Клара Қабылғазина
түсiнiп, ар оты күнде өртеп, соған күнiне бiр жанып, бiр суып өмiр кеш-
кен дегеннен артық азаптың жоқ екенiне көзi жеттi. Адамгершiлiктiң ақ
төселген баспалдағымен жүре алмағанына өкiнгенiмен ендi бәрi кеш
едi... Ардан аттаудың жүзеге асуы тез де, оны қайтып алудың жүзеге
аспайтынын енді сезді. Алайда бәрі де кеш еді. Көзi жұмылғанша
көкiрегiн жегiдей жеген жайдан құтыла алмайтынын сезген келiншек
бұл өмiрден өзiне орын жоқтығын түсiнгендей... Өз өзіне қол салмақ
болған әрекеттерінен де ештеңе шықпай, ақыры есек тірлікпен күн
кеше бастады.
* * *
Жұмыстан қалжыраған Айтолқын тауық қорадай ғана күркесіне
кірген бойда жата кетті. Балтырлары сыздап, табаны ысып, өн бойынан
әлсіздік сезілді. Түскі ас кезінде ғана тоқтауға тиісті станоктың қасынан
қадам басып тастап кете алмайды. Қапелімде қате кетсе «брак» деп
бригадир бәле қылады. Сонымен өз табиғатында ісіне тиянақты, сөзіне
берік, айналасына адал Айтолқын күш жігерін жұмысынан аямайды.
Сондағы алатыны осы аядай пәтерінде тұруға және аштан өлмеуге
жетеді. Киім туралы сөз жоқ. Үсті-басы да тозып жүр. Ауылдан келгелі
киім-кешегін жаңартқан емес. Ауыл демекші есіне ауылы түсті. Балық
аулаумен шұғылданатын теңіз жағасындағы кішкентай ғана туған жері
өзіне алтын бесік болып көрінеді. Әкесі Байзақ байғұс та телмеңдеп
өмір бойы жоспарын орындаумен, едел-жедел туған балаларын бағам
деп шашы ағарды. Тұңғышы Айтолқын туғанда қуанғаннан теңіз
жағалап жүгіре берген екен. Шарық табақтай болып толған ай сәулесін
жан-жаққа шашыратпай, тынып, жайбарақат боп демалып жатқан,
тұңғиық теңіздің бетіне төгіп тұрыпты. Айнала ақ сәуледен нұрланып,
тамаша бір күйге еніпті. Қара мақпал түннің құшағындағы теңіз-жігітті
жуасытып, майдай ерітіп, балбыратып қойған айдың жарығы тұла
бойы тұңғышының туғанына қуанып, ебіл-себіл боп жүрген адамның
жолына жарық түсіріп «қызыңның атын Айтолқын қой...» деп сыбыр-
лапты.
Маңдайынан қақпай адалдыққа, еңбекке, адамгершілікке тәр-
биелеген әкесі қызының мұндай күйге түскенінен бейхабар. «Жоғары
оқу орнына түсу қиын екен, түсе алмадым, тағы бір жыл дайында-
лып, келесі жылы түсермін, өзім сияқты қыздармен бірігіп, жұмысқа
тұрдым. Жағдайым жақсы, тек сіздерге көмек бере алмай тұрмын.
Ренжімеңіздерші, маған», – деп соңғы жолдарын жазып біткенінде
69
Тіршілік
көзінен мөлдір тамшылар да бірін-бірі қуалай, қағазға тырс-тырс та-
мып жатқан еді.
Асханаға ақша шығармайын деп түсте де құнарсыздау бірдеңені
ішіп-жеген Айтолқын енді әлсіздігін сезініп, тамақтануға тырысып,
екі жұмыртқаны сәл кеспе қосып қуырып, жеп, әлденіп алды. Тест
сұрақтарын алып дайындалмақшы болып еді, бойы дел-сал бо-
лып, кейінге тартып, қарағысы келмеді. «Келер жылға дейін бірдеңе
қылармын» – деп қайтадан жата кетті. Тағы да ойлар қаумалап, кірпік
айқастыруға мұрша бермеуде. Есіне жұмыстас Гүләйдің әңгімесі түсті:
«Мектепте бірге оқыған құрбымның жігітінің досы бар екен... Кру-
той жігіт... Сонымен танысқанмын. «Мына қызбен таныстырыңдаршы»,
– деп өзі айтыпты. Сонымен өмір маған тек гүл сыйлауда. Сөмкеме
күнде уыстап ақша салып береді. Мынадай шаршататын жұмыста
істеп, «сен маған жарамай қаласың» деді. Жақында ақысы жақсы
жұмысқа кіргізбекші, пәтер алып бермекші. Жолым болды», – деп
қуанып тұрған-ды.
Айтолқыннан қазір балалық кеткен. Ол неғылған батпан құйрық
екенін түсінді. Атты жаратып мінгендей, сөзін қарамайсың ба,
«әлсіресең маған жарамай қаласың» деген... Мырс етіп, күлгенін өзі
де байқамай қалды. Шетелдік компанияда түсті металлмен жұмыс
істейтін жігіттің әрине, қалтасы қалың. «Күні-түні халықтың, елдің
байлығы жат жұртқа сатылып, түнімен вагондар ағылып кетіп жа-
тады. Оның қайда кетіп жатқанын ешкім тексермейді де», – деп осы
Гүләйдің тәтесі келгенде айтып қалып еді. Соған қарағанда «арам ақша
ғой оныкі» деп өзінше жорамалдады.
– Саған да сондай жұмыс тауып берейін бе? – деп Гүләй бірде
қулана Айтолқынға қарады. Қабағы дір ете қалғанына қарап, қарсылық
білдіріп тұрғанын түсінді. Сөйте тұра әңгімесін жалғастырды.
– Осы Бекаға кездескелі өмірім өзгерді. Несі бар, еш әбестік сана-
маймын. Жан сақтау үшін көше бойында тұрып, немесе қонақүйлерді
жағалап, қыздар күніне бәленбай адам қабылдап, тоз-тоздары шығып
жүр ғой... оған қарағанда, өзіме Бекамның кездескеніне, соған қызмет
көрсеткеніме дән ризамын. Аллаға алғысым шексіз. Жуырда үй алып
берсе, басқа маған ештеңенің қажеті жоқ.
Айтолқын құрбысына ләм деп аузын ашпады. «Дұрыс істеп жүрсің»
деген де жоқ, «мұның ұят емес пе, арыңның, болашақ ұрпағының, ата-
анаң, туыс, достардың алдына не бетіңмен бармақсың?» да деген жоқ.
Тіпті өз жағдайын салыстырып, пәтерақыға берсе тамақсыз қалатын
пұлын, «тапқаны танауын сүртуге» де келмей жүргенін салыстырғандай
|