7
Тіршілік
еңсені басқан уақытта нәзік жанды әйел емес, су астында малмандай
болып жүк артып келе жатқан атқа ұқсайсың. Сондай тепең тіршілікпен
он жыл өтті. Күйеуі заводта жұмыс істеді. Ал ондағы жұмысшылар
жұмыстан кейін міндетті түрде ішеді, Абдрахман да солай. Оған
жұмыста көңілді, ал үйде езу тартарлықтай ештеңе жоқ. Әйеліне өмір
бақи ақша жетпейді. Баласы да «ойнат» деп маза қоймайды. Ол болса
әбден шаршаған, баламен ойнамақ түгілі,
тамағын іше салып, диванға
жата кетеді. Не телевизор қарайды, не газет-журнал оқиды, сонан
соң ұйқыға бас қояды. Ол жұмысқа барып келеді. Жұмыс орнының
азын-аулақ жалақысын үйге әкеледі, ұйықтайды. Осы бір сарын-
мен келе жатыр. Тіршілікке бейімі аз, көмегі жоқ күйеуінің әрекетіне
қарсылық ретінде Салиха төсек қатынасынан бас тартатын.
Осының
бәрі Абдрахманның басқа әйелмен көңілдес болуымен тынды. Бұрын
үйге келіп ас ішіп, сосын ұйықтайтын. Енді ас ішіп кетіп қалатын бол-
ды. Ұрыс- жанжал басталды. Опасыз күйеуді қуып жібермек болып еді
анасы:
– Есіңнен адастың ба? Туған күйеуін кім бөтен біреуге бере салады?
– деді.
Салиха ойланып қалды. Дегенмен жүрегі тілім-тілім. Өзін ғана
сүйетін еркегінің енді басқаның тәнін құшып жүргенін елестетсе жын-
данып кете жаздайды.
Салиха бастауыш мектептің мұғалімі еді. Дәптер тексеру деген
әбден жүйкесіне тиетін жұмыстан тіпті мезі болды. Көз алдына басқа
әйелмен жатқан ері елестей жөнеледі. Айналасындағылардың
бәрі бұл
жайды білетін болуы керек, содан ұялады, жалғыздық жанын жейді.
Отбасын бекіту үшін жалғыз баламен болмай, тағы біреуін дүниеге
әкелмек болып шешті. Мүмкін сонда қояр жеңіл жүрісті әйелді. Сөйтіп
жүргенде екінші сәби дүниеге келді. Қыз. Ері бастапқыда қуанған
сияқты еді, бірақ сол өмірін өзгертпеді. Келеді, ауқаттанады, кетеді...
Негізгі өмірі көңілдестің үйінде...
– Жақсылап сабап, әкесін танытсам қайтеді? – деді ағасы Әкім.
– Білмеймін, – деген болатын Салиха.
Шындығында не істеу керек-
тігін білмей дал болып жүрген. Бір жағынан ұрып, тіпті ешкімге бұйыр-
майтын ғып өлтіртіп те тастағысы келетін. Дәл қазір тіпті оның қадірі
сезіліп тұр. Оның бойынан жақсы қасиеттерді көбірек көріп, сүйіс пен-
шілігі арта түсті. Осы он жыл бойы тек мұны жақсы көрген, енді өмір
бойы анаумен... яғни, бір әйел еркекке аздық ететін болуы керек...
Әкім бұның рұқсатын күтпей-ақ жолдасымен бірігіп, әбден ме-
стей ғып Абдрахманды сабап тастапты. Бәрінің нүктесі енді қойылды.