Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет8/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
– Болашақты ойлауың керек еді ғой... Қайыршылық өмір кешкен-
ше... 
– Сен кете бер, мен өзім-ақ отырып кете беремін. Бала емеспін 
ғой... 
Салиха автобусқа мініп, қайтып кетті. Үнсіз, қамығып, тұншығып 
жылады. Ішінде буырқанған сезім жанын алай-дүлей етті. Күйеуі кетті. 
Балалардың өз тіршіліктері өздерінде екен... сәтті ме, сәтсіз бе? Ол 
жағына мән беріп жүрген олар жоқ. Жүрек қалауын сүйеді. Сонымен 
іс тәмәм сияқты. Мүмкін дұрыс та шығар... 
Кешке қарай Салиханың үйіне телефон соғылды. Жақұт астанаға 
кетпей татармен кетіп қалыпты. 
– Ал, билеті не болды? – деді сасқанынан Салиха. 
– Құрыды, әрине... 
Әйел не істерін білмей бөлменің ішінде әрлі-берлі жүріп, қабырғаға 
соғылды. Жылайын десе жылай алмады. Әрине, махаббаттың дүлей 
күшін бұл сезінеді. Қызы анасы түсінбейді десе, анасы қызын түсінбейді. 
Сонда бұл не? Ұрпақтар қайшылығы ма, замана шиеленісі ме?
Кешкісін Айқын келді де, оның кең құшағына көмілген әйел бәрін 
де ұмытқандай болды: – Болар іс болды, 17 жас деген не?! Бұл махаб-
баттан жолы болмаса келесісінен болады, ал болып кетсе тіпті жақсы, 
– деді ол салқынқандылықпен. 
Қызының аяғы ауыр болғанын бөтен адамдардан естіді. Өзі не теле-
фон соқпады, сәлем де айтпады. Қорықты ма екен, әлде ұялды ма? 
Тек сегіз айдан кейін ғана жаңа туған қызын көтеріп келді. Шикіөкпені 
қолына алған Салиханың көңілі босап, өз құрсағын жарып шыққан 
қызының бір бөлшегін иіскелей берді, иіскелей берді. Татар жігітінен 
безе қашып келген беті. Айтуынша иттер де олардан гөрі жақсырақ 
өмір сүреді екен... Сәбиін тастап анасының қолына, өзі оқу оқимын де-
ген ниетпен астанаға кетті. 
Салиханың қолында нәресте, көңілдесі аптасына екі рет келіп 
тұрады. Қалған уақытта кішкентай қыздың тәрбиесі. Уақыт сынаптай 
сырғып өтіп жатты. Кішкентай жиен қыздың балабақшаға баратын кезі 
келді. Күз болды. Тура осыдан отыз жыл бұрынғы сурет, сол кедейлік. 
Айқын қазір көмектеспейді, өйткені өз отбасы бар. Оның көмегін 
күтпейді де, оның аптасына екі рет келіп кеткені мұның өміріндегі ең 
бақытты күндер болып саналады. Сол себепті одан ешнәрсе сұрамайды 
да, әйелі, баласы бола тұра екі күнді қиып келіп жүргенін, мұның 
өміріне мереке сыйлап жүргенін көңіліне медет тұтады. Егер ол бол-


17
Тіршілік
маса ше?! «Алла сақтасын! Ондай сұр өмірді құдай басқа бермесін!» 
деп есі шығады. 
Ұлынан хат келді. Оның да ұлы туыпты. Қарындасы Жақұт тағы бір 
жігітке күйеуге шығыпты. Бірақ, кішкентай қызы туралы бір ауыз сөз 
қозғамаған. Соған қарағанда өткенін өшіріп тастамақшы-ау... 
Ұзақ жылдар жалғанған махаббатының отын Айқынның анасы, 
туысқандары келіп бір-ақ күнде өшірді. «Сен, жәлап, қыздай қосылған 
жары бар, баласы бар, өз өмірі бар менің балама қашан тыныштық 
бересің?! Егер енді тағы бір рет шақырып, қылмыңдайтын болсаң, 
мен өзім шашыңды жұлып, бетіңді тілемін. Бүкіл елдің алдына сүйреп 
шығарып, масқараңды шығарамын!» – деді шешесі. 
«Мен өзім-ақ көміп тастай саламын, кімге керек мұндай арсыз. Кім 
іздейді мұны!», – деді немере ағасы. 
«Шынымен, – деп ойлады Салиха, – мені кім іздейді. Балаларым 
маған қорған болмақ түгілі, бастарымен қайғы». 
Сонымен, Салиха астанадағы балаларының қасына кетпек болып 
жиналды. Қоштасар сәт туды. Айқын Салиханың заттарын жинап, 
киім-кешектерін буып, түйіп үнсіз жүр. Сәлден кейін:
– Енді мен қайтемін, – деді. 
– Қайтушы едің туған әйеліңмен өмір сүресің, балаңды бағасың... 
келесісін тудырасың... 
Айқын өзінің аңқаулығын енді түсінгендей... ол бәрін біледі екен... 
– Ұлың немен ауырады?
– Туа біткен жүрек талмасы. 
– Қауіпті ме?
– 15 жасқа дейін ғана өмір сүреді екен. 
– Қазір қаншада?
– Бесте. 
– Сен қашан үйлендің? Мектепке келгеніңде ме... балаша егілгеніңде 
ме?... 
– Ия... 
– Неге айтпадың?
– Айта алмадым... Кешір... 
Айқын тағы жылады, бірақ бұл жолы еркекше көз жасын көрсетпеді. 
– Кешірдім... 
Әйел оның басынан құшақтады. Шашының өзіне таныс иісі сон-
шалықты ыстық, соншалықты сүйкімді сезіліп, өн бойына тарады. Бұл 
шынымен болған махаббаттың белгісі болатын. Егер махаббат нағыз 


18


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет