Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет24/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Тіршілік
күйеуi Әшiр екеуi тату-тәттi ғұмыр кешiптi. Оның дүние салғанына 
да төрт-бес жыл болыпты-ау! Дүниеге келген балаларының үшеуiнiң 
ғұмырлары қысқа болып, жалғыз ұлмен қалды. Онда да мойымады. 
Бiр баласы екеу болып, келiндi болды. Соған шүкiршiлiк еттi. Ендi мiне, 
сол жалғыздың жолына қарап, мойып отыр. 
Күндер зулап, тоқтамай өтiп жатыр. Тiршiлiктерiн iстеп тырбанған 
жұрт. Алдыңғы қара қағаздар да келе бастаған. Пошта таситын қара 
шалды жұрт бұрын асыға күтушi едi, ендi оған үрейлене қарайтын бол-
ды. Қара шал да көк есегiн тепеңдеп, бейнебiр соғыс құрбандарына өзi 
кiнәлi адамдай көзiн жерден бiр көтермейдi. 
Тағы да қалғып кеткен екен. Түс көрiптi. Айнала құрсауланған көк 
мұз. Аяғын олай да басады, былай да басады. Тiптi қандай амал жасаса 
да, iлгерi жүре алар емес. Кенет әлдеқайдан Әшiр пайда болып, аяғын 
баса алмай тұрған жарына қолын созады. Ұмтылады кеп, ұмтылады 
кеп… Әйтеуiр бiр уақытта Әшiрдiң бiр саусағына қолын iлiндiрген 
Жәмiш жандәрмен ұстай алып, iлесе бердi. Жүрiп емес, ұшып бара 
жатқандай… Құрсауланған мұздың шеңберi кiшiрейе түскендей… Тағы 
да кедергi болды-ау! Мұз құрсау тiптi тарыла түстi. Онан сайын демі 
жетпей бара жатқан сияқты. Жанталаса қолдарымен ауаны қармаған 
күйi оянып кеттi. 
– Япырым-ай, бұл не түс екен, әлгi көршi кiрсе, жорытайыншы, 
әйтеуiр жалғыздың жанын сақтай гөр, жаратқан! 
Есiк жайлап ашылып, келiнi кiрдi. Жүдеу өңiнен қажып, әбден 
титықтағаны сезiледi, көздерiн уайым табы көлеңкелеген. 
– Сәлима екеумiз, тоғайдан отын кесiп, оны тасып, әкелiп болға ны-
мыз ша кеш те батты. Таң сәрiден тұрып мектепке от жақпасақ, сабақ 
жүрмей қалуы мүмкiн… Жұрт майданда қан кешiп жүргенде, бiз ел 
iшiнде отырып сабақты тоқтатқанымыз болмас… Далада қар жауып 
тұр. Соңын ала аяз болып та қалатын сыңайы бар, – дей жүрiп үйге 
от жағуға кiрiстi. Сәлден кейiн-ақ мыс шәугiм ызылдап үн шығарып, 
үй iшiне сәл бiр жылылық енгiзгендей еді. Келiнiнiң бiраз шаруасын 
тамамдағанын күтiп отырған кемпiр оны көршiсiне жұмсады. Көрген 
түсiн жорытпайынша жүрегi маза табар емес. 
Бар зейiнiмен бала күннен бiрге келе жатқан құрбысының әңгiмесiн 
тыңдаған көршi iшiнен секем алса да, оны Жәмiшке сездiрмедi. 
«Япырм-ай, күнi тақалып қалғаны ма шынымен! Құдай қосқан 
қосағының қасына барайын деген ғой», – деп ойлады. 
Ертеңгiсiн түнiмен жауған қар басылып қалыпты. Айнала көз 
қарықтыратындай аппақ. Жәмiш кемпiрдiң көзi тағы да терекке түстi. 


54
Клара Қабылғазина
Жалғыз жапырақ қалтырағанын бiлдiргiсi келмегендей ақырын ғана 
дiр-дiр етедi. «Тұрмысың iлiнiп, көктемнiң сарқыты, түсiнемiн, сенiң де 
қар астында қалғың келмейдi. Ұзақ өмiр сүргiң келедi. Адамдар да со-
лай… Ұз-а-ақ өмiр сүргiсi келедi. Жетпiс жас деген не тәйiрi! Ендi бiр 
жетпiс жас өмiр берсе де, тiршiлiктiң қадiрлi екенiн, өмiр сүргеннен 
артық бақыттың керегi жоқ екенiн айтар едiм. Менi қойшы, аз да бол-
са тiрлiктiң небiр дәмiн – ащысын да, тұщысын да таттым ғой, әлгi 
жалғызды құдай сақтасын. Қыршын, ғой қыршын!…»
Жалғыз ұлдың үйден кеткен күндерiн әдеттегiше төсек үстiнде 
отырып, қолдары қалтырай санай бастайды. Неше ай, неше күн, неше 
сағат болғаны айдан анық болса да, күнде ертеңгiсiн бiр санау әдетiне 
айналып кеткен. Өзiнiң де халi нашарлап бара жатқан сияқты. Аяқтағы 
iсiк денеге қарай жайылып бара жатыр… 
Үй-iшiнiң алакеуiмденiп қалғанына қарағанда күн батып бара 
жатқан сияқты. Жәмiш кемпiр әр түндi үрейлене қарсы алады. Ау-
руы да түнде меңдейдi. Сақыпжамалдың ұйықтап жатса да көкiрегiн 
кере күрсiнетiнi де жиiлейдi. Ойлар мазалаған сайын кiрпiк iлiнбейдi. 
Кешкiлiк дәмдерiн татып, анау-мынау үй тiршiлiгiне бола сәл күй-
беңдеген келiнi сығырайған керосин шамды үрлеп өшiредi. Сол сәттен 
бастап қап-қара түнек еңсенi басады. Көруге жаратылған көз осы 
түнектен шаршайды, шаршайды да сәл жұмылады. Көңiл – ояу. Осы 
бiр азапты түндердiң ұзақтығындай ұзақ ешнәрсе жоқ сияқты көрiнедi 
ауру адамға. Түннiң қара пердесi жайлап сыдырылып, жарық күннiң ақ 
сәулесi бөлме iшiне сыналап кiрiп, сәл жарықтандыра бастады. Тағы бiр 
таң атты, тағы бiр түн өттi… Тағы да көзi сол бiр терекке түстi. Жапырақ 
көзiне түспедi. Дала жарық, тып-тыныш. Жалғыз жапырақ, соққан 
желге де, жауған қарға да, аязға да төтеп берiп тұрған жалғыз жапырақ 
мына тып-тыныш күнде қайда кеттi? Суланған жанарын басындағы ақ 
кимешегiнiң шетiмен сүртiп жiберiп қайта қарады. Шынымен-ақ жоқ! 
Шынымен-ақ үзiлiп түсiптi! Ана жүрегi жамандыққа жорығысы келмей 
жан-дүниесiн езiлте сыздап қоя бердi. «Әй, осы мен де ырымшылмын-
ау, қайдағы бiр тал жапырақ үшiн не болды сонша маған езiлiп!» – деп 
өзiн жұбатып қояды. Әйтсе де есiнен сол бiр жалғыз жапырақ кетер 
емес. Жалғыз жапырақ менiң жалғызыма көрiнбесе еттi! Жасаған ием, 
жалғыз тұяғымды сақтай гөр! Әкесiнiң отын өшiрме. Әкесiне бермеген 
өмiрiңдi, бақытыңды соған бер!».
Кешке қарай Жәмiш кемпiрдiң жағдайы күрт төмендедi. Келiнi 
абыржып, көршi-қолаңды шақыруға кеткен мезетте ананың тiлi 
күрмелiп те қалған едi. Көздерi жасаурай, iштегi жалғыз арманын 


55
Тіршілік
көзiмен бiлдiрiп, жиналып қалған ағайындарына, ауылдастары-
на жаутаңдай қарады. Бәрi де ананың не айтқысы келгенiн, жалғыз 
ұлын ең болмаса бiр рет қана көргiсi келетiнiн ұқты. Не шара?! Үнсiз 
ғана жылаудың аяғы ана қазасын жоқтаудың сарынына ұласты. 
Көкiрегiндегi арманын жер бетiнде қалдырғысы келмегендей қысып 
жұмған күйi қолдары қарысып қалған. 
Ел-жұрт көптеп, көмектесiп ертеңiнде сәске кезiнде Жәмiш кемпiрдi 
қайтпас сапарға шығарып салды. 
Екi күннен соң бiр аяқтың орнына балдақ ұстаған, жол тауқыметiнен 
азып-тозған жас солдат келiп тұрды ана қабiрiнiң басына. 


56
Клара Қабылғазина


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет