Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет29/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Клара Қабылғазина
Күнi бойы тiк тұрған жұмыстан шаршап, аяғын зорға алып 
бөлмеге кiргенi сол едi, бөлмелес Нәдия, тағы бiрнеше жiгiттер отыр 
екен. Жiгiттердiң көздерi сұлу қызға сұқтанып: «Нәдия, мынандай 
қызбен бiздi неге таныстырмай жүрсiң?, – деп қауқылдасып қалды. 
Шәй iшiлiп, ән салынып, шарап қызуы бойларын алған жiгiттер ендi 
бұларды қонаққа шақырды. Барғысы келмеген Айтолқынды зорлап 
киiндiргендей ғып ертiп шықты олар. Шыға салысымен такси ұстаған 
топ бiраз уақыт жүрген соң қаланың шетi болуы керек, әлдеқандай көк 
дарбазаның алдына тоқтап, дабырлай үйге бет алды. Қасында Нәдия 
болған соң онша көңiлiне қорқыныш келмеген, ешнәрседен қаперсiз 
ауыл қызы да еркiн. Көңiлдi отырыс, шетiнен өнерлi жiгiттердiң бiрi 
ән салып, бiрi гитара ойнап, бiрi домбыра тартып, әйтеуiр, қыздардың 
езулерiн жиғызар емес. Дастархан да жайылып, шарап буы бойын 
алып, Айтолқын да жатырқап жалт-жалт қарамай, еркiндiкке бой бере 
бастады. Өз өзiн танымай барады. Не болды маған? – деген сұрақты 
өзiне қояйын деп ойлайды. Бiрақ, еркi жетер емес. Қасында отырған 
ересектеу жiгiт құшақтап едi, кет әрi болмады. Япырым-ай, неге басы 
айналды, неге аяқ-қолы ауырлап, шегелеп тастағандай?.. Екi шекесi 
солқылдайтын сияқты ма? Көзi бұлдырап барады. Күледi де, көпке 
дейiн езуiн жия алмай ыржыңдайды. Қасындағылардың шампанға 
арақ қосып бергенiн, тұңғыш рет мас қалыпқа түскенiн сезбеген еді ол. 
Ертеңiне сәске түске жақын оянған Айтолқын «өзiнiң қайда 
жатқанын, қайда келгенiн, кiмнiң үйi, кiмдермен болды» деген сияқты 
сұрақтардың ешқайсысына жауап табар емес. Самайлары солқылдап 
ауырып, қос қолымен басын ұстап, терезеден қарауға тырысып едi, 
ештеңе көрiнбедi. Тек көк дарбаза таныс көрiндi. Есiне кешегi жiгiттер 
емiс-емiс түсе бастады. Ия, көк дарбазадан осы үйге кiрген өз аяғымен. 
Дастарханда тамақ, аздап қана шарап iшiп отырған... Одан басқа 
мүлде ештеңе есте жоқ... Өзiмен бiр жағдайдың болғаны аян едi. Белi, 
аяқтары қимылдатпай ауырады. Абыройдан жұрдай болғанын ендi 
түсiнген қыз жан-дәрмен есiкке ұмтылды. Тарс жабық. Тарсылдата-
тарсылдата қолы жара болуға айналды. Бұдан ештеңе шықпасын бiлiп, 
еңiреген күйi төсекке құлай кеттi. 
Күн батуға жақындағанда есiктен кешегi мұртты жiгiт кiрдi: – Ә, ә... 
красавица, ояндың ба? Көп iшуге болмайды... қыздарға... Iшпегенде 
қандай екенсiң, көрейiн деп келдiм... 
Шапалақпен ұрғысы келiп қолын көтерген қыз қалай ұшып түскенiн 
байқамады. Үстiне қона кеткен қарулы еркекке қарсыласуға дәрменi 
жоқтығына, көрген қорлығына ызаланған бойжеткен тек екi көзге ерiк 


65
Тіршілік
бердi. Ойындағысын жүзеге асырған жiгiт оның қолына киiмдерiн және 
азын-аулақ ақша берiп: «Осы жерден аялдамадан отырған кез келген 
автобуспен тұрағыңа жетесiң. Кiнәлi өзiң... iштiң... Өз еркiңе өзiң ие 
бола алмадың... Жiгiттердiң бәрiн риза еттiң. Соттасам, шарласам деп 
әуре болмай-ақ қой... Мен сол маңайда қызмет етемiн. Бәрiбiр, ниче-
го не докажешь, – деп шығарып салды. Бет-ауызы домбығып, iсiнген, 
көзi бұлаудай болған қыз аяғын зорға басып, автобусқа мiндi. Бiр сәт 
өлгiсi келдi, бiр сәт ол ойынан қорықты. «Балаларым бақытым, бар 
байлығым» деп санайтын анасы есiне түсiп едi, ұяттан бетi өртендi. 
Өзiне өзi қол салып елге бiр масқара етсе, қазасымен екi өлтiретiнiн 
сезiндi де, неде болса көрiп алдым дегендей жатақ табалдырығын ба-
тыл аттады. 
Бiрер айдан кейiн бойы ауырлап, басы жиi ауыра беретiн болған 
қыз өзiнiң жүктi болғанын дәрiгерден естiгенде көпке дейiн есiн жия 
алмады. Күн өткен сайын жүктiлiктiң бiраз қиыншылықтарын көрдi. 
Жүрек айнып, бас айналып, еш асқа тәбетi тартпай, жұмысын да атқара 
алмай жүргенде, күндер өте бердi. Бiресе жатақхана, бiресе жұмыста, 
әйтеуiр, жаны ауырған соң басқа еш жайды ойлауға шамасы келмей 
жүре берiптi, күндер де сусыған құмдай сырғыды... Әне-мiне дегенше 
жүктілік демалысын алатын күнi де келдi. Жатақханадағы қыздардың, 
ондағы қызметкерлердiң сөздерi, өсек-аяңдары құлақ етiн жеп ба-
рады. Босанатын күнi таянып қалғанын сезген ол: «Қой, не болса да 
ауылға барайын, анама жетейiн... Қайтемiн ұят болса... амалым жоқ..» 
деп жұмыстан бiржола шығып, орнын өткiзiп, вокзалға келгенiне бiр 
күн болды. Солай жүретiн пойыз жоқ емес, өзi бара алмай, көз ал-
дында анасының бетiн басып ұялғанын, әкесiнiң әншейiнде бетiнен 
сүйетiн әкесiнiң қарамай, терiс айналғанын, бауырларының үндемей 
қалғандарын көзiне елестетiп едi, жолына көлденең табылғандай бол-
ды. Ендi, қайда барамын? Тақтай орындыққа қақшиып отырғанына 
екiншi күн. Белi сырқырап, әлсiн-әлсiн iшi қатты бүрiп, ауырып кетедi. 
Түйiлiп, бүкiл iш-құрылысын әлде бiреу қозғап-қозғап, жұлып-
жұлып алып жатқандай... Ыңқылдаған дауысы қанша тiстенгенiмен 
шығып кете бердi. Айналасында отырғандар, өтiп бара жатқандар 
жалт қарайды, сөйтедi де кете барады. Кейбiреулерi «жедел жәрдем 
шақырайын ба?» деп сұрайды. Бұл басын шайқайды. Қасында отырған 
әйелдiң: «Толғағың басталған ғой, тезiрек ауруханаға жету керек. Үйiң 
алыста ма едi?– деген сұрағына жауап берместен орнынан тұрып кете 
барды. Тысқа шығып, ауамен көкiрегiн кере демалып едi, толғақ сәл 
басылғандай болды. Санасы сан тарапқа жүгiрiп, бiр шешiмге келген-


66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет