Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет18/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

СҮЛЕН АПА
(болған оқиға iзiмен)
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын
Түбін ойлап, уайым жеп айтқанмын. 
Ақылдылар арланып ұялған соң, 
Ойланып, түзеле ме деп айтқанмын. 
Абай 
Қоп-қоңыр боп тотыққан, сай-сай, тарам-тарам әжiмдi бетiн 
сiңiрлерi шығып, тарамыс болған қолымен көлегейлей шығыс жақта 
жатқан жотаға ұзақ қарады. Бұл оның күндегi әдетi. Таңертең сауын 
малдарды өрiске айдап шығады да, сол жотаға ұзақ-ұзақ телмiредi, 
сонан соң кеудесiн кере бiр күрсiнiп алып, үйге бет алады. Мiне, осы 
әдетiнен жаңылмағанына жарты ғасырдың жүзi болыпты. Өмiр-өзен 
де ағысынан жаңылған емес. Зулап күндер, ағып айлар, жылжып жыл-
дар өтiп жатыр. 
Үйiне келген бетi бүгiн ғана Сүлен апаның. Үйi дегенi орын теуiп 
отырып қалған жұрағаттың шаңырағы едi. «Осы бiздiң отбасын өзiңе 
тұрақ етсеңшi, бәрiмiзге асылатын бiр қазан ғой, құдай берекесiн бер-
се, аштан қалмаспыз. Бiр шәугiм шайды бөлiсiп iшкеннен ортайып 
қалатын ештеңе жоқ, кел!»– деген туыстың сөзiне бола тұрып қалып 
едi. Сүлен апаның санасында Қараша атадан тараған үрiм-жұрағаттың 
бәрi оның туысы. Өлiм-жiтiм, той-томалақ болса шақыру күтпей-ақ 
барып, зыр жүгiрiп қызмет жасайды. Шаршадым-ау, ауырдым-ау де-
ген сөздер оның аузынан әсте шыққан емес. Өйткенi оның өзi келiн 
болып түскен Қараша елiнiң адамдары оның қайғысын да, қуанышын 
да бөлiстi. Қуаныш демекшi бүкiл сексен жылғы өмiрiндегi саусақпен 
санарлық қуанышын ұмытар ма!? Марқұм күйеуi Жазықбай сiңiрi 
шыққан тақыр кедей, әрi жасы өзiнен едәуiр үлкен болса да iштей 
жақсы көрдi оны. Сығырайған терезесi бар, аласа жер кепедегi тақыр 
тулақтың үстiнде отырып оған сызыла шай құйып берген сәттерi көз 
алдында мәңгi қалып қойған көрiнiс, өмiрiндегi бiр үзiк қуанышы едi. 
Көршi ауылдағы байдың есiгiнде жүрген жетiм қыз осы бiр азаматқа 
ұнағанына, шаңыраққа ие болғанына iштей қуанатын. Иба, әдеп, ұят 
дегендер ол кезде бәрiнен де жоғары тұратын едi ғой... 


40
Клара Қабылғазина
Сонан кейiнгi үлкен қуанышы – ұлы дүниеге келгенде болды. Қол-
аяғын тырбаңдатып, шыр етiп жерге түскен нәрестенi көргенде ащы 
толғақ зардабынан әлсiреп бара жатып та қуанышын бiлдiре бар күшiн 
жинап, жымиған едi. «Сүйiншi! Ұлды болдың!» деп жайпақ қораның 
үстiнде мойнына белбеуiн салып, бiлген ырымын жасап, бар бiлетiн 
тiлегiн Алла тағаладан сұрап отырған Жазықбайға тұра жүгiрiп едi 
көршi кемпiр. Сонан соң... 
Сонан соң қараша үйдегi Қараша атаның бiр ұрпағы өмiрден 
кеттi. Жазықбай айдалада мал бағып жүрген кезiнде жай түсiп өлдi. 
Бар қуанышы Сүленнiң сонымен бiрге кеткендей болды. Одан қалған 
жалғыз ұлды бағып, өсiру қарекетiмен жүргенде ол есiне бiр түсiп, бiр 
түспейтiн... Тiрi адам тiрлiгiн жасайды ғой... «Өлгеннiң артынан өлмек 
жоқ» дестi Қараша атаның ұрпақтары. Көптеп, көмектесiп тiршiлiк 
етiстi. Бiреуi бiр уыс талқанын, бiреуi бiр жапырақ етiн бердi. Жас 
ананың жанына медет болды. 
«Ий, ий, құдай-ай, тағы ненi қазбалап, ойлап кеттiм. Қой, тiршiлiк 
бар емес пе?! …Әлгi Қайраттың мектептен қайтар уағы болып қалды. 
Тама ғын әзiрлейiн. …әке-шешесi маған сенiп жұмыстарына кеттi ғой...»
Қазандықтың астына от тұтата жүрiп те ой құрсауын қанша 
қуғанымен шығара алмады. Ызылдап сары шәугiм де қайнады, дастар-
хан жайып, шәйiн жасады. Қызарып, бiртiндеп сөнiп бара жатқан отқа 
қарап ұзақ отырды. Сол бiр күздiң суық кешiнде де отқа қарап ұзақ 
отырғаны есiне тағы түстi... 
Қара суық күз желi өңменнен өтiп, сыртта жүрген адамды ықтырып, 
әтуiрiн алып, селкiлдетiп, қалшылдатып үйге әкеп тығады. Бiрлi-
жарым мал екеш мал да сұрлары қашып, жүндерi үрпиiп, бiрiне-бiрi 
тығыла түсiп, үйiрiлiп тұр. Отынның бiр құшағын үйге ала кiрген ол 
көп күннен берi төсек тартып жатқан ұлына қарады. «Сүзек пе әлде? 
Құдайым-ау, онда қайтемiн, қайтiп жанын алып қаламын?» Алқымына 
өксiк тығылды, көзiне жас үйiрiлдi. Сұлық жатқан баласының мазасын 
алмайын дедi де, сөнiп бара жатқан оттың шоғына қарап, үнсiз, ұзақ 
отырды. Солай отырып қалғып кеткен екен, әлден уақытта денесiнiң от 
боп жанған қызуынан орнынан қозғала алмай қалғандығын байқады. 
Тiптi үн қатуға ауырсынды. …әрi ауру баланың дегбiрiн қашырмайын 
деп таң атқанша қозғалмай жатуды ұйғарды. 
«Апалаған» жасөспiрiм үнiне ешкiм жауап қатпады. Қазандық 
басындағы киiз үстiнде қисая жатқан анасына көзi түстi баланың. 
Бар күшiн жинап, әлсiреген денесiн зорға қозғалтып, орнынан тұрып 
келгенде ессiз-түссiз жатқан анасын көрдi. Дене қызуы күйдiрiп бара 


41


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет