Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет21/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

 1988 ж. 


45
Тіршілік
КӘРIЛIК
Бүгін де жаңбыр
Қаңғыр да күңгір шатырым, 
Қаңғысам ба екен, қақпамнан
шығып ақырын. 
Жан – тәнім сезді жанымның 
жалғыз екенін, 
Кемелге келіп, толысқан кезде ақылым. 
Есенқұл. 
Айқыз төсегiнен тұрып, жайлап терезеге келдi. Жанары боза-
рып, айналасын торкөз әжiм басқан көздерiн сығырайта далаға ұза-
а-қ қарады. Күндегi әдетi осы. Мынау сүттей ақ жарық сәулемен, 
дүбiрлi дүниемен iштей қабырғаның ар жағында тұрып тiлдескенiне 
де талай уақыт болып қалыпты. Жоғарғы қабаттан алған бiр бөлме 
пәтерiне кезiнде қолы жеткенде қандай қуанған едi. Қуанбай ше? Ау-
ылдан келiп, астананың жоғарғы оқу орынын бiтiрiп, озат оқығанның 
арқасында алдымен комсомол, кейiн партия қызметкерi болып шау-
ып жүргенiнде осы шаңырақтың кiлтi қолына тиiп, әпкесi, күйеуiмен 
шалғай облыстан қонаққа келiп, мәре-сәре болысқан едi... 
– Ой-бой... одан берi де талай-талай жылдар жылжып, уақыт зы-
мырап өтiп кетiптi-ау!
Тарам-тарам сiңiрлерi кәрi ағаштың қабығындай, қоңырқай 
тартқан қолдарының үстiнде бадырая шығып тұр. Сүйегiне жабысып 
қалған терiсiнiң астына әбден тұз жиналып, бүртиiп-бүртиiп, қисайып 
кеткен саусақтарын әрең қимылдатып, жылдардың есебiн шығара ба-
стады... 
– Ол кезде отызда болатынмын... Аудандық партия комитетiне 
қызметке барғаныма үш жыл болған... Iм-м... 
Сол сәт есiне Еркен түстi. Әй, жiгiттiң төресi едi-ау өзi де... 
Екеуi бiр-бiрiн құлай сүйген-дi... «Япырым-ай, әлi күнге дейiн саған 
деген сезiмнiң сақталғаны ма?» деп ойлады. Өйткенi, сол сәтте кәрi 
жүрек бұлқынып, денесiне қан жүгiргендей, тiптi бiр жылылық өн 
бойына тарап, шымырлап кеткендей болғанын сезiнiп, көз алдына 
елестете бастады: Сұңғақ бойлы, кең маңдайындағы қалың қастары 


46
Клара Қабылғазина
түйiсiп, бiр қарағанда қатал, түсi суық көрiнгенiмен Айқызға де-
ген мейiрiмiнде, сүйiспеншiлiгiнде шек жоқ едi. Ол қалалық партия 
комитетiнде бөлiм меңгерушiсi де, бұл ауданда-нұсқаушы. Оның әйелi, 
баласы бар... Мұның ешкiмi жоқ. Бiрақ екеуi ара сезiм, кеш кездескен 
махаббат отына бұлар ұзақ жылынды. Еркенге әйелiнен ажырасып, 
Айқызға қосылу дегенiң бүкiл бедел, қызметпен қоса қоштасу бола-
тын ол тұста. Сонымен жасырын кездесiп, демалыстарын бiрге өткiзiп 
жүре берiптi... Айқыздың да бiр шикiөкпенi тауып алып, соған алданып 
отыра беруiне де мүмкiндiк болмады. «Коммунист атағына кiр келтiрдi, 
моральдық қасиетiн жойды, совет семьясын бұзды» деген сияқты тағы 
да басқа жалаларға тап болатынын өзi де бiлдi. Оның үстiне қызметке 
әбден үйренгенi соншалық жексенбi күнi де екi қолы алдына сыймай, 
көбiне көп уақытын Еркендi күтумен өткiзетiн. «Қалқам-ай, сен ар 
жақта, мен бер жақта» дегендей бiрiнiң бiрi амандығын тiлеп, алыстан 
сағынып, жасырын табысып жүре бергенге әбден еттерi өлiп кеткен-дi. 
Өмiр жылжып өте бердi. Жыл сайынғы партия қызметкерлеріне 
бөлінетін жолдамамен теңiз жағалауында өтетiн демалыс екеуiнiң 
еншiсiне емiн-еркiн тиетiн. Бiр-бiрлерiнiң сырларына, мiнездерiне де 
қанықты. Бiр-бiрiне мықтап байланғандары соншалықты, сол бiр нәзiк 
жiптiң үзiлмеуiн екеуi де iштей тiлейтiн. 
– Қарағым-ау, мына жүрiсiң не? Отыздан асып барасың... Қызмет-
қызмет деп жүрiп, өмiрiңнiң өтiп кеткенiн бiлмей қаласың-ау. Сонда 
өкiнiп қалып жүрме, байқа..., – деген анасының сөздерi де есiнде мәңгi 
қалды. Қалғанымен амал не?.. 
Жұмыстың ерте кетiп, кеш келетiн, келгенде де телефон құлағынан 
қолы ажырамайтын сәттерiмен жүрiп, шынында өзiн әскер сияқты 
сезiнетiн. Сарт-сұрт жүрiс, үнемi серiппесi бой жазуға жiбермей 
тұрған аппарат тәрiздi соған өзi де үйренiп алған. Түннiң өзiнде де сан 
түрлi кездесу, жиын, мерекенiң өткiзiлуi де бұлардан талап етiлетiн. 
Сөйтiп, Отан, партия солдаты болып жүре берiптi. Алдымен нұсқаушы, 
кейiннен бөлiм меңгерушiсi болып 60 жасқа дейiн креслода арман-
сыз отырғанын өзi iштей мақтаныш ететiн. Өзiн-өзi күтiп, бой түзеп, 
сәндi киiнiп жүретiн әдетiнен жаңылмайтын Айқыз өз жасынан көп 
жас көрiнетiн. Сондықтан да болар, басқаларды алпысқа толысымен 
зейнет демалысына жiберiп жатқанда басшылар бұған көпке дейiн 
үндемеген. Кейiннен 64-ке қараған шағында ғана үлкен басшының:– 
Дем алмайсыз ба, қажыған шығарсыз, – деген бiр ауыз сөзiнен соң, 
сөз төркiнiн түсiнiп, құжаттарын дайындаған. Алғашында қолы босап, 
уақыты көбейiп қалған соң көптен араласпай кеткен туған-туыстарды


47


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет