9
Тіршілік
– Кешіріңіз...
Атқарып отырған жұмысының мазасын алғанына көңілі қобалжыған
әйел абдырап отырып қалды. Тағы телефон бебеуледі. «Тағы сол бо-
лар» деп ойлаған Салиха ашумен жауап қатты.
– Әлеу...
Тұтқаның арғы жағында тұрған адам үндемей қалды.
– Бұл сіз бе? – деді Салиха.
– Ия, мен...
– Телефон станциясындағылар дұрыс қоспай тұрған болар, – деді
әйел.
– Енді не істесем екен?..
– Онда сіздің Айдынның телефонын айтыңыз.
Мен оған сізге хабар-
лас деп айтайын. Атыңыз кім?
– Айқын.
– Ол сізді біле ме?
– Ия. Ол менің туған ағам.
– Жақсы. Сізді Айқын іздеп жатыр деп айтамын. Қандай телефон?
– Менікі ме?
– Жоқ-а, сіздікін неғыламын? Айдынның телефоны...
Сонан соң келіншек Айдынның телефонын алып, жазып алған
нөмірге соқты.
– Сізді ініңіз іздеп жете алмай жатыр. Телефон соғыңыз.
– Сіз кімсіз?
– Мен байланысшымын...
Салиха тұтқаны қойды. Қайтадан тынышталып,
жұмысына кіріскені
сол еді, тағы шырыл естілді.
– Көп рахмет сізге, – деді Айқын.
– Жақсы...
– Атыңыз кім? – деді жігіт.
– Оны неғыласыз?
– Жәй, сізге үйреніп қалдым. Даусыңыз сондай жағымды екен...
Салиха жымиды.
– Көріссек қайтеді? Мысалы киноға кіріп дегендей...
– Сіз мені қайтып танымақсыз?
– Сіз қолыңызға газет ұстап тұрыңыз.
Шынында зерігіп отырған әйел көрсем көре салайын деген оймен
келісім берді.
– Сіздің жасыңыз қаншада? – деп сұрады Салиха.
– Жиырма алтыдамын.