ЖАН АЗАБЫ
(хикаят)
Ар намысын сақтап жүрген тұмар қып,
Бұлар ырыс, ошағыңда болар құт.
Арулардың балқытады жан-тәнін,
Аналыққа – деген абзал құмарлық.
Есенқұл
Сұп-сұр аспан, сұр үйлер. Еңсенi басқан айнала да сұр. Тау жақтан
қаптап, ентелей енiп, маңайды көлегейлеп, қараңғылай бара жатқан
тұман да сұр. Осы бiр сұр дүниенiң ортасында тұрған Айтолқынға
әрлi-берлi, әйтеуiр бiр қарекеттен ерсiлi-қарсылы жүрiп жатқан адам-
дар да сұр көрiндi.
Поездан түскелi бiрталай уақыт болды, бұны iздеген ешкiм болма-
ды. Құдай қосқан көршiлерiнiң әртiс баласына: «Алдағы айдың жиыр-
ма бiрiнде Айтолқын барады, қарсы алып, бiр жұмысқа орналасуына
көмектесшi, айналайын, «көршi ақысы – тәңiр ақысы» деген ғой, ме-
нен қайтпаса құдайдан қайтар» деп апасы хат та салды, жеделхат та
жiберген едi... Қарсы алған ешкім жоқ, сонымен.
Алғаш рет жалғыздықты қатты сезiнiп, айдалада қаңқиып қалғандай
болды Айтолқын. Көңiлi құлазып, көзiне жас оралды. Бiр сәт пойызға
отырып қайтып та кеткiсi келдi ауылына. Бiрақ, ол жақтан екi қолға
iстер iстiң табылмайтындығы, жас көңiлдiң жиi алағызып, әлдененi
шөлiркеп аңсайтындығы, тiптi өзi қатарлас жастардың да жоқтығы
есiне түсiп ол ойынан лезде қайтты: «Қой, әке-шешесiн кiм жанына
таңып жүрер дейсiң... Өз бетiмше өмiр бастап көрейiн. Қайда барсам
екен? Не iстесем екен? Күн болса қарайып барады, бүйтiп тұра берсе
далада қалуым ықтимал. «Баяғы тыныш қала жоқ қазiр, қала даладан,
далаң қаладан озып тұр» дегендi жиi-жиi ел аралап, жер көргендер
айтады. Айтқандай, бiр класта бiрге оқыған баяғы Назигүл қайда едi?
Осы қалада тұрып, шыт-сәтен шығаратын фабрикада iстейдi демеушi
ме едi? Қой, соны табайын».
– Шыт, сәтен шығаратын фабрикаға қалай баруға болады екен? –
дедi қасынан өте берген әдемi қызға.
– Что? Не понимаю...
63
Тіршілік
– Апатай, айтыңызшы, шыт-сәтен шығаратын жерге қалай жетсем
екен?– деген қыздың үнiне бұрылған ересек әйел, мың жасағыр, бәрiн
ұқтырып, түсiндiрiп бердi. «Мақта-мата комбинаты» деген жазу көзiне
түскенде сонша қуанғанында, кластас қызын таба алсашы. Ешкiм
бiлмейдi... Әйтеуiр өзiндей бiр иманжүздi жас қыздар табылып: «Бiздiң
бөлмеге қонып шық. Комбинатта жұмысшылар жетiспейдi. Айлық аз,
тұрақты жұмыс жоқ болған соң көпшiлiгi кетiп қалады. Сондықтан, сенi
ертең еш кедергiсiз жұмысқа алады. Бөлмеден орын бередi. Сөйтiп,
«алматинка» боласың да шығасың...» – деп көңiлiн көтерiп тастады
олар. Бiр-екi күнде шынымен-ақ жұмысқа қабылданып, көп қыздардың
бiразымен танысып, орын алып, еңсенi басқан сұрғылт күндер алы-
стап, бiртiндеп құлазыған көңiлге шаттықтың, жастықтың әуенi сына-
лап енiп, үлкен бiр сырлы жырға айналып та бара жатқандай... Елден
келген қаражаты таусыла берiп едi, апасы шiркiн, келіп-кеткендерден
неше қабат қағазға орап ақша, хат берiп жiберiптi.
Бөлмедегi қыздар бiрнеше жылдан берi жұмыс iстейтiндер екен.
Қаланың қыр-сырын бiледi. Таныс жiгiттерi де көп-ақ. Аузын ашса,
көкiрек сарайы көрiнiп тұрған, аңқылдақ ауыл қызы сәл қалаша
киiнiп шыға келiп едi, тоқтай қарайтын көздер көбейе бастады. Өзiнiң
әдемiлiгiне, сұлу тұлғасына өзi де қызығып қарайтын болды Айтолқын.
Қаланың боз тұманы мен газ, түтiн аралас ауасы сорып, қара торы қыз
бозарып, әсемдене түстi. Терiсi ағарып, бет ұшындағы сәл қызғылт рең
айқындалып, сол ақ-қызыл фонда қара қасы мен қайқиған кiрпiктерi
реңiн әсемдей түскендей. Өз келбетiне өзi тояттай қарап, айна алдын-
да ұзақ, ұза-а-ақ тұратын болды. Тiптi, кейде қалалық бозбалалардың
да көз салатынын байқап қалды. «Қалада тұрақты тұратын, үй-жайы
бар бiр жiгiттiң етегiнен ұстасам» деген арман да басынан орын тепкелi
бiраз болған. Кейде қиялдап: «күйеуiм табыскер болып, үйде отырып,
әй, бiр бес-алты қара домалақты дүниеге келтiрiп, маң-маң басып
балапандарын ерткен қаздай болып, жүрер едiм» дейтiн. Он баланы
дүниеге әкелiп, өсiрiп, тәрбиелеген анасы: «Алла тағала әйелдi дүниеге
жаратқанда ұрпақ өрбiтсiн, бала өсiрсiн, сөйтiп, өмiрдiң қызығын
көбейтсiн» деп әкелген. Алла тағаланың бұйрығына қарсы тұруға
болмайды... Құдайдың бергенiн дүниеге әкелген жөн. Әр сәбидiң өз
несiбесi өзiне. Құдай тағала бiр қозыны артық жаратса, бiр тал шөбiн
қоса жаратады дейдi... Сондықтан бағың ашылып, бiр жақсы адам кез-
десе қалса, соның ұрпағын өсiр, көбейт, шырағым...» – деп өмiр-бақи
үйреткенiнiң арқасы ма, әлде өзi көп баланың iшiнде өскендiктен бе
әйтеуiр, бала жанды едi табиғатында.
|