13
Тіршілік
теңің емес... Ойнап, күлдің... жетеді енді... Сондай арсыздар талай
еркектердің отбасын бұзып, түбіне жетіп жүр...
Жігіт қаланың шет жағында орналасқан
Салиханың мектебіне бет
алды. Ол «Сен он күн ғана білетін қызға үйлендің, мені он жыл білесің...
Өле – өлгенше менімен боламын дегенсің, мұның не?» десе не деймін?!
Мектептен жас мұғалім шығып келе жатыр екен, содан Салиханы
шақыртты. Келіншек сәлден соң-ақ шықты. Күздің қоңыр салқынынан
тітіркеніп, үлпілдек орамалына қымтана түскен түрі әйелдік нәзіктігін,
қорғансыздығын білдіргендей... Жігіттің көңілі құлазыды. «Қалай та-
стап кетемін?... Көзіне жас келді. Тіпті еңіреп,
көздерінен сорғалаған
жас еріксіз бірін-бірі қуалай кетіп жатты... Келіншек оның сырын
жақсы білетін. Аса көңілшек, тым мейірімді жігіт соңғы келмей кеткен
он күндік жолсапардан кейінгі сағынышын білдіріп тұрғаны ғой деп
ойлады. «Басын құшақтап, әдеттегідей қос омырауына басар еді, оған
мына
жерде болмайды ғой, әйтпесе...» деген ойдың артынша:
– Кешке келесің бе? – деді.
– Келем...
– Онда менің қосымша сабағым бар еді, кеттім...
Бұрылып ішке кіріп кетті. Ештеңені сезбеді. Ол әдетте Айқынның
ішкі жан тебіреністерін біліп қоюшы еді. Бұл жолы білмеді. Шынында,
неге келмеймін, келемін... Сонша жылғы қатынасты бір-ақ күнде үзу
оңайлыққа соқпас...
Кешкісін қолында сый-сияпаты бар Айқын Салиханың табалдыры-
ғын аттады. Әбден сіңісті болған әрекеттері тағы қайталанды. Бірақ,
түнгі он бір-он екілер шамасында Айқын қайтуға жиналды. Түсінбей,
қонып, таңертең бірақ қайтатын көңілдесінің әрекетіне таңырқай
қараған оның жүзінде сұрау тұрды.
– Анам ауырып қалыпты, қайтуым керек.
Осылайша оның анасы ұзақ ауырды. Бір жыл, екінші жыл... Мүмкін,
үлкен адам, ауырса ауырып жатқан шығар...
Енді Салиха оның қонбай
кетіп қалатынына да үйренді. Бара –бара аптасына екі күн ғана келетін
болды. Балалар өсіп келеді, туған әкелерінен қайыр жоқ.
Бір жолы Айқын жұмыс бабымен Ресейге кетіп қалды. Өйткені қыз-
меті өсіп, беделі үлкейіп келе жатқан. Бірнеше күннен соң Мәскеу ден
телефон шалды.
– Екі-үш күннен соң қайтамын..., – деді.
– Не дайындап қояйын, – деді Салиха.
– Менің не жақсы көретінімді білесің ғой...
– Ол жақта қалайсың?