Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет12/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
АНА
Ана көңілі бүгін тым қобалжып тұрды. Жүрегі біресе дүрсілдеп 
-дүрсілдеп соғып, біресе тоқтап бара жатқандай тынысы тары-
лып, кеудесін кере дем алады. «Жүрегі бар болғырға не болды, неге 
алаңдайды, нені іздейді, алыста жүрген ұл мен қыздан аулақ, әйтеуір» 
деп құран сүрелерін оқып, аузын жыбырлатып, көзін жұмып, ұзақ 
отырды. Кейде Алладан тілек тілеп, жалынып, жалбарынғысы келген-
де «япырым-ай, басқа діндегілердің көз алдарына қойып, табынып жа-
татындары бар, осы бізге де бір бейне керек-ау» деп алып, іле-шала 
«кеше гөр, тәңірім, Аллаға серік қосқанымды» деп кешірім сұрайтын. 
Көзін жұмып, көз алдына Тәңірдің яки пайғамбардың түрін елес-
теткісі келеді: алдымен көкпеңбек аспан, онымен астасып жатқан 
қара жер. Сол екі ғаламның ұштасқан жеріне ұзын, аппақ сақал, шаш-
ты тұтастыра, біріктіріп тұрған үлкен басты, әрі қарай шексіз аппақ 
жамылғыны елестетеді. Түнде төсекке қалай басы тиісімен осы бей-
не көз алдына өз-өзінен келе қалатындай дәрежеге жетті. Сол бейне-
мен сөйлеседі, соған жалынады, жалбарынады. Сондағы айтары: «О, 
Алла, құдіреті күшті құдайым! Алыста, шет жерде жүрген балаларыма 
ғұмыр бер, денсаулық бер, жолдарын қыла гөр... Күнәларын кеше гөр... 
Олар үшін мен де, тіпті болмаса тілеулерін тілеу үшін де қажетпін ғой... 
Маған да ғұмыр, денсаулық бере гөр... Біліп жасаған, білмей жасаған 
күнәларын кеше гөр... Ия, тәңірім, қабыл ете гөр тілектерімді» деген 
сөз тіркестері күніне бәлен рет қайталанады. 
Осы әдетімен тағы да біраз тәңірісіне жалбарынды. Бірақ, жүрек 
мазасызданғанын қояр емес... Тіпті, бір нәрсе ұмыт қалғандай ма? Не 
ұмыт қалуы мүмкін?... Айына бір келетін пәтерақыны, су, газ, жарық 
деген сияқты міндетті төлемдерді зейнетақысын ала сап төлеп қояды. 
Ешкімнен қарыз алып көрген емес. Сол Алланың берген нәпақасын 
талғажу етіп келе жатыр. Кезінде жақсы қызметтерде істеп, дербес 
зейнетақыға шыққан ғой... Сол, өзіне, қара басына жетеді. Тек жалғыз 
қалғанының шешімін, жауабын таба алар емес... Өз тағдырын қолына 
сеніп тапсырған ері адал жар емес арам болып шықты. Екі бала дүниеге 
келген соң, тірліктің тауқыметі, пәтер жоқтық, жетімсіздік дегендерге 
шыдай алмай, сыр берді. Үйі-жайы, қаражаты бар келіншектің қолына 


25
Тіршілік
бір-ақ кетіп қалды. Аспаннан найзағай түскендей күй кешкен ана 
кішкентай екі сәбимен, қоқысқа лақтырғандай күйде қалды. Сонымен, 
бар арман мақсат, екеуін жеткізу болды. Жаман тәрбиелемеген сияқты 
еді... Тапқан-таянғанын жинап, теріп, шетелде оқытты. Қарапайым 
жұрттың уысына түсе бермейтін мамандықтар алып берді. Түрік елінде 
оқып жүрген қызы, арабтың бір жігітіне тұрмысқа шығып, соның 
жеріне кетті. Міне, бірнеше жылдан бері сол жақта. «Айналайын-ау, 
өзіміздің бір азаматқа шықсаңшы... Алыс, жат ел, жат жерде не бар? 
Өміріңді өз қолыңмен өксітпесеңші... – деген ана ақылын тыңдамаған 
еді. Енді міне, өксіген хат та келіп жетті. Бір елден кетіп, азаматтықтан 
шығып алған соң, қайта келудің машақаты мол екен. Қартайған 
әйелдің зарына кім құлақ асар?.. Көз жасқа толы қызының хатын 
оқығанда қанша ренжісе де көкірегін жарып шыққан перзенті емес пе, 
жаны езіліп, ет жүрегі елжіреп, жабығып, қайғыға батқан еді. Енді амал 
жоқтықтан көніп, бір Алладан амандығын ғана тілеп отыр. «Маматай! 
Мына жақтағы күйімді адамның басына бермесін. Мен үшінші әйел 
екенмін... сырттан келген әйелдерді бұл жақта күң етіп ұстайды. Еліне 
келген соң күйеуімнің маған деген қатынасы өзгеріп сала берді. Өзіне, 
екі әйеліне, балаларына, әке-шешесіне, басқа балаларына қызмет жа-
саймын. Осы үйдің күңімін... Еш жаққа аттап басуға рұқсат жоқ. Атым-
ды да ұмыттым. Мені бәрі «кәпір» дейді. Не амал етерімді білмеймін. 
Осы хатты әрең дегенде жол тауып, біреуден біреуге өткізіп жіберіп 
отырмын. Ажалым осы жерде болатын сияқты маматай, кешір мені! 
Сенің кешіріміңді ғана өзіме пана тұтамын... кеш...» деген көз жасына 
шыланған қызының сөздері көкірегінде шемен болып тұр. 
Әпкем, бір туғаным бар еді деп ұл да іздей қояйын деп тұрған жоқ. 
Оқуын біткен соң сол «Ресейдің қаласында жұмысқа қалдым» деп ха-
бар келген. Содан соң еш жауап та жоқ. Ұшты-күйлі жоқ болған деген 
осы шығар. 
Ана әр атар таңды үмітпен қарсы алады. Келер, келіп қалар... 
Жұма сайын жұмалық шелпегін пісіріп, тағы басқа толып жатқан 
тәттілерді әдемілеп, өрнектеп, асықпай жасап, ыдыстарға сәндеп са-
лып, қарап отырады. Жалғыз адам не жесін, тәйірі... Жалғыз қыздың 
жағдайы анадай болды, ендігі үміт жалғыз ұлда. Бүгін, ертең келіп 
қалса дастархан мәзірі дайын тұрсын деп осы бір әдетті тапқанына да 
бір неше жыл болып қалды. Пісіп, түсіп тұрған тамақ ескіріп қалмасын 
деп, бір-екі күннен соң, далаға алып шығып таратады. Көшеде қол жай-
ып жүргендер де, там-тұмдап күн көріп жүргендер де, көршілері де, 
ойнап жүрген балалар да ақ шашты Ананы танып алған. Өзі тіпті дәмді 


26
Клара Қабылғазина
дайындайды бәрін. Ана да екі-үш күн сайын өзіне ермек табылғанына 
қуанғандай. Тамсанып, талап алып жеп жатқандарға рахметті өзі ай-
тады. 
Бүгінгі алағызғанына жол болсын... Әлде ұлы анасын есіне алып, 
«жалғыз қалған шешемді көріп қайтайын» деп жиналып жатқан бо-
лар... Соны сезіп отырған болар жүрек деген... 
Қой, қатып, кеуіп бара жатқан тәттілермен қарсы алғаным болмас... 
Жаңасын дайындайын деп дастархандағы бар тағамды алып, далаға 
шықты. Ананың шығуын күтіп тұрғандай-ақ әп-сәтте бәрі жиналып 
қалды. Тіпті бөтен адамдар да көп екен... Бәрі таласа-тармаса ананың 
қолынан шыққан дәмді жеп жатты. 
Дастарханның үстін тәтті, дәмдіге толтырып, қайтадан жабдықтап 
болған ананың көңілі сәл орныққандай болды. «Шынымен-ақ ұлым 
келе жатқан шығар, оның келетінін сезіп, қуанып, дастархан жайып 
отырғаныма марқайып қалсын!»
Күндегі соңғы ақпараттарды көретін дағдысымен теледидар 
құлағын бұрады. «Енді шетелдегі жаңалықтарға оралайық. Кеше Ре-
сейде ішкі істер қызметкерлерінің көмегімен нашақорлық саудасы-
мен айналысып жүрген бір топ адам құрықталды. Ішінде қазақ азама-
ты да бар болып шықты», – деген хабарламадан кейін тіпті толқыды 
да. «Япырым-ай, ол кім болды екен?... Кім болса да сорлады... Түрмеде 
шіриді енді... Содан басқа тірлік бітіп қалды ма екен, байғұс балаға? 
Әй, бұлар өлер жерін білмейді, ә?..»
Біраз бұрқылдап, ұрысып шерін тарқатқандай болған ана көңілі сәл 
алаңдаусырағандай... Кешке қарай тағы да уайым басты. Үйге қарай 
туралап келе жатқан адам көзіне түсті. Пошташы екен.. Қолындағы 
қағазды ұсына берді. Жедел хаттағы: «Мен балаңызбен бір бөлмеде 
тұрушы едім... Оны тұтқындады,» – деген сөздерді оқи салысымен Ана 
талып түсті. Кетіп үлгермеген пошташы жедел жәрдем шақырды. 
Жансыз қалған Ана денесін салып, машина бұрылыстан көрінбей 
кетті.


27
Тіршілік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет