52
Клара Қабылғазина
«Айналайын, апатай, есiмнен күнi бойы Сақыпжамал екеуiң шықпай-
сыңдар. Қас та рың да бас көтеретiн де ешкiм қалмады ғой. Дегенмен,
«көппен көрген ұлы той» дегендей, ел қатарлы күн көрерсiңдер. Жауды
жеңiп, аман-есен елге оралатыныма сенемiн.
Тек қана мен барғанша
сен тiрi болшы, апатайым!» деген жолдары құлағында тұрғандай.
Жалғандағы жалғызын көз алдына елестетiп жатып, көзi iлiнiп кет-
кен екен. Үйренген әдетi бойынша тағы терезеге қарады. Терезенiң
алдында анадайдан көрініп тұрған жалғыз теректiң бұталарының
жапырақтары түсiп, жалаңаштанып қалған. Кенет, теректiң орта
тұсындағы бұтақтардың арасынан түспей қалған бiр жапырақ көзiне
түстi. Асықпай, мұқият түрде теректiң әр бұтағын қарап шықты.
Тiптi
тесiле қарағандығы сондай көздерi де жасаурап кеттi. Шынымен-ақ
сып-сидам теректiң өн бойында қалған сол жалғыз тал жапырақ едi.
Күздiң суық желiнiң ызғарынан қалтырағандай дiр-дiр етедi. Өзi онша
сарғаймаған да. Қою жасыл түсiн сәл сарғайтып барып сақтап қалған.
Неге екенiн өзi бiлмейдi, әйтеуiр осы жапырақтың түспегенiн тiледi.
Оны өзiне ырым етiп қойды. Әлдеқандай бiр жақсылыққа жорыды.
Ауызғы үйден тысыр бiлiндi. Сақыпжамал екен. «Ойпырмай, күннiң
ызғар соғуын-ай! Мектепте жағатын отын жоқ, балалар тоңып отыр.
Сәлима көршiлерiнен естiптi, немiстер де өңмеңдеп келе жатыр екен
дейдi. Бiздiкiлер де берiспей жатқан тәрізді... Әйтеуiр, майдан дегенiң
қиян-кескi соғыс көрiнедi» – деп ол есiктен асыға сөйлей кiрдi. «А,
жаратқан құдай, өзiң жар бола гөр», – дедi кемпiр жауап орнына.
«Сiзге шай қамдап берейiн. Кешкiсiн кешiгiп қалатын түрiм бар, – дедi
Сақыпжамал, – үнiнен шаршағандығы сезiледi:
– Пошташы газет-журнал таратып жүр екен…
Бiзге ештеңе де
келмедi… Күз де аяқталып қалды. Таяу арада қыс та келедi. Ол уақытта
пошта қатынауы қиын болады. Тiптi соған дейiн бiр хабар келмедi-ау…
– Қайтейiн, қарағым-ай! Екеуiмiздiң қолымыздан келер не бар?
Бiр тәңiрiге жалбарынып, жалынамыз да, – деп кемпiр күбiрлеп, өзi
бiлетiн құран сүрелерін сыбырлай жөнелдi.
Күнде таңертең Жәмiш кемпiр терезенiң тұсындағы ақ терекке
қарайтын болды. Тiптi ойында ешнәрсе жоқ болса да, көзi ерiксiз соған
түседi. Күннен күнге суыта түскен ауа райының реңi де жаман.
Қыс та
суық болатын сияқты.
Кемпiр сарғайып, қуаты тайса да тырмысып түспей тұрған жапырақ-
қа ұзақ қарады. Әлден соң көзiн жұмып, талған жанарын тынықтырып
бiраз отырды. Жата берген соң ба, әйтеуiр ойына әлденелер түседi.
Өзiнiң жастық шағын есiне алды. Дәм-тұзы бұйырып, қосылған