Гүләйша айтқанда «цивильныйлардың» арасына үйрене ал-
май тұр еді, жүгіріп құрбысы келді. 
– Келді әне келді! Беканың другы ше, сені таныстырамын деген... 
қара, есікке қара, именинникпен амандасып тұр. 
Айтолқынның көзіне жас та болса қарны шыққан, бұғағы салбыраған 
орта бойлы жігіт түсті. Менмендеу ме, қалай... Көз қарашықтары 
ойнақтап, жан-жағына қарап, көзімен топты шалып, өзінен жоғары 
ма екен, әлде керек адамдары ма екен, екі-үш адамның қолдарын 
қысып, құшақ айқастырып амандасты да, басқаларын елемеген сыңай 
танытқан жігіт Гүләйдің Бекасы тұрған топқа қарай жүрді.
– Оу, братан, салам!, – деп Бека қарсы ұмтылды.
– Салам.
– Өзің келмей, ортамыз толмай тұр еді..., – деп Бека күмілжіді.
– Хватит болтать! Жүр! 


72


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет