Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет16/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Тіршілік
бетіне шығатын қасиетінің ерлерден артық екенін кейінгі уақытта өзі 
де мойындап жүр. «Әйелдің шашы ұзын болғанымен, ақылы қысқа» 
деген пікірді жақтыратын. Ендігі жерде олардың «шашы қыс қарып, 
ақылдары ұзарған» секілді көрінді. Үйдегі тоңазытқыш, сөре атау-
лының босағанына талай болған. Сонда да баяғы әйел шыш-быж еткі-
зіп, әлденені қоңырсытып, пісіріп балаларының аузына тосып жат-
қаны. Бүгінде сондай бірдеңе істеген болуы керек, жағымды астың иісі 
шық қандай. Еріксіз тәбеті ашылып, қарны шұрылдап әбігер болды. 
«Жоқ, әлде, ел жақтан сүрі-мүрі келіп қалды ма, әй, қайдам! Олардың 
да күйлері күй болмағаны қашан?!» Сүрі деген сөз есіне қайдан түсті?! 
Сілекейдің шұбырғаны енді болды. Әрі аунады, бері аунады, аш адам-
нан ұйқы да қашатынын енді білді. 
Әйелі балалардың бөлмесінде жатқан болуы керек, қыбыр-жыбыр 
естілмейді. Ақырын тұрып, ас үй жаққа еріксіз бет алды. Үстелдің 
үстіндегі бір жапырақ нан мен кеспесі, картобы қосылып жасалынған 
тамақты көргенде толқығаннан көзіне жас үйірілді. 
«Байғұс, Тынышкүл шырылдап балапандарының ауыздарына ты-
ғып, қалғанын бұған да қалдырған екен ғой... өзі жеді ме екен?!» деп 
ой лай отыра ауқаттанып, әлденді. Бойына қуат жүгірген соң тағы да 
тір лік туралы ойлар басын қармады. Сөйтіп, түн ортасы екендігіне 
қара май тысқа шығып кетті. 
Мәкеннің беталбаты сенделгеніне талай уақыт өтті. Түн орта-
сы болғанымен үлкен қалада тыныштық жоқ. Зуылдаған машина-
лар, жарқ-жұрқ еткен, кәдімгі батыстық қала сияқты сан түрлі бо-
лып құбылып, мазақ еткендей жарқылдап тұрған шамдар, әрлі-берлі 
жүрген адамдар. Аялдамаларды шолып, дүкендердің айналасын шам 
жарығымен сүзіп болды. Ешкімнен ештеңе түсіп қалған жоқ па екен. 
Түссе де, мұның алдындағы біреуге бұйырған шығар. Анау тұрған 
дүкенші қыздан қарыз сұрасам ба екен?.. Ой-бой, көшеде қаңғып 
жүрген қаңғыбасқа қайдан берсін?..» Қандай амал істерін білмей миы 
сан-саққа тарап, қараңғы қалтарыста темекінің ұштығын сіміре тар-
тып тұрған-ды. 
Әлден уақытта, кенеттен тапырақтай қашқан адамның жүгіргені 
естілді. Бұл әліптің артын бағып, тына қалды. Қашып келе жатқан ер 
адам бейнесі жолдың арғы жағынан бұған қарай бет алды. Зытқан күйі 
қолындағы затты қалтарыс қараңғыға қарай лақтырып кетті. Анадай-
дан көрінген қуғыншы милиция жігіттері қашқан адамның қарасы 
көрінген жаққа жүгіріп өте шықты. Мәкен лақтырылған затқа қарай 
өзінің қалай ұмтылғанын да байқамай қалды. Ойланып тұрмай-ақ 


36
Клара Қабылғазина
қолына іліккен әйел сөмкесін костюмінің ішіне, қолтығына тыға салды 
да, үй айналып кетті. «Қуғыншылардың бірі озыңқырап кетіп еді, қуып 
жетті ме екен әлде?» – деп ойлады да «не де болса маған бұйырған 
екен?» деген ниетпен үйіне оралды. 
Ұрлықты өзі жасағандай тынысы тарылып, жүрегі аузынан шыға 
өрекпіп, қолдары қалтырап, тірсектері дірілдеп, мазасы кетті. Жүріп 
келе жатқандай, бірақ адымы ашылар емес. Соңынан біреу аңдып 
тұрғандай артына қарай жалтақ-жалтақ етіп қарап қояды. 
Есікті жайлап ашып, үйіне кірді де «уһ» деп еркін дем алып, 
арқасынан жүк түскендей, үлкен бір қауіптен құтылғандай сезінді. 
Әйелінің оянып кетпеуін тілеп, ас үйге бет алды. Сөмкені ашқанша шы-
дамы таусылып барады. Соғуы жиілей түскен жүректің дүрсілі өзіне 
естілгендей. Толып тұрған неше түрлі бояу, майда-шүйде заттарды 
көргенде босқа әуреге түскеніне өкінгендей, қимылы бәсеңдеп қалды. 
Кенет қалтарыс қалтаны байқап, тез ашып жіберді. Жасыл ақшаларға 
қоса бірнеше мың теңгені көргенде «қорыққан мен қуанған бірдей» 
дегендей көзіне жас толды. Әйелі оянып кетсе «біреуді тонадың» деп 
айып тағудан тайынбайды. Сондықтан, тез ізін жасырмақ ниетпен 
сыртқа шығып, ішіндегі заттарымен қоса сөмкені қоқысқа лақтырды. 
«Бір түнде мұнша ақша саған қайдан келді?» деп әйелі күдік тудырмас 
үшін, біразын ғана қалтасына салып, қалғанын жақсылап жасырған соң 
көңілі орнына түсіп, алаңсыз ұйқыға жатты. Қуанышы мен қорқынышы 
қатар қабаттасып, енді ұйықтай алсашы. Көзі ілінер емес. Дегенмен, 
жаны рахаттанып, өмірге деген сенім пайда болып, тіпті тіршілікке де-
ген құштарлығы арта түскендей... «Ия, Алла! Осы бір қағаздан жасалған 
пұлға тірлікті, бүкіл адамзат өмірін тіреп қойғаныңды-ай! Осыдан сәл-
ақ бұрынғы көңіл-күйімді қолмен қойғандай жақсарта салғаныңа рах-
мет, Аллаһ! Аллаһ-тағала пендесіне беремін десе саңылаудан да бере 
салады деген осы екен-ау! Оһ, Аллаһ, шүкір, шүкір...», – деп жатып 
Мәкен өзінің қалай ұйықтап кеткенін байқамады. 
– Бірдеңені тындырып келгендей, тал түске дейін жатқаның не? 
Кеще! «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі 
артық» демей ме? Тіпті болмаса ертерек тұрып жұмыс іздемедің бе? 
Бірдеңе табылып қалар ма еді... Елдің байы ертеңгісін үйіндегі жоғын 
біліп кетіп, кешкісін үйіп-төгіп әкеледі екен. Не ішем, не киемін дегенді 
ойламайтын қандай бақытты әйелдер десеңші солар! Менің күнім 
күн бе?! Жақсы киімді, демалысты қойып ертеңгі күні аштан өліп 
қалмайық, қарынды қалай тойдырамыз деп армандаймыз. Бірінен 
кейін бірін туып мына балаларды өзім де оңбаймын. «Енді немен асы-
раймын бұларды?» деп басымның қатып отырғаны мынау... 


37


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет